Дыбыс үндестігінің түрлерін ата

Барысы

Сайыс бірнеше турдан тұрады. Әр кезең оқушылардың тілдік білімін ғана емес, тапқырлығын, есте сақтауын, мәдениетті сөйлеуін және ұлттық құндылықтарды тануын бағалауға бағытталған.

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
  • Әділқазылар алқасын сайлау.
  • Сайыстың мақсатымен таныстыру.
  • Топтардың атауы, ұраны және таңбасымен танысу.

I тур — «Бәйге»

Ереже: әр сұраққа 1 минут ішінде жылдам жауап беру.

«Тұлпар» тобына сұрақтар

  1. 1. «Термин» қай тілдің сөзі? — Латын тілі.
  2. 2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? — Табу.
  3. 3. Сөз мағынасын не зерттейді? — Лексика.
  4. 4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. — Тұрақты тіркес.
  5. 5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? — Дыбыс.
  6. 6. Жалғаудың түрлерін атаңыз. — Көптік, тәуелдік, септік, жіктік.
  7. 7. Неше септік жалғауы бар? — 7.
  8. 8. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? — Хан сайлады.
  9. 9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? — Дара, күрделі.
  10. 10. Дыбысты немен таңбалайды? — Әріп.
  11. 11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? — Әліпби.
  12. 12. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? — 42.
  13. 13. «Ерінбесең — емерсің» мәтелінің тақырыбы не? — Еңбек ету.
  14. 14. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? — 3.
  15. 15. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? — Араб тілі.
  16. 16. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? — Жуан, жіңішке.
  17. 17. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? — Ашық, қысаң.
  18. 18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін атаңыз. — Қатаң, ұяң, үнді.
  19. 19. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады? — Ұяң.
  20. 20. Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? — Салдыр мен үннің қатысына қарай.

«Домбыра» тобына сұрақтар

  1. 1. Екпін түрі нешеу? — 4.
  2. 2. Үндестік заңы нешеу? — 2.
  3. 3. Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? — Морфология.
  4. 4. «Лексика» сөзі қай тілден енген? — Латын тілінен.
  5. 5. Тыныс белгісін не зерттейді? — Пунктуация.
  6. 6. Фонетика нені зерттейді? — Тіл дыбыстарын.
  7. 7. «Пәлеқор» сөзі буын үндестігіне бағына ма? — Жоқ.
  8. 8. «Көзқарас» қандай сөз? — Біріккен сөз.
  9. 9. Дыбыс үндестігінің түрлерін атаңыз. — Ілгерінді, кейінді.
  10. 10. Орфография нені зерттейді? — Дұрыс жазылуын.
  11. 11. «Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? — Қорқу.
  12. 12. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» мәтелінің тақырыбы не? — Дос.
  13. 13. Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? — Еріндік, езулік.
  14. 14. Дауыстылардың саны қанша? — 12.
  15. 15. Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? — Ж.
  16. 16. Сөз таптары нешеу? — 9.
  17. 17. Қосымша нешеу? — 2.
  18. 18. Жұрнақтың түрлерін атаңыз. — Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші.
  19. 19. Зат есімнің мағыналық түрлерін атаңыз. — Деректі, дерексіз, жалпы, жалқы.
  20. 20. Сын есімнің шырайларын атаңыз. — Салыстырмалы, асырмалы.

I тур қорытындысы: әділқазылар ұпайларды жариялайды.

II тур — «Полиглот»

Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, оны бірнеше тілде айту.

  1. 1. «… қылды қақ жарған.» — қара.
  2. 2. «Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер. Атадан … ұл туса, төрдегі басын жерге сүйрер.» — жаман.
  3. 3. «Ел қонбаса — … азады, жер болмаса — ер азады.» — жер.
  4. 4. «… ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.» — алтау.
  5. 5. «… тас жарады. Тас жармаса, бас жарады.» — тіл.
  6. 6. «… көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.» — досы.
  7. 7. «… өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердің көркі.» — қыз.
  8. 8. «… таумен кездеспейді, адам адаммен кездеседі.» — тау.
  9. 9. «Қына тасқа бітеді, … басқа бітеді.» — білім.
  10. 10. «… сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.» — сөз.

