Назарбаев оқушы кезі

Тәрбие сағаты (4-сынып)

Тақырыбы

Ғасырдың ғажап азаматы

Мақсаты

  • Қазақ халқының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы мәлімет беру.
  • Туып-өскен, оқып-білім алған және қызмет еткен жерлерімен таныстыру.
  • Оқушыларды Отанды сүюге, азаматтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Шығармашылық тапсырмалар
  • Суреттер
  • Ойын құралдары
  • ТСО: мультимедиа

Барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Әнұран орындау

Сабақ Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Армысыңдар, әріптестер және шәкірттерім! Қазақстан Республикасы 1990 жылғы 25 қазанда егемендігін жариялады. 1991 жылғы 16 желтоқсанда алған тәуелсіздікке биыл 19 жыл толады. Осыған орай ұйымдастырылған «Ғасырдың ғажап азаматы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

II. Кіріспе

Тәрбие сағатымызды «Қызық сұрақтар» ойынымен бастаймыз. Ортадағы партада сөздер, сұрақтар және тапсырмаларға сәйкес жауаптар жазылған парақтар болады. Әр топ өз тапсырмасының жауабын тауып, тиісті жеріне іледі. Соңында мағыналы сөз құралады.

Ойын: «Қызық сұрақтар»

Мақсаты

Оқушылардың шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

Шарты

Сынып 4 топқа бөлінеді. Әр топ берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жауап табады.

Тапсырмалар

Тақырып (көрнекілік) Әріп
1 Республика (Қазақстан картасы) Н
2 Тәуелсіздік (монумент) А
3 Желтоқсан (Қайрат Рысқұлбеков) З
4 Валюта (теңге) А
5 Рәміз (елтаңба) Р
6 Қала (Байқоңыр ескерткіші) Б
7 Білім ордасы (мектеп) А
8 Жаңбыр (кемпірқосақ) Е
9 1000 : 10 (өрнек) В

Қорытынды сұрақ

«Назарбаев деген кім?» — Елбасы.

Бүгінгі тәрбие сағатында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы әңгімелейміз.

III. Негізгі бөлім

«Ойлаушымен ой толады» айдары

Мақсаты

Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.

Шарты

Мультимедиа арқылы жасырын берілген суреттер бойынша мәтін құрастырылады. Экранда 4 сан беріледі: оқушылар біреуін таңдайды, астынан сурет шығады. Әр топ өз үстеліндегі конверттерден сәйкес материалды тауып, тақырыпқа сай қысқаша мәтін құрастырады.

Сурет тақырыптары

  • Назарбаев — ата-анасымен
  • Назарбаев — оқушы кезі
  • Назарбаев — шығармашылығы
  • Назарбаев — Елбасы

1-мәтін: Бала Нұрсұлтан

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол — Әбіш пен Әлжанның тұңғыш баласы. Нұрсұлтан деген есімді әжесі қойған.

Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Дегенмен Нұрсұлтан жастайынан еңбекқор болып өсті: мал бағып, бау-бақша өсіріп, отын жарып, ата-анасына көмектесті.

Негізгі ой

Еңбекқорлық, жауапкершілік және отбасына жанашырлық — болашақ тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды құндылықтар.