ІІІ кезең - Алтын қақпа
«Алтын қақпа» интеллектуалдық-танымдық ойыны
Бұл ойын кадет корпусы тыңдаушылары арасында ұйымдастырылатын интеллектуалдық сайысқа арналған. Іс-шара «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбын арқау етіп, қатысушылардың білімін саралауға, ой-өрісін кеңейтуге және патриоттық сезімін күшейтуге бағытталған.
Ойынның негізгі мақсаты
Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру, өмірі мен еңбек жолын үлгі ете отырып, қатысушылардың патриоттық көзқарасын қалыптастыру және нығайту.
Дамытушылық мақсаты
Ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту; шапшаң жауап беруге, ойын жинақтап, нақты жеткізе білуге үйрету.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, слайдтар
- Тас, күміс, алтын қақпалар
- Сұрақтар топтамасы, алтын сандықша
Ойынның барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті тыңдаушылар мен әріптестер! «Алтын қақпа» интеллектуалдық-танымдық ойынына қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгін біз кадет корпусы тыңдаушылары арасында сайыс өткіземіз. «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзді басшылыққа ала отырып, осы ойынды «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбы аясында ұйымдастырып отырмыз.
II. Ойынның шарты
Мақсат — Тұңғыш Президент туралы білімді толықтыру: өмірбаяны, еңбек және қызмет жолы, лауазымдары, еңбектері мен жолдаулары, Қазақстан, туған жер, мемлекеттік тіл тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы «Алтын қақпаға» жету. Алтын қақпаның арғы бетінде сыйлығы бар алтын сандық орналасқан.
Тас қақпа
Негізгі деректер мен өмірбаяндық сұрақтар.
Күміс қақпа
Қанатты сөздердегі көп нүктені толықтыру.
Алтын қақпа
Мақал-мәтелдер және күрделірек сұрақтар.
Әр кезеңдегі тапсырмалар толық орындалған жағдайда қақпа ашылады. Үш қақпаны да ашқан қатысушы алтын сандықтағы қорытынды тапсырмаларды орындайды. Алтын сандықтың сұрақтарына жауап берген қатысушы жеңімпаз атанады.
I кезең — Тас қақпа
Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы бірінші қақпа ашылады.
-
1. Қазақ елінің Тұңғыш Президенті кім?
Жауап: Н. Ә. Назарбаев.
-
2. 1940 жылғы 6 шілдеде Әбіш пен Әлжанның отбасында кім дүниеге келді?
Жауап: Н. Ә. Назарбаев.
-
3. Президент отбасындағы нешінші бала?
Жауап: Тұңғыш.
-
4. Н. Ә. Назарбаевтың туған ауылы?
Жауап: Шамалған ауылы.
-
5. Президенттің отбасында неше бала болған?
Жауап: 4 бала (өзі, екі інісі, бір қарындасы).
-
6. Еңбек жолы қай жылы басталды және қай жерде?
Жауап: 1960 жылы Теміртау қаласында, Қарағанды металлургия комбинатында.
-
7. Президент болып сайланған күні мен жылы?
Жауап: 1991 жылы 1 желтоқсан.
-
8. ҚР Жоғарғы қолбасшысы кім?
Жауап: Президент (Н. Назарбаев).
-
9. Президенттің лауазымдары (мысалдар)?
Жауап: Мемлекеттік қайраткер; ҚР Президенті; 1992 ж. — экономикалық ғылымдарының докторы; 1993 ж. — ұлттық ғылым академиясының академигі.
-
10. Қазақстанның ең жоғары орденімен марапатталған кім? Орден қалай аталады?
Жауап: Н. Назарбаев — «Алтын Қыран» ордені.
Нәтиже: Тас қақпаның сұрақтары аяқталды — қақпа ашылды. Келесі бөлімде қатысушыларға «Сегіз қырлы, бір сырлы» деректі фильмінен үзінді көрсету ұсынылады.
II кезең — Күміс қақпа
Бұл кезеңде қанатты сөздер беріліп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою қажет. Тапсырмалар күрделене түседі.
-
1. Қазақстанның болашағы — ...
Жауап: қазақ тілінде.
-
2. Азаттық алумен ... бітпейді. Тәуелсіздікті ... заманға сай амалың болуы керек.
Жауап: іс; сақтап қалу үшін.
-
3. Біз тәуелсіздікпен бірге ... түлеттік, дінімізді ..., тамырымызды жалғап, ... жаңғырттық.
Жауап: тілімізді; өркендеттік; салт-дәстүрімізді.
-
4. Ынтымақ кеткен жерден — ..., бірлік кеткен жерден — ... кетеді.
