Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі

Сыныбы: 7

Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (СТО: 48-бет; «Диалогтік оқытудың маңыздылығы»: 38-бет)

Сабақтың тақырыбы

М. Әуезов — «Көксерек» әңгімесі

Жалпы мақсат

  • Әңгіменің идеясын жан-жақты талдау арқылы ашу; адам мен көк бөрінің іс-әрекеттерін саралап, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе-теңдікті сақтауы керектігін түсіндіру.

  • Қасқырдың тағылық жолға түсуін суреттеудегі жазушы шеберлігін таныту.

  • Оқушылардың өз ойын жүйелі жеткізуін, сөйлеу мәдениетін және көркем жазу дағдыларын дамыту.

  • Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз бетімен жұмыс істеу, бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын жетілдіру.

  • Интерактивті байланысқа сүйенген топтық жұмыс арқылы бірлесіп білім алуға жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже және түйінді идеялар

Оқытудың нәтижесі

  • Топтық жұмыс барысында өз ойын еркін жеткізеді.
  • Бірлесіп жұмыс істеу мәдениетін меңгереді.

Түйінді идеялар

  • Топтық жұмыста өзін-өзі реттеуді үйренеді.
  • Диалогке түсу арқылы күмәнді жауаптарын нақтылап, түзетеді.

Психологиялық ахуал: психогеометриялық диагностика

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр пішін белгілі бір мінез-құлық ерекшелігін сипаттайды.

Квадрат

Төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық басым. Ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілеті жоғары. Үздік әкімшілік-басқарушылық дағдыларға бейім.

Шеңбер

Адамгершілігі жоғары. Тыңдай біледі, қуаныш пен қиындықты бөлісуге дайын. Өзгенің ауыртпалығына жәрдемдесу қабілеті қалыптасқан.

Үшбұрыш

Көшбасшылық қасиет тән. Мақсатқа жету үшін мүмкіндіктерін толық пайдаланады. Өзіне сенімді, нәтижеге ұмтылысы жоғары, беделді болуға бейім.

Сабақ барысы

I. Қызығушылықты ояту

Жеке + жұптық жұмыс

Тірек ұғымдар:

Қасқыр · Табиғат · Адамзат

Берілген сөздерді суреттермен байланыстырыңыз.

Шығармашылық тапсырма

Берілген сөздерден өлең құрастырыңыз:

Анасы оның тіршіліктің баласы бір бөлшегі Жаратқан адамзатты сен де махаббатпен сүй ғажапты ұлы

II. Мағынаны тану

Топтық жұмыс

Венн диаграммасы

Төмендегі жұптарды салыстырып, ортақ және ерекшелік белгілерін жазыңыз.

Квадрат тобы

КөксерекАуыл өміріТағылық өмір

Шеңбер тобы

АдамҚасқыр

Үшбұрыш тобы

АққасқаКөксерек

III. Ой толғаныс

Рефлексия + жазылым

Екі жақты түсініктеме күнделігі

Мәтіннен қатты әсер еткен тұстарды белгілеп, өз пікіріңізді негіздеп жазыңыз.

Мәтіннен әсер еткен тұстар

  1. 1 Адамдардың қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі.
  2. 2 Құрмаштың күшікті бағып алуы және оған «Көксерек» деп ат қоюы.
  3. 3 Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап ұлуы.
  4. 4 Ауылға шабуы және Құрмашқа шабуыл жасауы.
  5. 5 Әжесінің қайғысы және Құрмаштың қазасы.

Өз пікірің

Табиғат-ананың тыныштығын қатыгез адамдар бұзды; жазықсыз күшіктерді өлтіру — қате әрекет.

Құрмаштың таза көңілді, мейірімді жан екенін аңғардым.

Қасқыр — табиғаттың бір бөлшегі; ол әрқашан өз табиғатына сай әрекет етеді. Көксеректің қатыгезденуіне адамдардың өздері себеп болды: ол — санасыз тағы, өшпенділікке итермеленген жыртқыш.

Негізгі түйін

Тіршіліктің құтты қонысы, алтын ұясы, талбесігі — табиғат. Оны аялау — ортақ міндет.

Сергіту сәті (логикалық сұрақтар)

1) Бір жүз екі құлақ — неше адамның құлағы?

2) Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды?

Жауабы: Түйеқұс ұшпайды.

«Рұқсат етілмейтін түстер» ойыны

Ережелер

  • Ойын барысында ақ және көгілдір түстерін айтуға болмайды.
  • Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды.

Сұрақтар

  • Шөптің түсі қандай?
  • Аспанның түсі қандай?
  • Күнбағыстың жапырақтарының түсі қандай?
  • Күзде жапырақтың түсі қандай болады?
  • Күннің түсі қандай болады?
  • Қардың түсі қандай?
  • Теңіздің түсі қандай?
  • Құрбақаның түсі қандай?

Үлгі жауаптар

  • Жасыл
  • Көк
  • Шөптің түсі сияқты
  • Сары
  • Қызыл, күрең қызыл
  • Жарқыраған
  • Қайың түстес немесе теңіз толқындарының түсімен бірдей
  • Батпақ түстес

IV. «Дөңгелек үстел»

Қорытындылау

«Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша топ мүшелері сұрақтарға жауаптарын бірлесіп жинақтап жазады. Әр топтан бір оқушы жұмысты қорғайды.

  1. 1 Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
  2. 2 Адамдардың бөлтірікке жасаған іс-әрекетіне қалай қарайсыз?
  3. 3 Әңгіменің идеясы қандай?
  4. 4 Көксерек Құрмашпен неліктен тез тіл табысты?
  5. 5 Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
  6. 6 Құрмаштың өліміне кім кінәлі?

Үй тапсырмасы

Композициялық жоспар бойынша сурет салыңыз.

Композициялық элемент Композициялық жоспар
1 Оқиғаның басталуы Қараадыр табиғаты. Қасқырлар мекені.
2 Оқиғаның байланысы Адамдардың шабуылы. Көксеректі асырауы.
3 Оқиғаның дамуы Көксеректің ауыл тіршілігін жатсынуы.
4 Оқиғаның шиеленісуі Көксеректің өз қандастарына қосылуы.
5 Оқиғаның шарықтау шегі Көксеректің жойқын күшке айналуы.
6 Оқиғаның шешімі Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы.

Бағалау

Бағалау топ басшыларына берілген бағалау парағы бойынша жүргізіледі.

Рефлексия: INSERT кестесі

Білемін

Бұрыннан таныс ақпарат

Білдім

Жаңа мәлімет

Білгім келеді

Зерттегім келетін сұрақ

?

Түсініксіз/нақтылауды қажет етеді