Көпшілікке арналған моншада ескеретін кейбір ережелер

Көпшілікке арналған моншада сақталатын негізгі ережелер

Көпшілік моншаға бару — демалыс пен саулыққа пайдалы әдет. Дегенмен ортақ кеңістікте қауіпсіздік пен әдепті сақтау маңызды. Төмендегі кеңестер моншаға дұрыс дайындалып, өзін жайлы ұстауға көмектеседі.

Өзіңізбен бірге не алып бару керек?

  • Киізден жасалған бас киім немесе шыт орамал
  • Сүлгі (сүртінуге және парға кіргенде төсеуге бөлек болғаны дұрыс)
  • Гигиеналық заттар: сабын, шампунь, езгіш (мочалка)
  • Резеңке аяқ киім (тайып құлаудың алдын алады)
  • Газдалмаған су (мұздай емес)

Тамақтану және су ішу тәртібі

Тойып та, аш та бармаңыз

Моншаға тамаққа қатты тоя кірмеңіз және аш бармаңыз. Тамақтанғаннан кейін 30–35 минут өткен соң кірген дұрыс.

Су — жылы немесе бөлме температурасында

Үйден қайнаған су алып шығуға немесе жақын жерден газдалмаған су сатып алуға болады. Мұздай су ішпеңіз — моншада да, моншадан кейін де.

Маңызды ескерту

Моншада спирттік ішімдік ішуге болмайды. Ішімдіктің кез келген түрі жүрекке салмақ түсіруі мүмкін.

Көпшілік моншадағы әдеп ережелері

  • Айқайлап сөйлемеңіз, айналаңыздағы адамдарға құрмет көрсетіңіз.
  • Сабын, шампунь қолданғанда немесе су құйғанда жанындағы адамға шашыратпаңыз.
  • Душты ұзақ иемденіп, өзгелерді күттіріп қоймаңыз.
  • Қолтық және интим аймақты қырып-тазалауды көпшілік орында жасамаңыз — бұл әдепсіздік болып саналады.

Моншаға кіргеннен кейінгі дұрыс тәртіп

  1. 1

    Резеңке аяқ киімді бірден киіңіз

    Еден тайғақ болуы мүмкін, қауіпсіздік бірінші орында.

  2. 2

    Алдымен жай сумен шайыныңыз

    Душта сабын қолданбай, тек сумен шайынған дұрыс: сабын терінің майлы қабатын жуып, терлеу процесіне кедергі келтіруі мүмкін.

  3. 3

    Шашты суламауға тырысыңыз

    Шаш су болса, пар бөлмесінде ұзақ отыру қиындайды.

  4. 4

    Бас киім киіп кіріңіз

    Әсіресе киіз бас киім — ыстықтан қорғануға қолайлы.

Пар бөлмесінде өзін ұстау

Бірден жоғары сөреге шықпаңыз

Алдымен төменгі жаққа отырып, денені ыстыққа біртіндеп үйретіңіз. 2–3 минуттан кейін жоғары сөреге көтерілген дұрыс.

Денеңізді дұрыс орналастырыңыз

Жатып демалғанда аяқ басыңыздан сәл жоғары тұрғаны пайдалы. Ол үшін арнайы аяқ демеуішін қолдануға болады.

Тазалануды парда жасамаңыз

Парда отырып кір езінбеңіз. Толық жуынуды жуынатын бөлмеде жасаған дұрыс.

Пардын кейін

Пардын соңынан қанжылы сумен жуыныңыз. Су температурасының сәл төмен болуы ағзаға пайдалырақ.

Дайындаған: Асыл

Қосарыңыз болса, пікір қалдырыңыз.