Әдепті бала - арлы бала

Сабақ тақырыбы

Әдепті бала – әдемі бала

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер

Сөздер, мақал-мәтелдер, суреттер, слайд, күнтізбе

Сабақ мақсаты

  • Әдептілік туралы түсінік қалыптастыру.
  • Кішіпейілділікке, сыпайылыққа, биязылыққа және әдептілікке тәрбиелеу.
  • Сөздік қорды және танымдық қызығушылықты арттыру.

Мотивациялық кезең

Сәлемдесу және әңгімелесу

Сұрақ-жауап жұмысы жыл мезгілдері тақырыбындағы суреттер арқылы жүргізіледі:

  • Қазір қай мезгіл? (Ерекшеліктерін атап, көмектесе отырып еске түсіру)
  • Көктемнің нешінші айы?
  • Екінші айы қалай аталады?
  • Бүгін сәуір айының нешесі?
  • Аптаның қай күні?

Тілек-шумақ

Армысың, жылы Күн!

Армысың, көк аспан!

Күніміз жарық болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Нанымыз көп болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Ізденіс және ұйымдастыру

Сабақ барысында «хат» келіп, оның ішінде бірнеше тапсырма ұсынылады. Әр тапсырма оқушылардың әдептілік туралы түсінігін тереңдетуге бағытталған.

1-тапсырма: Тақпақтарды тыңдау және талқылау

1. Атам маған әрқашанда,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.

2. Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің,
Сәлемдесіп қол берем.

3. Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен кісі жұмсаса,
Қайда болсын барамын.

4. Ата менен ананың,
Айтқан тілін аламын.
Үлкендерден содан да,
Ылғи алғыс аламын.

5. Төсекті өзім жинаймын.
Ешкімді де ұрмаймын.
Ешкім маған тимейді.
Мен де бәрін сыйлаймын.

2-тапсырма: Мақал-мәтелдерді оқу және талдау

  • 1. Әдепті бала – арлы бала. Әдепсіз бала – сорлы бала.

  • 2. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

  • 3. Көргенді бала – жол сілтейді, көргенсіз бала – қол сілтейді.

Сергіту сәті

Жай оң қолыңды оң жаққа,
Жай сол қолыңды сол жаққа.
Екі қолды белге ұстап,
Алға қарай бір аттап,
Артқа қарай бір аттап,
Қос аяқпен топ-топ,
Алақанды соқ-соқ.

3-тапсырма: Тыйым сөздерді айту

Күнделікті өмірде сақталатын әдеп ережелері мен тыйым сөздер:

  1. 1. Үйге жүгіріп кірме.
  2. 2. Біреудің кемтарлығына күлме.
  3. 3. Құстың ұясын бұзба.
  4. 4. Құмырсқаның илеуін бұзба.
  5. 5. Жалғыз ағашты шаппа.
  6. 6. Суға түкірме.
  7. 7. Гүлді жұлма.
  8. 8. Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе.
  9. 9. Нанды аяқтың астына тастама.
  10. 10. Босағаны керме.

4-тапсырма: Ойын — «Әдептілік ағашы»

Оқушылар «әдептілік ағашынан» сиқырлы жемістерді тереді: әр алмада күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылатын сыпайы сөздер жазылған.

Сәлеметсіз бе Сау болыңыз Рахмет Кешіріңіз Ризамын Рұқсат па?