Атасының аты кім

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолын, ел болашағы мен келешек ұрпақ қамы үшін атқарған еңбектерін түсіндіру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Білімділік

Ыбырайдың адамгершілік болмысын, ақындық қырын таныту, тіл шеберлігін ұғындыру.

Дамытушылық

Ой тұжырымын жасау, әдеби тіл қорын байыту, есте сақтау қабілетін және мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Өнерді, әдеби мұраны құрметтеуге, ұлы тұлғалардың көзқарасын сыйлауға тәрбиелеу.

Оқу әрекеттері

  • Зейін қойып тыңдау
  • Мәнерлеп оқу
  • Мазмұндама беру
  • Өнегелі білім алу

Ыбырай Алтынсарин: өмір жолы (1841–1889)

Ыбырай Алтынсарин — қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз, ағартушы. Ол 1841 жылы Қостанай өңірінде дүниеге келді. Әкесі Алтынсары Ыбырай төрт жасқа толғанда қайтыс болып, болашақ ұстаз атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.

1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу жөніндегі патша ережесі бекітіледі. Балқожа би 1846 жылы бес жасар немересін осы мектепке жаздырып қояды. 1850 жылғы 23 тамызда орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала қабылданады. Солардың бірі — Ыбырай.

Мектеп бастапқыда қазақ балаларын орысша оқытып, патша әкімшілігіне көмекші қызметкерлер даярлау мақсатын көздеді. Алайда Ыбырай бұл мүмкіндікті жан-жақты білім алуға жұмсап, сабақты ерекше ынтамен оқиды. Нәтижесінде 1857 жылы мектепті «өте жақсы» бағамен бітіреді.

Оқуын тәмамдаған соң Балқожа бидің хатшысы болады, кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаш қызметіне ауысады. 1860 жылы оған Торғайда қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашу тапсырылып, сол мектепке орыс тілі мұғалімі болып бекітіледі. Мектеп 1864 жылғы 8 қаңтарда ашылып, Ыбырай алғашқыда 14 бала оқытады.

«Он төрт бала оқытамын. Бала оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай тиістім. Балалар да менің айызымды қандырып, оқуды тез меңгеріп алды».
— Ы. Алтынсариннің хатынан

Ыбырай Алтынсарин өмірін түгелдей келешек ұрпаққа арнады. Ол балаларға арналған өлеңдер мен әңгімелер жазып, орыс әдебиетінен жас оқырманға лайық шығармаларды аударды. Халқын білім мен мәдениетке жетелеп, өркениетті ел қатарына қосуды армандап, бар күш-жігерін ағартушылыққа жұмсады.

1879 жылы Орынборда оның тұңғыш кітабы — «Қазақ хрестоматиясы» жарық көрді. Ыбырай 1889 жылы 30 шілдеде Қостанайда дүниеден өтті.

Шығармалары мен көркемдік өзегі

Ыбырай шығармаларының негізгі өзегі — білімге шақыру, еңбекқорлық, адамгершілік, ізгілік пен мәдениетке ұмтылу. Өлеңдері мен әңгімелерінде жас ұрпаққа түсінікті, ықшам да әсерлі тіл қолданылады.

Өлеңдері

  • «Кел, балалар, оқылық»
  • «Өнер-білім бар жұрттар»
  • «Өзен»
  • «Жаз»
  • «Әй, жігіттер»
  • «Залым төреге»

Әңгімелері

  • «Қыпшақ Сейітқұл»
  • «Асан мен Үсен»
  • «Ағаш үй мен киіз үй»

Сөздікпен жұмыс

Тақырыпты терең меңгеру үшін сабақта жиі қолданылатын ұғымдар мен сөздерге қысқаша түсіндірме беріледі.

Қазақша Орысша
Дүниеге келді появился на свет, родился
Тілмаш переводчик
Шығыстанушы востоковед
Ағарту просвещение
Дарынды одаренный, талантливый
Зиялы интеллигентный
Талап стремление

Қызығушылықты ояту: мақал-мәтелдер мен жұмбақтар

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен тілдік қоры дамытылады.

Мақал-мәтелдер (жалғастыр)

  1. Ашу — дұшпан, …
  2. Көре-көре көсем болар, …
  3. Түйедей бой бергенше, …
  4. Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа, …
  5. Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын, …

Жұмбақтар (шеш)

  1. Ерте тұрдым — екі айыр жолға түстім. (шалбар)
  2. Отыз омыртқа, қырық қабырға, бәрін бастаған ауыз омыртқа. (киіз үй)
  3. Айдын көлде алтын тас, ау салса да алынбас. (тіс)

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабаққа әзірлеу
  • Оқу құрал-жабдықтарын тексеру
  • Бір-біріне жақсы тілектер айту

Үй тапсырмасы

Эссе жазып келу (талқылау және кері байланыс).

Слайдтармен жұмыс

  • 1-слайд: Ыбырай өлеңдеріне байланысты кесте толтыру
  • 2-слайд: Ы. Алтынсариннің еңбектері
  • 3-слайд: Ы. Алтынсариннің өлеңдері (мәнерлеп оқу)
  • 4-слайд: Ы. Алтынсариннің әңгімелері
  • 6-слайд: Топтастыру стратегиясы

Сергіту сәті

«Балапан биі» (қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуы).

Бекіту: сұрақтар мен тапсырмалар

«Кім жылдам?» (сұрақ-жауап)

  • Ыбырай Алтынсарин кім?
  • Атасының аты кім?
  • Ыбырайдың атасы тәрбиесіне алыну себебі қандай?
  • Торғайдағы мектепте Ыбырай неше бала оқытты?

Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімін саралау үшін инсерт әдісі қолданылады.

Сөзжұмбақ

Жаңа сабақты бекіту және есте сақтауды күшейту мақсатында сөзжұмбақ шешіледі.

  1. Ы. Алтынсарин кім?
  2. Ы. Алтынсарин жастарды неге шақырды?
  3. 1850 жылы орыс-қазақ мектебі қай қалада ашылды?
  4. Ы. Алтынсариннің әкесінің есімі?
  5. Ыбырайдың табиғатқа арналған өлеңдерінің бірі?
  6. Ақын туған өңір/қала?

Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытынды

Қазақ халқының ұлы мақтанышы, тұңғыш ағартушы-ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин көптеген маңызды көркем туындылар қалдырды. Қазақ даласында мектеп ашып, білім шырағын жаққан ұстаздың еңбегі бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.

Үй тапсырмасы

  • Ыбырайдың өлеңдерінің мазмұнын түсініп келу
  • Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша оқып келу
  • «Өзен» өлеңін жатқа, мәнерлеп айту
  • «Даланың дара ұстазы» тақырыбында шағын шығарма жазу

Авторлық мәлімет

Мектеп
ОҚО, Мақтаарал ауданы, Қазыбек би а/о, Таубай ата ауылы, №9 М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалім
Төлеметова Нағима Өмірзаховна