Жауап: ырыс; береке.
-
5. Бой салыстыратын ... емес, ой салыстыратын заман.
Жауап: бой.
-
6. Бұл дүниеде біздің бір ғана ... бар, ол — тәуелсіз ....
Жауап: Отанымыз; Қазақстан.
-
7. Қазақ даласы — Ұлы Түркі елінің қара ....
Жауап: шаңырағы.
-
8. Кеше болмағанның ... болуы мүмкін, бүгін болмағанның ... болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеудің, оны құрметтемеудің орны толмас ... соқтыратыны сөзсіз.
Жауап: бүгін; ертең; олқылықтарға.
-
9. Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар; әлемде егемен Қазақстан бар; оның ..., тату, ынтымақшыл халқы бар; қуатты экономикасы, ... саяси жүйесі бар; ең бастысы — бүгіннен нұрлы, бүгіннен ... болашағы бар; сол күнге берік сенімі бар!
Жауап: көпұлтты; сенімді; кемел.
-
10. Ұлтты ... бірінші тетігі — тіл.
Жауап: күшейтудің.
-
11. Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл — қуатты тіл, қазақ тілі — сондай тіл.
Жауап: әйгілі; тіл; қазақ тілі.
-
12. Қазақ қазақпен ... сөйлессін!
Жауап: қазақша.
-
13. Дарынды ұрпақ — өзінің ... түсінетін ұрпақ.
Жауап: тағдырын.
-
14. Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың ... болуы тиіс.
Жауап: діңгегі.
-
15. Қасиетті қазақ жері — ата-бабаларымыздың даңқты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер.
Жауап: қазақ жері; даңқты.
-
16. Бірлігіміз болса, біз бір-бірімізді сыйлаймыз. Бұған дейін осылай болған, бұдан кейін де солай болуы тиіс.
Жауап: бірімізді; осылай.
Нәтиже: Күміс қақпаның тапсырмалары орындалды — қақпа ашылды. Келесі кезең «Алтын қақпа» деп аталады. Бұл кезеңнің салмағы ауыр: алда — білім қазынасы.
Қосымша мазмұн ретінде Астана қаласындағы Тәуелсіздік нышаны — «Мәңгілік ел» қақпасы туралы қысқаша ақпарат беруге болады.
III кезең — Алтын қақпа
Шешуші кезеңді бастамас бұрын мақал-мәтелдер сайысы өткізіледі. Қатысушылар Отан, туған жер туралы мақалдардың жалғасын жылдам айтуы керек.
Мақал-мәтелдерді жалғастырыңыз
- 1. Отан — оттан да ыстық.
- 2. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
- 3. Аққу көлін аңсайды, ер жігіт туған жерін аңсайды.
- 4. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
- 5. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
- 6. Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.
- 7. Абыройлы анаң да — Отан, асқар тау әкең де — Отан.
- 8. Ақылды қария — ағып жатқан дария.
- 9. Ананың көңілі балада, баланың көңілі анада.
- 10. Батыр ел үшін туады, ел үшін өледі.
Алтын қақпа тапсырмалары
- 1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж.)
- 2. Мемлекетіміздің басты заңы? (Конституция)
- 3. Президент сөзіне жазылған өлеңдер? («Елім менің», «Үш қоңыр»)
- 4. Н. Назарбаевтың қандай кітаптары бар? (қатысушы жауап береді)
- 5. Студенттерге арналған шәкіртақы бағдарламасы қалай аталады? («Болашақ» стипендиясы)
- 6. Студенттерге арналған оқу орны қалай аталады? (Назарбаев Университеті)
- 7. Президенттің халыққа жолдаған жолдауларының бірі? («Нұрлы жол»)
- 8. Президент қандай спорт түрлерімен айналысады? (теннис, гольф)
- 9. 2018 жылғы 5 қазандағы жолдаудың атауы? («Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен өмір сапасын жақсарту»)
- 10. Түркияның қай қаласында Н. Назарбаевтың ескерткіші бар? (Анкара)
Нәтиже: Алтын қақпа ашылды. Енді ойынның соңғы бөлігі — алтын сандықтағы қорытынды тапсырмалар.
Алтын сандықтағы тапсырмалар
-
1. Суреттегі тарихи тұлғаларды тану: есімдерін атап, ерлігі мен еңбегін қысқаша айту.
-
2. «Қазақстандықтар» сөзінен бірнеше сөз құрастыру.
Қорытынды
Ойын қорытындыланып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушы анықталады. Жеңімпаз марапатталады.
Авторы/ұйымдастырушы
Маширова Анар Қалымжанқызы
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы