Қосындыны санға көбейту

Сабақ тақырыбы және жалпы мәлімет

Тақырыбы

Қосындыны санға көбейту.

Сабақ түрі мен типі

Түрі:
Ойын сабақ.
Типі:
Білім, білік, дағдыларды тиянақтау және жүйелеу.

Мақсаты

Білімділік

Оқушылардың қосындыны санға көбейту туралы білімдерін бекіту және пысықтау.

Дамытушылық

Логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын, өз бетінше жұмыс жасауын және есте сақтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Патриотизмге, білімпаздыққа, ізденімпаздыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Слайд тапсырмалары
  • Интерактивті тақта

Әдістері

  • Жеке жұмыс
  • Өзіндік жұмыс
  • Ұжымдық жұмыс

Пәнаралық байланыс

  • Ана тілі
  • Дүниетану

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптағы жұмыс ырғағын қалыптастыру.

II. Психологиялық дайындық

Сұрақ

Балалар, бір-бірлеріңе қандай жақсы тілектер айтар едіңдер?

Үлгі жауаптар

  • Мен саған ашық аспан тілеймін.
  • Мықты денсаулық тілеймін.
  • Бақыт тілеймін.
  • Нұрлы күн тілеймін.

Нұрлы күннің сыйы ретінде сыныпқа сиқырлы сандықша келді. Сандықшаны ашып, ішінде не бар екенін білу үшін жұмбақты шешейік.

Жұмбақ

Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап.

Жұмбақтың шешімінен кейін сандықшадан бүгінгі сабақтың жоспары шығады. Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді: осы жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Сабақ жоспары

  1. 1 Бәйге
  2. 2 Жұмыла көтерген жүк жеңіл
  3. 3 Білгенге маржан, білмеске арзан
  4. 4 Бойы сергектің, ойы да сергек
  5. 5 Еңбек түбі — береке
  6. 6 Қызықты есептер