Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
Сабақ туралы мәлімет
Алматы облысы, Ескелді ауданы әкімдігінің Қоңыр орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Умирбекова Данагүл Алкеновна.
Пән
Ана тілі
Сынып
1-сынып
Сабақтың тақырыбы
«Бала, бала, бала!»
Мақсат, күтілетін нәтиже
Мақсаты
- Мәтін түрлерімен таныстыру.
- Мәтіндегі негізгі ойды түсінуге бағыттау.
- Мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар жаңа білімді түсінеді.
- Мәтін түрлерін ажырата алады.
- Логикалық ойлауы дамиды.
Қолданылатын ресурстар мен әдістер
Көрнекілік
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы: кезең-кезеңімен
Психологиялық ахуал
Дайындық және ынтымақтастық
Мұғалімнің әрекеті
Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» жинап, сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастырады.
Оқушының әрекеті
Шеңберге тұрып, бір-біріне және бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу
Ұйымдастыру
Мұғалімнің әрекеті
Оқушыларды санау әдісі арқылы топтарға бөледі.
Оқушының әрекеті
Топтарға бөлініп, топ ережесін еске түсіреді.
Қызығушылықты ояту
Бағдарлау-уәждеу кезеңі
Мұғалімнің әрекеті
Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлауын белсендіреді және жеті ата туралы бастапқы түсінік қалыптастырады.
Оқушының әрекеті
Тапсырмаларды орындап, жаңа ұғымды талқылауға қатысады.
Мағынаны тану
Негізгі оқу әрекеті
Негізгі ұғым: мәтін
Ереже: Мәтін — мағына жағынан өзара байланысты екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.
Мәтіннің құрылымы
- Басы
- Негізгі бөлімі
- Соңы
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу (мұғалім үлгі көрсетеді).
- Оқушыларға оқыту, оқу қарқынын және дыбыстауын түзету.
- Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
- Өлеңге ат қою, ойды жинақтау.
- Жаттығуларды шартына сәйкес орындау.
Нәтижесінде оқушылар мәтіннің үш бөлімі бар екенін бекітеді, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар арқылы білімін толықтырады.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс
Өлең жолдары
Ағаштар тербеледі,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкене ағаштар
Биік болып өседі.
Оқушылар сергіту жаттығуын орындайды.
Ой толғаныс
Сәйкестендіру тапсырмасы
Тест: сәйкестендір
Сол жақ
- Мәтін
- Сөз
- Сөйлем
Оң жақ
- а) Ай, апа, дәптер.
- ә) Ақан мен Асан тау басына шықты.
- б) Әлемде алуан түрлі құстар бар. Олардың біразын су құстары дейді, себебі олар көбінесе суда мекен етеді.
Мақсаты
Сәйкестендіру арқылы оқушылар мәтін, сөз, сөйлем ұғымдарын ажыратып, мәтін туралы білімін бекітеді.
Ұсынылатын сәйкестік
- 1) Мәтін — б)
- 2) Сөз — а)
- 3) Сөйлем — ә)
Үй тапсырмасы, бағалау және кері байланыс
Қорытынды бөлім
Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау
Бағалау парақшасы толтырылады.
Оқушының белсенділігі мен тапсырма орындауы ескеріледі.
Кері байланыс
Оқушылар смайликтерді өз таңдауы бойынша жабыстырады және төмендегі сұрақтарға жауап береді:
- Не сәтті шықты?
- Не сәтсіз шықты?
- Алдағы уақытта нені дамыта аламын?