Алғырлар Ойын кезеңдері

Сайыстың тақырыбы

«Талапты да, талантты оқушылар» интеллектуалды ойыны.

Сайыстың түрі

Интеллектуалды ойын.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Әртүрлі сұрақтар мен тест тапсырмалары

Ойыншылар

2-сынып оқушылары.

Мақсаты

  1. 1 Оқушылардың жан-жақты білімін тексеру және пысықтау.
  2. 2 Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту; әртүрлі пәнге қызығушылығын және шығармашылық қабілетін арттыру.
  3. 3 Тапқырлыққа, тез ойлауға және ортада өз ойын еркін талқылауға баулу.

Сайыстың барысы

1-жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қадірлі оқушылар! Бүгін 2-сыныптар арасында өтетін «Талапты да, талантты оқушылар» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!

Қош келдіңіз, талантты да тапқырлар,
Танытатын білімдерін сан қырдан.
Бүгінгі күн күтіп отыр сіздерді,
Көрінер деп бәйгенің биік шыңынан!

Қош келдіңіз, көрермені сайыстың,
Жанашыры болыңыздар бұл істің.
Бастан-аяқ қошеметпен қатысып,
Талантты мен талаптыны табайық!

Ендеше, ең талантты оқушыларды қарсы алыңыздар!

Оқушылар (хормен)

Талантты да талапты оқушымыз,
Білімді ой-санаға тоқушымыз.
Білімге иек артып сайысуға,
Сайыстың төріне біз келіп тұрмыз!

2-жүргізуші

Бірі артып сыныбының намысын,
Бірі арқалап қоғамдағы жұмысын,
Бірі салар өз өнерін ортаға,
Өз ойына сенім артып, ойнайды.
Енді бірі — көркем сөздің шебері.

Шалқып отыр бүгінгі күн кемелі,
Білімінің бүгінгі күн жемісін
Келіп тұр-ау бұлардың да көргісі.

Ендеше, ойынымызды бастаймыз.

Қатысушы топтар

1) «Тапқырлар»

Топ атауы — ойы жүйрік тапқырлар,
Жарыс көрсе күш-қуаты жалындар.
Логикалық тапсырма шешуде,
Алдыңғы топ қатарынан табылған.

Ұраны

Тапқыр болу — ізгі арман, мұратымыз,
Талмасын әрдайым да қанатымыз!

2) «Алғырлар»

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар,
Білімді санасына тоқушылар.
Білімімен, өнерлерін ортаға салып,
Шықты міне, «Алғырлар» атты сайысшылар.

Топ атын «Алғыр» қойған алғырлармыз,
Шетімізден білімді балғындармыз.
Топ жарып, алға шығып озып жатсақ,
«Бұл қалай болды екен?» деп таң қалмаңыз.

Ұраны

Нақты жауап, саналы шешім береміз,
Ұшқыр ой мен білімімізге сенеміз!

Қазылар алқасы

Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,
Әділқазы бағасына жүгінейік.
Сайысқа баға беріп, сөз айтатын,
Қазыларға төрден орын берейік!

Қазы

Бибігүл апай

Қазы

Айжарқын апай

Қазы

Салтанат апай

Ойын кезеңдері

  1. 1 Таныстыру: «Мыңның жүзін білгенше — бірдің атын біл»
  2. 2 «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» — жұмбақ шешу
  3. 3 «Өнер алды — қызыл тіл» — мақал-мәтел сайысы
  4. 4 Кім көп біледі?
  5. 5 Ойлан, тап!
  6. 6 Ана тілі
  7. 7 Қазақ тілі
  8. 8 Математика
  9. 9 Дүниетану

1-кезең: Таныстыру

«Мыңның жүзін білгенше — бірдің атын біл».

Алғашқы кезең — таныстыру. Қатысушылармен жақынырақ танысып, бір-бірімізге қолдау білдірейік. «Екі жұлдыз, бір тілек» — ізгі ниет пен қошеметке толы сәт.

2-кезең: «Білегіңе сенбе, біліміңе сен»

Жұмбақ шешу

Сөз мәйегін жұмбақпен өрнектеген,
Астарын сөз бұйдалап суреттеген.
Ұшқыр ой қиялына жетелейтін —
Жұмбақ шешу кезеңіне кезек берейік.