Қырық қазына


Қырық қазына интеллектуалды ойыны
Ойында 3 топ арасында сайыс түрінде өткізіледі.
Қазақ халқы ежелден есепке жүйрік, логикалық ойлауға бейім, әр сөзі жұмбаққа толы халық екені мәлім. Соның жалғасы ретінде білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз дегендей бүгінгі кеште Атажұрт ойыны негізін басшылыққа ала отырып, сайыскерлердің білімін, шапшаңдығын, тапқырлығын зерделеу мақсатымыз. Ойын басталмас бұрын әділ қазы алқасы сайланады.

Сайыстың өту барысы:
Өткел бөлімі. Топ басшылары бақ сынасады. - 20 ұпай
Белес бөлімі. Топ мүшелері сайысады. - 25 ұпай
Бекет бөлімі. Жанкүйерлер сайысы. - 40 ұпай
Асу бөлімі. Сурет - сұрақ. - 50 ұпай
Қырық қазына . Ұяшық ашу. - 50 ұпай

Өткел бөлімі:
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
Қандай үшбұрыштың биіктіктері оның бір төбесінде қиылысады?
86 санын жазу қолданбай - ақ 12 - ге арттыр.
Санау үшін қолданылатын сандар атауы.
100 жыл басқаша қалай аталады?
Түмен нені білдіреді?
Сандар қандай таңбалар арқылы беріледі?
3 теңгенің біреуі жалған және ол қалғандарынан жеңіл. Қос табақшалы таразымен жалған теңгені неше рет өлшеу нәтижесінде табуға болады?
9 теңгенің біреуі жалған және ол қалғандарынан жеңіл. Қос табақшалы таразымен жалған теңгені екі рет өлшеу нәтижесінде қалай табуға болады?
Әкесі ұлынан 20 жас үлкен, ал ұлы әкесінен 5 есе кіші. Олардың әр қайсысы нешеде?
Арайдың жаңғағынан Мерейдің жаңғағы 2 есе, ал Ғабиттың жаңғағы 3 есе көп. Барлығы 72 жаңғақ болса, әрқайсысында қанша жаңғақ бар.
Екі санның қосындысы 48 - ге, ал бөліндісі 3 - ке тең. Бұл қандай сандар?
Параллелипипедтің қанша жағы бар?
Трапеция қандай мағынаны білдіреді?
Ұзыны 5 см, ені 20мм төртбұрыштың ауданын тап
Бір жұмыртқа төрт минутта піседі. Бес жұмыртқа ше?
Кластағы 25 оқушының қолөнер үйірмесіне 12 - сі, ал жүзу үйірмесіне 10 - ы жазылған. 3 оқушы бұл үйірмелердің екеуіне де қатысады. Үйірмеге қатыспайтыны нешеу?

Белес бөлімі:
Ақын жанды болмасам, математик те болмаған болар едім деп айтқан орыс математигі кім?
Көмек:
Оның математик болуына көмектескен жарға т. с қағаздың жетіспесіне жапсырылған математиканың беттері әсерін тигізіпті
Ең алғашқы әйел математик. (С офия Ковалевская)
деген сөзді айтқан математик кім?
Көмек:
Ол шығыс математигі, музыкант, ақын, дәрігер.
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. (Әбу - Насыр - әл - Фараби)
Мәскеу университетінің оқытушысы Мемлекеттік, Лениндік, Ғылым академиясының, Чебышев, Лобачевский және халықаралық Вольфан Вольф сыйлығының иегері, Социалистік еңбек ері орыс математигі кім?
Көмек:
Математиканы өте ерте бастаған. Мектеп оқулығының авторы.
(Андрей Николаевич Колмогоров).
Ең алғашқы 8 разрядты сандардың қосындысын табатын машинаны жасаған кім?
Көмек:
Әкесінің ауыр жұмысын жеңілдету үшін 19 жасар өнер тапқыш 1641 жылы жасап шығарған екен.
Гидро, аэростатикада арнайы заңы бар.(Блез Паскаль).
Миллион сөзін қазақ даласына жеткізген ағартушы.
Көмек:
Дала қоңырауы - атанған адам.
1879 жылы Орынборда оқулығы арқылы таратқан екен.(Ыбырай Алтынсарин).
Ең алғашқы вертолеттің жобасын салған, математика, физика, астрономия, геология, адам және жануар физиологиясымен, химиямен айналысқан, бірақ аты басқа жетістігімен таныс болған адам.
Көмек:
Әйгілі суретші.(Винчи).
Бекет бөлімі:
Шахерезада санын ата. Қандай ерекшеліктері бар?
1001=7*11*13, 1001*622=622622
50 - ді 1 2 - ге бөліп 3 - ті қос, нәтижесі неге тең?
Екі санның қосындысы 8 - ге, айырмасы 2 - ге, ал көбейтіндісі15 - ке тең. Олар қандай сандар?

Асу бөлімі: Қырық қазына 14 терезе ілінеді. Сайыскер топ ұяшық таңдайды.
Түлкісің аярлыққа бермейтін дес,
Көрейін сенде қанша ақыл мен ес.
Балапан, көжек санын өзің тапшы
Аяқтары - 94, басы - 35.
Құпия сөз. Қандай сөз жасырылған: 134 16 313 1634 Е - 1, С - 6, І - 4, К - 3.
Екі тауық екі күнде жұмыртқа туады. Төрт тауық төрт күнде қанша жұмыртқа туады?
Бір жылда қанша жексенбі бар?
Бір бай үш жыл малай жұмсап, оның ақысына бір бұзау, он екі лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн - жосықсыз аямай жұмсағанына шыдай алмай екі жылдан кейін кетпек болады. Бай малайға бір бұзау, алты лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?
Теңдік орындалатындай етіп, цифрлар арасына қосу таңбасын қойыңдар. 4 4 4 4 4 4 4 4 4=500.
1, 2, 3, 4, 5 сандарын дөңгелектерге орналастыр, сонда тігінен де, көлденеңінен де бірдей қосынды шығатындай болсын.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Милы орта мектебінің
математика - физика пәндерінің мұғалімі
Мамбетова Ақзира Шеріпқызы

Толық нұсқасын жүктеу


Ұқсас жұмыстар
Тіл қазынасы - ескі сөз
Қазақтың бай тілі - бар қазынасы көркем әдебиетінде
Қарахан қырык уәзірімен бір жерге сейілге шығыпты
Кімде - кім әмірімді орындамаса, бастарын кесіп, малдарын қазынаға аламын
Қазақстанның байлығы өте көп, қазынаға бай ел
Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма
Күйеуімнің бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс
Әулиенің өлер шағында қалдырған аманаты бойынша жасырылған қолжазба кейінгі ұрпаққа өлшеусіз рухани қазына болып табылмақ
Бірнеше жылдар өткеннен кейін хан бір байдың қырық қызы бар деп естиді
Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күнім, әрбір қырық бес минуттарым балалық шағымның балғын уақыты болып қалмақ


Көмек