II тур қорытындысы: ұпайлар есептеліп, аралық нәтиже айтылады.

III тур — «Көрерменнен көрімдік»

Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді қимыл-қозғалыс немесе жуық мағынадағы сөздер арқылы түсіндіреді.

Сөздер

  • Ат
  • Дулыға
  • Сандық
  • Той
  • Жол
  • Сәби
  • Ту
  • Киіз үй
  • Жұлдыз
  • Телефон
  • Кітап
  • Көгершін
  • Балмұздақ
  • Боран

III тур қорытындысы: ең дәл әрі әсерлі түсіндірулер белгіленеді.

IV тур — «Өтірік өлеңдер»

Белгілі уақыт ішінде әр топ ойдан «өтірік өлең» құрастырады. Бағалау өлшемдері: ұйқас, тапқырлық, тіл мәдениеті, орындау шеберлігі.

IV тур қорытындысы: әділқазылар ең үйлесімді әрі күлкілі нұсқаларды атап өтеді.

V тур — «Алты жұмбақ»

Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан алынғанын және қандай салт-дәстүр көрініс тапқанын анықтайды.

Үзінді 1

«Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе...»

Жауабы: «Ер Төстік» ертегісі — құда түсу.

Үзінді 2

«Мен айыптымын, менен бір қателік болды... Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш...»

Жауабы: «Аяз би» ертегісі — енші беру.

Үзінді 3

«Алтынмен ішін безеген, сырты күміс ақ отау... Қырық түйе қазына...»

Жауабы: «Ер Төстік» ертегісі — жасау беру.

Үзінді 4

«Балаға таңсық болып жүрген байғұс, Үйіне алып келіп қылды тойды...»

Жауабы: «Алпамыс батыр» жыры — азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу.

Үзінді 5

«Көтібар қызды қосты Әлібекке... Арттырды елу нарды әділетке.»

Жауабы: «Айман-Шолпан» жыры — киіт кигізу, жасау беру, үйлендіру.

Үзінді 6

«Балталы, Бағаналы ел, аман бол! ... Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!»

Жауабы: «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жыры — қоштасу.

Үзінді 7

«Өлім деген тәңірі иесі... Балаңды шайнап өлтіріп, жұлмалап жалмап кетіпті.»

Жауабы: «Ақсақ құлан — Жошы хан» аңызы — естірту.

V тур қорытындысы: дұрыс шығарма мен дәстүрді дәл тапқан топ ұпай жинайды.

VI тур — «Тест»

Екі топ жетекшісі A немесе B әрпін таңдайды: A — сын есім қатысқан мақал-мәтелдер, B — сан есім қатысқан мақал-мәтелдер. Дайындық уақыты — 1 минут.

VI тур қорытындысы: мақал-мәтелдің дәлдігі мен саны есепке алынады.

VII тур — «Жекпе-жек»

Әр топтың жетекшілері «қазақстандықтар» сөзінен мүмкіндігінше көп сөз құрастырады.

Үлгі сөздер

қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын және т.б.

VII тур қорытындысы: құрастырылған сөздердің саны мен дұрыстығы бағаланады.

Жалпы қорытынды: барлық тур бойынша ұпайлар жинақталып, нәтижелер жарияланады.

Қорытынды

Сайыс барысында оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері, тапсырмаларға нақты әрі ойлылықпен жауап беру дағдылары айқын байқалды.

Жан-жақты танымдық білімдері арқылы ізденіс пен талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдысы мен тіл мәдениеті, нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды.

Оқушылар бірін-бірі тыңдап, бағалай алатынын көрсетті. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін құрметтеуге, адамгершілік құндылықтарды қадірлеуге бағытталған тәрбиелік мәні де жоғары болды.

Жеңімпаз топ анықталып, мектеп әкімшілігі атынан мақтау қағазы табысталды. Белсенділігімен көзге түскен оқушыларға да жеке марапаттар берілді.