Операциялық орындаушылық кезең
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Бұл сабақ жоспары оқушыларға кейбір сөздердің мағынасы бір-біріне қарама-қарсы болатынын түсіндіріп, оларды мәтін ішінен табуға және дұрыс қолдануға үйретуге бағытталған. Тақырыпты ашу үшін мысал, сұрақ-жауап, талдау және практикалық жаттығулар жүйелі түрде қолданылады.
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Әдістері
- Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекіліктік, талдау-жинақтау
- Көрнекілігі
- Сызбалар, үлестірмелі дидактикалық материалдар
- Жаттығулар
- 285–289
Сабақтың мақсаты
-
1) Түсіндіру
Оқушылардың сөз туралы алған білімдерін пысықтай отырып, кейбір сөздердің мағынасы қарама-қарсы болып айтылатынын түсіндіру.
-
2) Дұрыс қолдану
Сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқата отырып, сөздерді дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру және ой-өрісті кеңейту.
-
3) Табу және дамыту
Мәтін ішінен қарама-қарсы мағыналы сөздерді табуға үйрету, сөздік қорды молайту, көркем әрі шебер сөйлеуге баулу және сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау.
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
Парта бойынша тексеру.
-
3) Өткенді пысықтау
Дыбыс түрлері, сөйлем және сөз туралы алған білімдерін еске түсіру.
-
4) Мотивациялық-бағдарлау кезеңі
Мысалды оқи отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Бір күні көпірде екі лақ бір-біріне қарама-қарсы кездесіп қалады. Біреуі — ақ лақ, екіншісі — қара лақ. Екеуі де бір-біріне жол бергісі келмейді.
Сонда қара лақ былай дейді:
«Ей, ақ лақ, сен маған жол бер. Мен сенен үлкенмін. Мен қыста туғанмын, ал сен жазда туғансың. Сондықтан сен маған жол беруге тиіссің. “Үлкенге — құрмет, кішіге — міндет” дегенді білесің бе?»
Ал ақ лақ болса жол бергісі келмей былай депті:
«Жоқ, сенің жасың үлкен, менің жасым кіші болса да, мен сенен бойым ұзын, сенің бойың қысқа. Сондықтан мен неге саған жол беруім керек?»
Екеуі ұзақ айтысып тұрып алады. Ақырында екеуі де жол бермей, екі жаққа қайтып кетеді.
Талқылау сұрақтары
- Қай лақтың айтқаны дұрыс? Қайсысы жол беруі керек?
- Тақтадағы сөздердің осы мысалға қандай қатысы бар?
Негізгі жұптар
ақ — қара ұзын — қысқа жаз — қыс үлкен — кішіБұл сөздер бір-біріне қарама-қарсы мағынада айтылып тұр.
Тұжырым
Кейбір сөздер бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылады.
-
5) Операциялық-орындаушылық кезең
Кестемен жұмыс
- 1) Қант ... болады, бұрыш ... болады.
- 2) ... бала қуаныш, ... бала өкініш.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мағыналарын салыстыру.
285-жаттығу
Берілген мәтінді оқып, талдау жасау. Мәтін ішінен қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып, көшіріп жазу және олардың қарама-қарсы екенін дәлелдеу.
жақсы — жаманТапсырма соңында оқушылар өз қорытындыларын айтады.
286-жаттығу (мақалмен жұмыс)
Мақалды оқып, мағынасын ашу. Оқытудың бірнеше түрін қолдана отырып, мақал-мәтелді жаттату, жатқа көшіріп жаздыру және қарама-қарсы сөздердің астын сызу.
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пен жақынды жортқан білер. -
6) Сергіту сәті
Көжегім, тұршы — бетіңді жуғышы.
Айнаға қарашы — шашыңды тарашы.
Таза боп киінші — мектепке жүгірші.287-жаттығу
Берілген сөздерге сөйлемдер құрастыру: таза, лас, тар, кең.
Бұл сөздер қандай? Оларды қалай жұптастыруға болады?
288-жаттығу
Әр сөзге қарсы мағыналы сөз тауып, көшіріп жазу және дәлелдеу:
таза — ласарзан — қымбатжылы — суықмейірімді — қатыгезәлсіз — әлдітерең — саяз -
7) Рефлексиялық-бағалау кезеңі
Ойын: «Кім — кімге қарсы?»
Шарты: оқушылар шеңбер жасап тұрады. Қарама-қарсы тұрған балалар бір-біріне қарсы мағыналы сөздерді айтып береді.
Қорытынды сұрақтар
- Сөз неден құралады?
- Бүгін мағынасы қандай сөздер туралы білдік?
- Неліктен олар «қарама-қарсы мағыналы сөздер» деп аталады?
Жұптық жұмыс (карточкалар)
Үлестірмелі карточкалар арқылы жұппен жұмыс: әр карточкадағы сөздердің қарсы мағынасын тауып жазу.
-
8) Үй тапсырмасы
289-жаттығу.
-
9) Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, тапсырмаларды орындауы және жұптық жұмыстағы қатысуы ескеріледі.
Авторлар туралы мәлімет
Мекеме
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Б. Амалбеков атындағы ЖОББ мектебі
Бастауыш сынып мұғалімдері
- Сауытбаева Гүлжазира Серікбаевна
- Ибикенова Қарлығаш Қылышевна