Ұстазыңды ұлықта
Шәкірттің ұстазына құттықтау тілегі
Дейді солай әкеміз:
"Ұстазыңды ұлықта!".
Дейді солай анамыз:
"Сыйлауды әр кез ұмытпа!".
Берген білім бұлағын,
Оятқан әр күніңді.
Мерекеңіз, мұғалім,
Құтты болсын бүгінгі!
Жүздік нұрлы кемеде,
Білім жолдың бәрі - күн.
Сізден алдық өнеге,
Сізден алдық тағылым.
Ізгіліктің қандайын,
Осы жолдан тапқаным.
Дейсіз бізге әрдайым:
"Әр шәкіртім - мақтаным!"
Көріп соның жемісін,
Жаныңыз да нұрланған.
Еткен еңбек ел үшін
Қол бұлғасын шыңдардан!
Ұялайсыз зейінге,
Тілекшіміз бәріміз.
Шәкіртке әр кез сүйін де,
Тек құрмет көріңіз!
Дейді солай әкем де:
"Ұстаз күнін ұлықта!".
Дейді солай анам да:
"Құттықтауды ұмытпа!".
Дейді солай бәрі де
Ұстаз берер тағылым.
Адамдардың бәріне
Сіңірген деп тәлімін.
Үлгі тұтқан білімді,
Тербеп жанның құштарын.
Мерекеңіз бүгінгі
Құтты болсын, ұстазым!
Қожабақы мектебі
Бойында ұлылықтың жатқан ізі,
Келешек ғасырға да мақтан - ісі.
Шуақты, шежірелі тарихы бар
Мектебім - ауылымның мақтанышы.
Сырға толы өткені,
Ізгіліктің көктемі.
Білімге кең жол ашқан -
Қожабақы мектебі.
Шашқызып шәкіртіне жүрек кенін,
Оятқан ізгілікке жүректерін.
Бұл күнде ел біледі, құрметтейді
Мектептің мақтанышы - Түлектерін.
Сырға толы өткені,
Ізгіліктің көктемі.
Білімге кең жол ашқан -
Қожабақы мектебі.
Білімнің бағалаған нарқын ұям,
Сақтаған дәстүрлерін, салтын ұям.
Болашақ ғасырларға шуақ шашып,
Жайнай бер мәңгілікке, алтын ұям!
Өлеңдердің авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
АЛЛАҺУ ӘКБАР айту мәні
Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Ұлттық күнтізбеңді ұлықта, қазақ!
Ислам дінінің негіздері
Ақыл ой тәрбиесі
Әл-Фараби, Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұни
Сайлаушылардың сайлау алдындағы көңіл күйлері
Қазақ тіліндегі теңеулердің жасалу жолдары
Үнді философиясы
Электрондық оқулықтарды пайдалану
Оқу процесінде гипермәтіндік электрондық оқулықтарды енгізу
Орта мектептегі информатика оқулықтарына талдау
азiрде әдебиет оқулықтарының олқы соғып жатқан тұстары хақында сөз етушiлер, қалам тербеушiлер аз емес
Саулықтардың көп төлдігін жоғарлату әдістері
ЖОО химия пәндері оқулықтарының мазмұндық сабақтастығы
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар
Саулықтар мен ешкілерді ұрықтандыру техникасы
Ыбырай Алтынсаринның оқулықтарындаға оқу - тәрбие мәселесі
Оқулықтарға қойылатын талаптар