Жазбаша көбейту және бөлу

Сабақтың тақырыбы

Жазбаша көбейту және бөлу.

Сынып

3-сынып, математика

Сабақ түрі

Білімді бекіту (жарыс сабақ)

Әдіс

Топпен жұмыс

Көрнекілігі

Ақпараттық құралдар

Мақсаты

  • Жазбаша көбейту және бөлу бойынша алған білімді бекіту және тиянақтау.
  • Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
  • Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу дағдыларын қолдана білуге жаттықтыру.

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақты бастау (мұғалімнің сөзі)

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн, балалар! Қайырлы күн, қонақтар!

Оқушылардың жауабы

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Сабақ форматы: жарыс

Бүгінгі сабақ — жарыс сабақ. Оқушылар 3 топқа бөлініп, білімдерін сынға салады және жеңіске жетуге талпынады. Әр оқушының жауап беру белсенділігіне қарай жұлдызшалар беріліп отырады. Сабақ соңында жиналған жұлдызшалар арқылы бағалау жасалып, жеңімпаз топ анықталады.

I топ

Ойшылдар

II топ

Дарындылар

III топ

Жас ғалымдар

Сабақ кезеңдері (9 бөлім)

1-кезең

Бәйге

2-кезең

«Кім зерек?» ойыны

3-кезең

Сандық субтест

4-кезең

Теңдеу шешу

5-кезең

Артық сан мен артық сөзді тап

6-кезең

Сәйкестендіру тесті

7-кезең

Математикалық домино

8-кезең

Тездет, бірақ қателеспе!

9-кезең

Жұлдыз санау

I кезең — Бәйге

Мақсаты: өткен тақырыптарды қайталау, білімді еске түсіру.

Математикалық тест тапсырмалары

  1. 1) Немересі 8 жаста, ал әжесі одан 10 есе үлкен. Әжесінің жасы нешеде?

    • a) 8 + 10
    • ә) 8 × 10
    • б) 10 + 8
  2. 2) Белгісіз санды тап: 8 × X = 240

    • a) 232
    • ә) 248
    • б) 30
  3. 3) Ұзындығы 7 см, ені 5 см тік төртбұрыштың ауданы неше?

    • a) 35 см²
    • ә) 12 см²
    • б) 24 см²
  4. 4) Қандай сан 2, 3 және 7 сандарына қалдықсыз бөлінеді?

    • a) 24
    • ә) 35
    • б) 42
  5. 5) 3 санының кубы нешеге тең?

    • a) 18
    • ә) 27
    • б) 9
  6. 6) Бір тәуліктің 1/6 бөлігі нешеге тең? (сағатпен)

    • a) 6
    • ә) 4
    • б) 12
  7. 7) Альбом 60 теңге, кітап одан 4 есе қымбат. Екеуін сатып алуға қанша ақша жұмсалады?

    • a) 280 тг
    • ә) 240 тг
    • б) 300 тг
  8. 8) 59 ÷ 8 = 7. Бұл бөліндіде қанша қалдық қалады?

    • a) 3
    • ә) 4
    • б) 1
  9. 9) Қай мысалды көбейтумен алмастыруға болады?

    • a) 11 + 21 + 31
    • ә) 15 + 15 + 15
    • б) 5 + 6 + 5
  10. 10) Әлияның 120 теңгесі бар. Ол біреуі 50 теңге тұратын 2 қаламсап сатып алды. Әлияның қанша теңгесі қалды?

    • a) 120 − 50 + 2
    • ә) 120 − 50 × 2
    • б) (120 − 50) × 2

Оқулықпен жұмыс: №1 тапсырма (ауызша).

Музыкалық үзіліс

Қонаққа келген достық пен әдеміліктің белгісі — Ақ көгершін құрметіне «Ақ көгершін» әнін орындаймыз.

II кезең — «Кім зерек?» ойыны

Бұл кезеңде оқулықтағы №2 тапсырма орындалады.

III кезең — Сандық субтест

Мақсаты: бос орындарға тиісті сандарды табу.

IV кезең — Теңдеу шешу

Оқулықтағы №3 тапсырма. Әр топтан 1 оқушыдан, барлығы 3 оқушы орындайды.

V кезең — Артық сан мен артық сөзді тап

Логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар орындалады: берілген қатардан артық санды және артық сөзді анықтау.

VI кезең — Сәйкестендіру тесті

Оқулықтағы №4 тапсырма бойынша тексеру жұмысы орындалады.

A нұсқасы

  • (10 + 438) ÷ 4 = 114
  • (18 + 438) ÷ 4 = 112
  • (26 + 438) ÷ 4 = 118
  • (34 + 438) ÷ 4 = 116

Ә нұсқасы

  • (10 + 238) − 4 = 245
  • (11 + 238) − 4 = 244
  • (12 + 238) − 4 = 247
  • (13 + 238) − 4 = 246

VII кезең — Математикалық домино

Мақсаты: ойды сергіту. Берілген цифрлармен көбейту және бөлу амалдарын орындап, жоғалған әріптерді табу. Жоғалған әріптерден «әдептілік» сөзі құралады.

Әдептілік туралы талқылау

Оқушылардан әдептілікке қатысты сөздер мен мақал-мәтелдер сұралады. Мысалы: «Сіз», «біз», «Сәлематсыз ба?», «Сау болыңыз», «Рахмет», «Кешіріңіз».

  • Әдептілік — ар-ұят, адамдықтың белгісі.
  • Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені.

VIII кезең — Тездет, бірақ қателеспе!

Мақсаты: математикалық жұмбақ есептерді тез әрі қателеспей шығару. Жұмбақ есептер аудиожазба арқылы ұсынылады.

IX кезең — Жұлдыз санау және бағалау

Бұл кезеңде оқушылардың жинаған жұлдызшалары саналып, білім деңгейі бағаланады. Жеңіске жеткен топ анықталады.

Қорытынды

Рахмет, балалар! Сабақ аяқталды.