Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану

І. Сабақтың тақырыбы

Менің әуес ісім — спортпен шұғылдану.

ІІ. Сабақтың мақсаты

а) Білімділік

  • Оқушыларға тақырып бойынша мәлімет беру және білімдерін жүйелеу.
  • Грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.
  • Пәнге қызығушылығын арттыру.

ә) Дамытушылық

  • Ойлау, есте сақтау, көру және басқа да қабілеттерін дамыту.
  • Ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру.
  • Мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.

б) Тәрбиелік

  • Спортпен шұғылдануға баулу.
  • Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

ІҮ. Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Диалог
  • Сөзжұмбақ
  • Рөлге бөліп оқу
  • Топтастыру

Ү. Көрнекілігі

Суреттер, слайдтар.

ҮІ. Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, дене тәрбиесі.

ҮІІ. Сабақтың барысы

Төменде сабақтың кезеңдері мен тапсырмалары құрылымды түрде берілді.

І. Ұйымдастыру

  • Сабаққа дайындық.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

ІІ. Үй жұмысын сұрау

7-тапсырма, 152-бет.

ІІІ. Жаңа сабақ

1) Таныстыру

Сабақтың тақырыбы, мақсаты және барысымен таныстыру.

2) Спорт түрлерін топтастыру

Спорт түрлерін атау және оларды топтарға бөлу.

3) 1-тапсырма: Сөйлемдерді аяқтаңдар

  1. Менің әуес ісім — ... шұғылдану.
  2. Спорттың ... көп.
  3. Мен аптасына екі рет футболға ... .
  4. Біз баскетболдан ... орын алдық.
  5. Спорттың қай-қайсысы да денсаулыққа ... .

4) 2-тапсырма: Фонетикалық талдау

Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар:

Шұғылдану Денсаулық Әуес ісім

5) 3-тапсырма: Өлеңмен жұмыс

Берілген өлеңді оқып, Қанаттың мінезіне сипаттама беріңдер.

Футбол түгіл, хоккейді Біледі ғой көп адам. Допты қыздар теппейді, Ал мен болсам, тебе алам! — Дейді Қанат мақтанып. Білгіш-ақ, мынаның! Жылауға да шақ қалып, Мен ренжіп тұрамын. Менде оның ісі жоқ, Оған мақтау керегі. Көп білетін кісі боп Көрінгісі келеді.
Тапсырма: Қанаттың мінезін дәлелмен сипаттаңдар (мысалы, мақтаншақтық, өзіне сенімділік, өзгеге үстем болуға ұмтылу).

6) Суретті диктант

Тақырыбы: «Спорт».

7) 5-тапсырма: Диалогпен жұмыс

Берілген диалогты оқып, Гүлнәрдің шахматқа әуестігі туралы түсінгендеріңді айтыңдар.

Шахматшы: Фәния апай, сәлеметсіз бе? Гүлнәр үйде болса, телефонға шақырып жіберіңізші.

Фәния апай: Есен-саусыз ба? Таң атпай жатып телефон шалып тұрған кім еді?

Аида: Мен ғой, апай! Аида Мүсілімқызымын.

Фәния апай: Ә, Аида апайың екенсің ғой, қазір шақырайын.

Фәния апай: Гүлнәр! Аида апайың сені телефонда тосып тұр.

Аида: Гүлнәр, сүйінші! Киев қаласында өтетін чемпионатқа сен баратын болдың. Шахмат федерациясынан жеделхат маған келіпті.

Гүлнәр: Менімен бірге сіз де барасыз ба?

Аида: Ол жағын білмеймін, оны республикалық спорт комитеті шешеді. Кіммен барсаң да, әйтеуір, үлкен шахматқа жолың енді ашылды. Қазір уақыт тығыз, комитетке тез кел.

Гүлнәр: Қазір жетемін, апай!

8) Сергіту сәті

Берілген спортшыларды спорт түрлерімен сәйкестендіріңдер.

9) 6-тапсырма: Сөйлемдерді мағынасына қарай құраңдар

Берілген бөліктерді сәйкестендіріп, толық сөйлем құраңдар:

Басталуы

  1. Шахмат V ғасырда ...
  2. Шахматтан тұңғыш рет дүниежүзілік біріншілік ...
  3. Шахматтан дүние жүзінің тұңғыш чемпионы ...
  4. Лондонда әйелдер арасында ...

Жалғасы

  1. Индияда пайда болған.
  2. АҚШ-та өтті.
  3. Вильгельм Стейниц болды.
  4. Дүниежүзілік біріншілік өтті.

ІІІ. Қорытындылау

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін қорытынды сұрақтар арқылы анықтау.

ІҮ. Үйге тапсырма

4-тапсырма, 152-бет.

Ү. Бағалау

Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және белсенділігі бойынша бағалау.

Негізгі ой

Спорт — денсаулықтың тірегі. Ол оқушының тәртібін нығайтып, ой-өрісін кеңейтеді және салауатты өмір салтын қалыптастырады.