Екінші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар

Викторина туралы

Бұл викторина 3-сынып оқушыларына арналған. Сабақтың тақырыбы — «Қазақ тілін білесің бе?».

Сабақтың мақсаты

  • Орыс тілінде білім алатын оқушылардың туған жеріне, еліне және мемлекеттік тіліне құрмет сезімін қалыптастыру.
  • Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ықпал ету.
  • Оқушыларды тез ойлануға және жауапты жүйелі, шапшаң түрде айтуға үйрету.

Ұйымдастыру

Сабақтың түрі
Викторина
Сабақтың әдістері
Ойын, сұрақ-жауап, көрнекіліктер.
Көрнекіліктер
Кеспелер, суреттер, слайдтар, шар, плакат.

Кіріспе сөз (жүргізуші)

«Білім сайысының парызы — қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!»

Жүргізуші оқушыларға сұрақ қояды: «Қазір бізде қандай апталық өтіп жатыр?» Оқушылар жауап береді: «Тіл апталығы».

Қазақ тілі — бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Қазіргі қазақ тілі — дамыған тіл.

Мұғалім сыныптағы қонақтарды таныстырып, оқушыларды амандасуға шақырады: «Сәлеметсіз бе!»

Содан соң «Қазақ тілін білесің бе?» викторинасының қатысушылары шақырылып, сайыс басталады.

Сайыс құрылымы

Сайыс 4 аялдамадан тұрады. Әр кезеңде жұлдызшалар арқылы бағалау жүргізіледі.

  1. I аялдама

    «Сәлем — сөздің басы»

    5 мин

    Әр топ өз тобын, топ басшысын және мүшелерін таныстырады. Ең жақсы таныстырылым жасаған топқа 2 жұлдызша беріледі.

  2. II аялдама

    «Кім жылдам?»

    жылдамдық

    Берілген әріптерден мүмкіндігінше тез сөз құрау. Қай топ бірінші болып дұрыс құрастырса, сол топқа жұлдызша беріледі.

  3. III аялдама

    «Тапқыр болсаң — тауып көр»

    10 сұрақ

    Әр топтың топ басшысы сыналады. Әр дұрыс жауап 1 жұлдызшамен бағаланады.

  4. IV аялдама

    «Сиқырлы сөз»

    2 жұлдызша

    Әр топқа бір сөз беріледі. Сол сөзді сөйлемге дейін күрделендіріп, мағыналы түрде өрбіту қажет. Ең жақсы жауапқа 2 жұлдызша беріледі.

II аялдама: «Кім жылдам?» тапсырмасы

Төмендегі әріптерден сөз құраңыздар (дұрыс нұсқалары көрсетілген):

Берілген әріптер Құрастырылатын сөз
М Ө С Л Й Е СӨЙЛЕМ
У Ғ А Л Ж А ЖАЛҒАУ
З С Ө СӨЗ
Л Т І ТІЛ
Қ А Б А С САБАҚ

III аялдама: сұрақтар

Бұл кезеңде әр топтың топ басшысына 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап — 1 жұлдызша.

1-топқа арналған сұрақтар

  1. Мектеп қай көшеде орналасқан?
  2. Күз айларын ата.
  3. Неше рәміз бар?
  4. Туда не бейнеленген?
  5. Қазақстан қандай мемлекет?
  6. Көктемде не болады?
  7. Қандай азық-түліктерді білесің?
  8. Қазақ тілінде неше төл дыбыс бар?
  9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
  10. Аптаның төртінші күні қалай аталады?

2-топқа арналған сұрақтар

  1. Апта күндерін ата.
  2. Жазда не болады?
  3. Әнұранның авторларын ата.
  4. Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?
  5. Біздің мектеп қандай?
  6. Қандай мерекелер бар?
  7. Қазақ тілінде неше жалғау бар? Оларды ата.
  8. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  9. Қыс айларын ата.
  10. Елтаңбада не бейнеленген?

IV аялдама: «Сиқырлы сөз»

Екі топқа бір-бір сөзден беріледі. Әр топ өз сөзін мағыналық тұрғыдан кеңейтіп, сөйлемге дейін күрделендіріп өрбітеді.

I топ

Күз

II топ

Жапырақ

Бағалау

Сөзі ең мазмұнды және сауатты өрбітілген топқа 2 жұлдызша беріледі.

Қорытынды

«Балалар, бүгінгі “Қазақ тілін білесің бе?” викторинамыз мәресіне жетті. Сайыс өте қызықты өтті. Сендер қазақ тілін жақсы білетіндеріңді көрсеттіңдер».

Ойынды бекіту: Әділқазылар алқасы жауаптарды бағалап, жеңімпаз топты анықтайды.

Марапаттау: Жеңген топты әділқазы мүшелері марапаттайды.