Зат массасының сақталу заңы

Сабақтың тақырыбы

Химиялық реакциялардың типтері

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың алған білімдерін жаңа сабақта тиімді қолдану; тақырып бойынша білім, білік және дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік

Қосылу, орынбасу және айырылу реакцияларын бір-бірінен ажыратуға, алған білімдерін практикада қолдануға үйрету.

Дамытушылық

Жаттығулар мен есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін және химиялық көзқарастарын дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа және жинақылыққа баулу.

Сабақтың түрі мен әдіс-тәсілдері

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ–жауап
  • Ойын элементтері
  • Түсіндіру
  • Өзіндік жұмыс

Көрнекіліктер

Д. И. Менделеев кестесі Қима қағаздар Түрлі жемістер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

  • Сәлемдесу
  • Оқушыларды түгелдеу
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Өткен сабақты бекіту

10 минут

Формула құрастыру бойынша топқа бөлу

  • 1-топ: Масса
  • 2-топ: Көлем
  • 3-топ: Молекула
  • 4-топ: Массалық үлес

Қайталау сұрақтары

  1. 1.Таза зат дегеніміз не?
  2. 2.Қоспа дегеніміз не?
  3. 3.Біртекті қоспа дегеніміз не?
  4. 4.Әртекті қоспа дегеніміз не?
  5. 5.Жай зат дегеніміз не?
  6. 6.Күрделі зат дегеніміз не?
  7. 7.Атом дегеніміз не?
  8. 8.Молекула дегеніміз не?
  9. 9.Құрам тұрақтылық заңы дегеніміз не?
  10. 10.Зат массасының сақталу заңы дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

10 минут

Қосылу, орынбасу және айырылу реакцияларының негізгі белгілерін түсіндіру, реакция теңдеулерін талдау.

IV. Жаңа сабақты бекіту

17 минут

Жаттығулар мен есептер арқылы реакция типтерін ажырату, алынған білімді практикада қолдану.

V. Қорытынды

5 минут

Сабақ бойынша негізгі ұғымдарды жинақтау, кері байланыс жүргізу және келесі тақырыпқа қысқаша бағыт беру.