Жайылма сөйлем

Сабақтың тақырыбы

Жалаң және жайылма сөйлемдер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру.
  • Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету.
  • Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелері бойынша талдай білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа, сауатты әрі таза жазуға тәрбиелеу.
  • Еңбексүйгіштікке баулу.
  • Бір-бірін тыңдап, құрметтей білуге үйрету.

Дамытушылық

  • Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту.
  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
  • Тіл байлығын арттыру.

Сабақ туралы мәлімет

Түрі
Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау
Көрнекілігі
Дидактикалық материалдар, тест түрлері
Техникалық құрал
Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сынып оқушыларын топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырып: Жақты және жақсыз сөйлемдер, олардың жасалу жолы.

Жаттығулар: 72, 76 — берілген сөздерден жақты және жақсыз сөйлемдер құрастыру.

III. Үй тапсырмасын бекіту (сұрақ-жауап)

  1. Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
  2. Жай сөйлем дегеніміз не?
  3. Жай сөйлемнің түрлерін ата.
  4. Жақты және жақсыз сөйлемнің айырмашылығы неде?
  5. Жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
  6. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын ата.

IV. Жаңа сабақ: Жалаң және жайылма сөйлем

Жаңа сабақты түсіндіру үшін тақтаға сөйлемдер жазылып, олар сөйлем мүшелері бойынша талданады.

Мысал 1

Жалаң сөйлем
  • Мұғалім кірді.
  • Оқушылар отырды.
  • Қоңырау соғылды.

Мысал 2

Жайылма сөйлем
  • Мұғалім сыныпқа кірді.
  • Оқушылар орындарына отырды.
  • Қоңырау сыңғырлай соғылды.

Талқылау сұрақтары:

  1. Берілген сөйлемдерді талдау барысында нені байқауға болады?
  2. Осы сөйлемдер арқылы қандай ереже шығаруға болады?
  3. Оқушылардың жауабы оқулықтағы ережемен қалай сәйкес келеді?

Оқушылардың жауабын оқулықтағы ережемен салыстырып, тұжырымдардың дұрыстығы түсіндіріледі. Ереже дәптерге жазып алынады.

Ереже

Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.

Тұрлаусыз мүшенің кемінде біреуі қатысқан сөйлем жайылма сөйлем деп аталады.

Жалаң және жайылма сөйлемдер жасалуына қарай жақты да, жақсыз да бола алады.

Мысалдар (жақты/жақсыз, жалаң/жайылма)

Жақты, жалаң

  • Үй жылы.
  • Ол жазды.

Жақсыз, жалаң

  • Қарағым келеді.
  • Айтуға бола ма?

Жақты, жайылма

  • Алыстан мұнар тау көрінеді.

Жақсыз, жайылма

  • Менің бұл тапсырманы орындағым келеді.

V. Жаңа сабақты бекіту

1) Оқулықпен жұмыс

78-жаттығу

Мәтінде берілген жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдыру. Мәтін 4 топқа бөлініп беріледі, тапсырма тақтада орындалады.

Жалаң сөйлемдер (үлгі):

  • Едіге үйренді.
  • Ол жыршы болды.
  • Ол күйші болды.
  • Қолдан-қолға тұрмады.
  • Ол қоймады.
  • Ол тоймады.
  • Өнері өрледі.
  • Күйші бар.
  • Ол тартса.

Т.б.

79-жаттығу

Берілген жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыру. Сөйлемдер 4 топқа, әр топқа 2 сөйлемнен бөлініп беріледі.

Үлгі:

Нұрмағанбет тілін алды → Нұрмағанбет анасының тілін алды (анықтауыш)

2) Топпен жұмыс

3 қатар — 3 топ. Әр топқа семантикалық карта беріледі.