Көрісу күні

Орыс тілді мектептердегі "Қазақ тілі" пәнінен мәтіндер жинағы. Тест тапсырмалары
К. Д. Избасарованың іс - тәжірибесінен

Пікірді жазған:№9 ЖББОМ жоғары санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мухамедьярова З. Т.

Кітапша енді, 11 - сыныпты бітіргелі отырған оқушыларға, оларды дайындайтын мұғалімдерге арналған әдістемелік көмек. Қазақтың салт - дәстүрлері, уақытты басқара білу өнері, түстер психологиясы кеңінен жазылған. Х алықтың жан – жануарларға байланысты ауа райын болжауы, ай мен маусым аттарының қалыптасу ерекшеліктері туралы әрбір мәтінге арнайы тест сұрақтары жасақталған. Мақал - мәтелдер арқылы мәтін мазмұнын ашу, сөйлемнің жалғасын тап, мәтіннің негізгі тақырыбын анықта сияқты тапсырмалар тақырыпқа сай қолданылған.

Көрісу күні.
Көрісу — Батыс Қазақстан аймағында ғана сақталған ежелгі дәстүр. Жаңа жылды Байбақты Қазыбек календары бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды Көрісу (яғни қауышу) күні деп те атайды. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.
Ежелден келе жатқан мереке көп жерлерде ұмыт қалған. Тек еліміздің батыс аймақтары мен Ресейдің Саратов, Астрахан облыстарының қазақтары арасында сақталып отыр ...
Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең - алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші - көлем бір - біріне Жасың құтты болсын! , Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай! деп тілек айтады. Көшпелі ғұмыр кешкен ата - бабамыз, алты ай қыстан аман - есен шығып, көктемге иек артқан шақта - ағайынды іздеп барып, амандық сұрасады. Төс қағыстырып, Бір жас қосуыңмен , Жас құтты болсын! деген тілектер айтады.

Көрісу күні бұрынғы өкпе - реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші - көлем бір - бірін наурызкөжеге шақырып, меймандардың отбасына, ағайын - туыстарына амандық - саулық, құт - береке тілейді. Көрісу — тек адамдардың бір - біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай - ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Қариялардың айтуынша, бұл күні реніште жүрген жандар бас араздығы ұмытып, татуласады. Сондықтан көрісу күні – ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекіте түсетін дәстүр.
Көрісу , Амал деген атаулар Наурызға тән ұғымдар!

