Алғырлар тобы және Тапқырлар тобы

«Тапқыр болсаң, тауып көр» сайысы: сабақ жоспары

Бұл сабақ сайыс форматында өткізіледі. Негізгі идея — оқушылардың ойлау жылдамдығын арттырып, топпен жұмыс істеу дағдысын нығайту және жауапкершілікке баулу.

Мақсаты

  • Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын және оқуға ынтасын арттыру.
  • Дамытушылық: топпен жұмыс істеуін, логикалық ойлауын, ұйымдастырушылық және іскерлік қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке және өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.

Сабақ туралы

Көрнекілігі
Интерактивті тақта
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Стратегиялар
Кубизм, топтастыру (сайыс түрінде)

Сайыс ережесі

Сайыс екі топ арасында өтеді. Әр кезеңде қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Белсенді болып, дұрыс жауап берген топ баспалдақ шыңына тез жетіп, жасырын сөзді табады (сурет құрастыру арқылы).

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдеседі. Содан кейін бір-бірінің қолынан ұстап, алақан жылуы арқылы жылы лебіз айтады:

  • Бақытты бол!
  • Денсаулығың мықты болсын!
  • Ел мақтанышы бол!
  • Еңбектің тәтті нанын сезіне біл!
  • Жетістіктерге жете бер!
  • Үнемі адал бол!
  • Жүздеріңнен күлкі кетпесін!

II. Топқа бөліну

Әр топ өз басшысын сайлайды. Оқушылар қалаған фигурасын таңдап, екі топқа бөлінеді: «Алғырлар» және «Тапқырлар».

«Алғырлар» тобының ұраны

Алғырлармыз, дарынбыз,
Таң қалдырар бәрін біз.
Математика сайысына,
Ерекше бүгін дайынбыз.

«Тапқырлар» тобының ұраны

Тапқырлармыз, кеніміз,
Есепке жүйрікпіз — сеніңіз.
Әрқайсымыз тұлғамыз,
Мақтан етер еліміз.

I кезең. Ойнайық та, ойлайық

Жаңылтпаштар (Алғырлар тобына)

  • Семіз сегіз серке,
    Сегізі де ерке.
    Сегізі де, семізі де — сегіз.

Жұмбақ есеп (Алғырлар тобына)

Он саулықтың ақпанда
Егіз туды жетеуі.
Қырға көшіп жатқанда
Жылқы туды екеуі.
Тағы бір тұсақ бар,
Қысыр қалды ол бірақ та.
Біздің үйде ұсақ мал
Жетті неше тұяққа?

Жауабы: 10 + 7×2 + 2 = 26

Жаңылтпаштар (Тапқырлар тобына)

  • Бес түп алма —
    Бестік алғандікі,
    Төрт түп алма —
    Төрттік алғандікі.

Тез есепте (Тапқырлар тобына)

Нанбасаңыз, кеп сұраңыз —
Біз ауылда тұрамыз.
3 Ардақ, 2 Бауыржан,
5 Медет, 2 Сабыржан,
2 Айша, 2 Самат,
3 Айгүл, 2 Мамыржай.
Тез есепте, дәл сана —
Сонда біздер қаншамыз?

Жауабы: 3 + 2 + 5 + 2 + 2 + 2 + 3 + 2 = 21

II кезең. Қиялымды шыңдаймын

Мақал-мәтел сайысы: берілген мәтіндегі сандарды дұрыс әріптермен алмастырып, мақал-мәтелді қалпына келтіру.

Алғырлар тобына

  1. Піл к3ті, піл к3ті емес, тіл к3ті
    (Дұрысы: Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті.)
  2. 6н балдақ — қол сәні, әшекей кесте — т10 сәні.
  3. 7 атасын білмеген…

Тапқырлар тобына

  1. 1-еу тойып секіреді, 1-еу тоңып секіреді, 1-еу білгенді, 1-еу біледі.