Әнұранның авторларын ата

Сабақ тақырыбы

«Менің туым» (Б. Үсенбаев)

Сабақ типі

Жаңа білім беру

Сабақ түрі

Саяхат сабақ

Әдіс-тәсілдер

Ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаты

Білімдік

  • Өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
  • Оқығанын жүйелі түрде баяндауға қалыптастыру.
  • Өлеңдегі ақынның негізгі ойын түсіндіру арқылы оқушыларды ел рәміздерін құрметтеуге үйрету.

Дамытушылық

  • Сөйлеу тілін және мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы ойын еркін айтуға, қиялы мен арманын жүзеге асыруға жетелеу.

Тәрбиелік

  • Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
  • Өз елін, жерін қорғай білуге баулу.
  • Ел рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы алғаш көріп қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • «Желтоқсан тағылымы» өлеңін жатқа айту.

III. Жаңа сабақ

Ой қозғау

Қазақстан — тәуелсіз мемлекет, егемен ел. Алайда бұл деңгейге жету үшін халқымыз сан түрлі қиын кезеңдерді бастан өткерді. Тәуелсіздік жолындағы талпыныс жылдар бойы жалғасты. Бір сәтке өткенге көз жүгіртейік: бейнематериал («Желтоқсан көтерілісі»).

Бүгін біз Қазақстанның астана болған қалаларына саяхат жасаймыз.

1-аялдама: Қызылорда

1925–1929 жылдары астана

Сұрақ-жауап (үзінді ойыны)

  • Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
  • Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
  • Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
  • Тұңғыш Президент қашан сайланды?
  • Тұңғыш Президенттің аты-жөні кім?
  • Ел рәміздері қашан қабылданды?
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
  • Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер?
  • Әнұранның авторлары кімдер?
  • Мемлекеттік Тудың авторы кім?

2-аялдама: Орынбор

1920–1925 жылдары астана

Мағынаны тану

Ел рәміздерінің үлгілері мен авторлары туралы мәлімет беріледі.

Мемлекеттік Ту: мағынасы мен белгілері

Автор
Суретші Шәкен Ниязбеков
Түсі
Көк — ашық аспан мен тыныштықтың белгісі
Күн
Өмір мен нұрдың нышаны; сәулесі баршаға ортақ жылулықты білдіреді
Қыран
Еркіндік пен биіктіктің символы; егемен елдің асқақ рухын бейнелейді
Ою-өрнек
Қазақ халқы мәдениетінің көрінісі
Пішіні мен қолданылуы
Ту — тік төртбұрышты (2:1). Ол үкіметтік ғимараттарда, мемлекеттік мерекелерде, спорттық жарыстарда және халықаралық іс-шараларда көтеріледі.

Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Жаңа сөздер

«Шоқтығым», «таңдай қаққан», «шартарап», «сыңармын», «тыныштықтың деміндей» тіркестерінің мағынасын түсіндіру.

3-аялдама: Алматы

1929–1997 жылдары астана

Алматы — мәдениет пен өнердің, білімнің орталығы. Медеу спорт кешені — республика мақтанышы. Қалада көптеген жоғары оқу орындары, театрлар, концерт залдары мен кинотеатрлар бар. Тәуелсіздіктің белгісі ретінде Алтын адамның мүсіні де ерекше назар аударады.

Өлеңге талдау

  • Өлең сендерге қандай сезім сыйлайды?
  • Қазақстанның Туын сипаттап беріңдер.
  • Өлең мазмұнына сай қандай сурет салуға болады?

Оқушыларға мәнерлеп оқу және теріп оқу тапсырмалары беріледі.

IV. Қорытындылау және бекіту — 4-аялдама: Астана

1997 жылдан бері елорда

1997 жылы саяси, экономикалық және халықаралық жағдайларға байланысты республиканың бас қаласы Ақмолаға көшірілді. Есіл жағасында Президент сарайы, Парламент ғимараты, Еуразия университеті және өзге де сәулетті нысандар бой көтерді. Парламент үйі алдындағы Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткіштері халықты болашаққа бастағандай әсер береді. Ақ барыс мүсіні — жас Қазақстанның XXI ғасырдағы жарқын болашағының символы. Бәйтерек — ашылып келе жатқан қызғалдақтай ел үмітін бейнелейді.

1-топ: Өлең жолдарын жалғастыру

  • ... күлімдеп, (Күн шықты)
  • ... әлемге. (Шуағын шашып)
  • ... гүлденді, (Қазақ елі)
  • ... бар елге. (Танылды енді)

2-топ: Сурет салу

Өлең мазмұнына сай иллюстрация салу.

3-топ: Мақал-мәтелдер

Отан, ел, жер туралы мақал-мәтелдер айту.

Қорытынды кесте (әңгімелеу)

Өлең атауы

«Менің туым»

Авторы

Б. Үсенбаев

Не туралы?

Мемлекеттік Ту, елдік рух, тәуелсіздік

Ту белгілері

Көк түс, күн, қыран, ою-өрнек

Не үйрендік?

Өлеңді мәнерлеп оқу, ойды жүйелі жеткізу, ел рәміздерін құрметтеу

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен белсенділігі негізінде бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

  • Өлеңді жаттап келу.
  • Көрші мемлекеттердің туларының суреттерін жинау.