“Амал” мазмұны аса ежелгі, шығыстық астрономия іліміне қатысты жайттан бастау алады. Аспандық үдерістер бойынша бұл күндері Амал жұлдызы мен Күн бір түзудің бойына шығып, Жерден қарағанда беттесіп тұрғандай әсер етсе керек. Және де осы жайт қыстың кетіп, көктемгі үдерісті бастайтын ғарыштық түрткі болып есептелінген. Сол себептен де қысы қатал далалық көшпелі түркілер үшін бұл үдеріс қыспен бірге ескі жылмен де қоштасу болып табылған. Яғни, Амал мен Күннің “қауышуы” далалықтардың да ежелгі көкірек түйістіру дәстүрінің туындауына түрткі болған болар.
1. Көрісу қай аймақта сақталған ежелгі дәстүр?
А. Оңтүстік Қазақстан
В. Батыс Қазақстан
С. Шығыс Қазақстан
Д. Орталық Қазақстан
Е. Солтүстік Қазастан
2. Наурызға тән ұғымдарды табыңыз
А. Көрісу
В. Амал
С." Қауышуы"
Д. Көрісу , Амал
Е." көкірек түйістіру"
3. 14 наурыз қандай мейрам?
А. Құрбан айт
В. Көрісу айт
С. Тәуелсіздік
Д. Наурыз той
Е. Жаңа жыл
4. Бұл мейрам қай аймақтарда сақталып отыр?
А. Оңтүстік Қазақстан
В. Ресейдің Саратов, Астрахан облыстарында
С. Шығыс Қазақстан
Д. Орталық Қазақстан
Е. Солтүстік Қазақстан
5. Бұл күні реніште жүрген жандар не істейді?
А. татуласады
В. ұрысады
С. айтысады
Д. сәлем айтады
Е. амандасады
6. Ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекіте түсетін дәстүр
А. Құрбан айт
В. Көрісу айт
С. Тәуелсіздік
Д. Наурыз той
Е. Жаңа жыл
7. Көрші - көлем бір - біріне қандай тілектер айтқан?
А. Бір жас қосуыңмен , "Жас құтты болсын!"
В. Бақытты бол
С. Туған күніңмен
Д. Жақсылық
Е. Жамандық
8. Мәтінде көрсетілген көрісу күнінде пісірілетін ұлттық тағам
А. қуырдақ
В. Наурыз көже
С. құрт
Д. қазы
Е. табанан
9."Көрісу айт" қай уақытқа дейін жалғаса беретін мейрам?
А. 4 ай
В. жыл бойы
С. тек қана 14 наурыз
Д. наурыз ай бойы
Е. 8 ай бойы
10. Кімдер үшін бұл үдеріс қыспен бірге ескі жылмен де қоштасу болып табылған
А. қазақтар
В. көшпелі қазақтар
С. түркілер
Д. көшпелі түркілер
Е. барлық елдер үшін
+ Көрісу күнінің ерекшелігі.
Жыл сайын наурыздың 14 - інен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер үлкендерге көрісе барып, батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен басталады. Таңертең тұра салып, әке - шешеңе, үйдегі өзіңнен үлкен адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болсын, әлі талай көрісуге жазсын! - деп бата береді. Бұл дәстүрлі көрісу, яғни жыл жаңарғандағы бірінші кездесу, адамдардың былтырдан бергі бірінші көріскен күні. Осы күннен бастап былтырдан бері көріспеген адамдар бір - бірімен қол беріп, үлкен адамдар құшақтасып, төс түйістіріп, амандасып, көрісу ырымын жасайды. Үлкені кішісіне міндетті түрде Жас қайырлы болсын! айтады. Яғни жалпы қауымға жаңа жыл келді, адамдарға бір жас қосылды, осы жас қайырлы болып келсін, келер жылға аман - есен жетейік деген тілеу. Ал, өткен жылдан бері кездеспеген адамдар қашан кездессе де (наурыз басталғаннан кейін апта, ай өтуі мүмкін) бір рет көрісуі шарт. Бір жылға жетерлік бір көрісу. Бұл алыста тұратындар немесе жолаушылап жүрген хақында.

Ал, ауыл адамдары наурыздың бірінен (қазіргіше 14 - інен) жас балаларды ауылдағы қария адамға, өз әулетінің үлкеніне барып көрісіп кел деп бағыттап отырады. Соған орай ол үлкен кісінің үйі де: Жыл келді ғой, ертең көрісуге балалар келіп қалар ,- деп дастарқанын қамдап, үй ішін қонақ күткендей жинап отырады.

Әр үйдің үлкендері оянып, дастарханын толтырып, көрісіп шығатын бала - шағаны күтіп отырады. 14 наурыз күні күн шыққанда есігі ішінен құлыптаулы тұрған үй болмайды. Бәрінің есігі ашық, үйі жинаулы, дастарханы мол болып тұруы керек. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек.

Кез келген дәстүрдің өзіндік тәрбиесі бар, көрісу үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге, кішіге қамқор болуға үйретеді, сонымен қатар осы дәстүрді ата - бабаларымыз бізге қалай жеткізсе, бізде соны ұрпағымызға жеткізуіміз керек.
1. Үлкендер нені күтіп отырады?

БҚО, Орал қаласы,
№9 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Избасарова Камшат Джумахметовна

Орыс тілді мектептердегі "Қазақ тілі" пәнінен мәтіндер жинағы. Тест тапсырмалары жүктеу



Ұқсас жұмыстар

Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері
Қазақ халқының салт - дәстүрлерінің ерекшеліктері
Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы
Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері
Диалектологиялық іс-тәжірибе есебі
Қазақтың үй іші әдет-ғұрып өлеңдері
Балауса аула клубының үйірмелері
Қазақстанның саяси модернизация
Қазақ диалектологиясының лексикалық ерекшеліктері
8 қыркүйек бейбітшілік күні
Жеңіс күні туралы
Ғашықтар күні
жеңіс күні
Дамудың ертеңгі күніне бағдарлану
Демалыс күні
Конституция күні
Бір күні түсінде Қызыр жолығып
Бір күні арыстан, қасқыр және түлкі - үшеуі серік болып, аңға шығыпты
Зоотехник күні ілгері келіп