Балабақша аруы сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер

Тәрбие сағатының мақсаты

Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету, анаға деген сүйіспеншілік арқылы елге, жерге деген құрмет пен махаббатты арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрындай, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Балаларды мейірімділікке, бауырмалдыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу және баланың ең асыл, ең ардақты адамы — ананы қадірлей білуге баулу. Сонымен қатар балалардың ойлау қабілетін, сөз мәдениетін, есте сақтауын дамыту.

Сәлемдесу

Күннің көзі ашылып,

Көкте шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандық — үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге!

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

(Балалар орындарына отырады.)

Мерекелік құттықтау

Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той! Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой. Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп — қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

Балаларға ең жақыны — сіз ғой, ана. Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана. Сіздерге теңестірер ешнәрсе жоқ, теңесе алар бір-ақ нәрсе — Отан ғана.

Аналар мерекесінің мәні

Құрметті ата-аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астында қалқиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек нәзік бола тұра, қалың қардың астынан бүршік атады. Біздің асыл аналарымыз да дәл сол бәйшешектей — қандай қиындық болса да төзімді. Аналар көктемгі гүлдей жарқырап жүрсін! Гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

«Балабақша аруы» сайысын ашу

Қатысушыларды қарсы алу

Құрметті халайық, мерекені бастайық! Аруларды әуенмен, қошеметпен қарсы алайық.

  • Елеусіз Толғанай
  • Кенешова Анель
  • ...

(Арулар нөмірлерін алады.)

Әділқазылар алқасы

Өнерпаздың жүйрігін бірге анықтайық. Әділқазылар алқасынан әділ төрелік күтеміз, аруларға сәттілік тілейміз.

  1. 1. Балабақша меңгерушісі — Достанова Әсел Жангелдіқызы
  2. 2. Тәрбиеші — Роза апай
  3. 3. Ата-ана — Римма апай

Сайыс шарттары

  • «Мен қазақтың қызымын» — өзін-өзі таныстыру
  • «Өнерлі өрге жүзер» — өнер сайысы
  • Ана туралы тақпақ — мәнерлеп оқу
  • «Сұлулық сыры» — сән үлгісі
  • «Мен анамның гүлімін» — буклет дайындау
  • «Балапанға сыйлаймын» — қолөнер бұйымдары

Сайыс кезеңдері мен концерттік бағдарлама

I тур: Таныстыру

Өнер қуған арулар ортаға шығып, өздерін таныстырады.

(Арулар өздерін таныстырады.)

Құтты болсын осы шаттық күніміз, бақытты да ұзақ өмір сүріңіз. Қуанышты жүзіңізбен әрдайым, бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Ән: Сансызбаева Әйгерім — «Аяулы анашым»

II тур: «Өнерлі өрге жүзер»

Кімнің өнері қаншалықты екенін көрсететін сәт: бірі би билейді, бірі ән салады. Бүгінгі сайыста жеңіс үшін арулар бар күш-жігерін салады.

(Өз өнерін көрсету.)

Анаға арналған тақпақтар мен сыйлықтар

Балалар аналарына, әжелеріне арналған тақпақтарын айтып, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ұсынады.

Ұран

Ана — біздің күніміз,

Ананың біз — гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

Ниет

Ана туралы тақпақтар арқылы мейірім, алғыс, құрмет сезімін тереңдету.

IV тур: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)

Гүл — көктемнің ерекше аппақ нұры. Қыздарымыз — әсемдіктің гүлі. Бүгін жарасымды, жаңаша сән үлгісін тамашалаймыз.

V тур: «Мен анамның гүлімін» (буклет)

Қатысушылар дайындаған буклеттерін тапсырады. Әр ата-ана қысқаша таныстырып өтеді.

Әнші, биші балалар — әртістердей болдыңдар. Көрсетіп бар өнерді, таңқалдырып тұрыңдар!

Би: «Балапан» тобы — Түрік биі

VI тур: «Балапанға сыйлаймын» (қолөнер)

Шеберлердің қолынан өнер тамады. Ата-баба жолын жалғаған бұйымдар ұсынылады: қолдан және табиғи материалдардан жасалған жұмыстар.

Үй тапсырмасы

Қолдан және табиғи бұйымдардан жасалған қолөнер жұмыстарын тапсыру, қысқаша таныстыру.

Концерттік нөмір

Мың бұралып билеген бишілеріміз Грузин биін орындайды.

Ұлдар қыздарға сыйлық ұсынады.

Қорытынды бөлім

Енді әділқазыларға сөз берейік. Ата-аналарға құттықтау сөзі айтылады.

Құттықтау сөзі балабақша меңгерушісі — Достанова Әсел Жангелдіқызына беріледі.

«Балабақша аруы» сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар!