Махаббат лирикасы
Сабақтың тақырыбы
Абай Құнанбайұлы. «Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол...» өлеңі
Білімділік мақсаты
Абай ұлылығын терең сезіндіру; махаббат лирикасындағы өлеңдердің тақырыптық және көркемдік ерекшелігін меңгерту; жатқа айту мен өлең талдау машығын жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету; ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Эстетикалық талғамды қалыптастыру; поэзияға, саз өнеріне, бейнелеу өнеріне сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақ түрі
Жаңа бағдарлама бойынша топтық жұмыс.
Әдіс-тәсілдер
- Кең ауқымды дәріс
- Миға шабуыл
- «Алты телпек»
- «Түртіп алу»
Пәнаралық байланыс
Ән-күй, бейнелеу өнері.
Құрал-жабдықтар
Маркер, стикер, A3 қағазы, смайликтер, 6 телпек, интербелсенді тақта, слайдтар, буклет, кітаптар көрмесі, бағалау парағы.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Қызығушылықты ояту
- Ережемен таныстыру
- Оқушыларды ғашықтар есімімен топқа бөлу
1-топ
Еңлік — Кебек
2-топ
Ләйлі — Мәжнүн
3-топ
Қозы Көрпеш — Баян сұлу
4-топ
Қыз Жібек — Төлеген
Кіріспе ой
Абай шығармаларында отбасын құру, жар таңдау, әйел теңдігі, адал махаббат мәселелері ерекше орын алады. Экранға назар аударайық: «Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол...».
«Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол...» — таза махаббат сезімін қастерлейтін өлең. Ал «Мен сәлем жазамын...» — ғашыққа деген сағынышқа толы мұңлы лирика. «Қор болды жаным...» — сағыныш пен зар қатар өрілген, қайғы мен үміт араласқан шығарма.
Лирика туралы қысқа анықтама
Лирика — адамның көңіл күйін, қуаныш пен реніш сезімін білдіретін поэзия.
Лириканың түрлері
- 1.Табиғат лирикасы
- 2.Махаббат лирикасы
- 3.Философиялық лирика
- 4.Саяси лирика
- 5.Көңіл күй лирикасы
Бүгінгі тақырып — махаббат лирикасы.
Махаббат лирикасындағы көркемдік айырмалар
Абайдың махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан да, көркемдік шешімі жағынан да сан алуан.
«Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол...»
«Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол...»
Бұл өлеңде мейірім мен кешірім сарыны басым.
«Сен мені не етесің?»
«Серт бұзғаның, біл, орны — шоқ...»
Мұнда уәдеде тұрмаудың салдары қатал беріледі: лирикалық кейіпкер сүйгенін қимай, ескерту мен назды қатар айтады.
Өлшем ерекшелігі
«Сен мені не етесің?» өлеңінде әр шумақ ұзынды-қысқалы он төрт тармақтан құралады. Бұл өлшемді Абай басқа өлеңдерінде сирек қолданған. Жастарға, көпшілікке арналған өлеңдерінде ақын көбіне кең тараған жеті-сегіз буынды және алты буынды өлшемдерді таңдаған.
Тапсырмалар
1-тапсырма: «Сен білесің бе?»
Тақырып махаббат пен ғашықтыққа қатысты болғандықтан, топ атаулары да ғашықтар есімдерімен алынды. Сабақта «Көзімнің қарасы» бейнеролигі көрсетіледі.
Еңлік — Кебек
«Қақтаған ақ күмістей, кең маңдайлы»
Ләйлі — Мәжнүн
«Сен мені не етесің?»
Қозы — Баян
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
Қыз Жібек — Төлеген
«Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында»
Оқушылар ойларын жинақтап, постер қорғайды. Әр топ бір-біріне сұрақ қойып, білімін толықтырады.
2-тапсырма: Оқулықпен жұмыс («Түртіп алу»)
«Қақтаған» сөзінің мағынасы
«Қақта» сөзінің бірнеше мағынасы бар: 1) отқа қақтау; 2) күнге қақтау; 3) қақтап сауу және т.б. Бұл мәтінде сөз күмістен қақтап, тегістеп жасалған әшекей мағынасында қолданылады.
Абай өлеңдерінен қанатты сөздер (ауызша)
- Жігіттің құны — жүз жылқы, ары — мың жылқы.
- Жаным арымның садағасы.
- Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар.
- Арыңды жасыңнан сақта, ар — ақылдың сауыты.
- Ғашықтың тілі — тілсіз тіл.
- Қорлық өмірден ерлік өмір артық.
Миға шабуыл
Абай шығарған әндер мен аудармалар өз әуенімен халыққа кең тараған. Абайдың ғашықтық, махаббат туралы қандай әндерін білесіңдер?
Сабақты бекіту: «Алты телпек»
Әр телпек махаббат тақырыбына әр қырынан қарауға көмектеседі: факті, сезім, сын, шығармашылық, пайдалы тұс және қорытынды.
Ақ телпек
Махаббат несімен жақсы? Жағымды жақтарын атау.
Сары телпек
Ұнаған тұстарын айту. Абайша: «Махаббатсыз дүние бос».
Жасыл телпек
Шығармашылық ойлау: автор орнында болсам, ғашықтарды қалай тоғыстырар едім?
Қызыл телпек
Ішкі сезімді білдіру: махаббат туралы әсер мен эмоцияны айту.
Қара телпек
Кем тұсын айту: орынсыз жыртақтау, алдау-арбау.
Көк телпек
Сын және қорытынды: түсініксіз қалған жауаптарды талқылап, тұжырым жасау.
Бағалау және кері байланыс
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады. «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» сұрағына оқушылар смайликтер арқылы пікір білдіреді.
Үй тапсырмасы
«Сезімнің сыртқа шықпас күші бар ма?» тақырыбында ойтолғау жазу.
Рухани құндылық: сабақты қорыту
Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянатты білгіңіз келсе — Абайды оқыңыз.
Өмір мен өлім, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе — Абайды оқыңыз.
Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясына үңілгіңіз келсе — Абайды оқыңыз.
Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы толғанғыңыз келсе — Абайды оқыңыз.
Бұл сабақтың өзегі — Абай лирикасы арқылы адал сезім, жауапкершілік және адамдық асыл қасиеттер туралы ойды тереңдету.