Наурыз қазақ халқының ұлттық мерекесі
Мерекелік ертеңгілік сценариі
Қош келдің, әз Наурыз!
Бұл мәтін — «Балауса» ортаңғы тобында ұйымдастырылатын Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктің көркем әрі мазмұнды сценариі. Онда жүргізушінің құттықтау сөзі, балалардың тақпақтары, Көктем кейіпкерінің келуі, әжелердің қатысуы және ұлттық би орындалады.
Кіріспе
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! Бүгін «Балауса» ортаңғы тобында өтіп жатқан Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілікке қош келдіңіздер!
Береке де осында, мереке де осында.
Асқақтаған ән дайын, күмбірлеген күй дайын.
Ал, қанекей, қонақтар, ата-аналар, төрге шығыңыздар!
Ән әуенімен қонақтар мен балалар залға кіріп, орындарына жайғасады.
Құттықтау сөз
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, қадірлі қонақтар, ата-аналар және балалар! Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі құтты болсын!
Жаңа жыл шаттық әкеліп, тойлансын!
Ендігі кезекте балалардың тақпақтарына кезек берейік.
Балалардың тақпақтары
1) Жазира
Наурыз қайта оралды, Көп жылдар болған елге аңыз. Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз. Үй сайын мол дастархан, Кең даламыз — сахнамыз, Дастарханға шақырамыз!
2) Абылай
Наурыз келді құт болып, Мына бізге нұр болып. Аққа аузымыз толады, Бар жақсылық болады.
Наурыз туралы қысқаша түсіндіру
Жүргізуші: Балалар, бүгін біз әз-Наурыз мерекесін тойлаймыз. Наурыз — қазақ халқының ұлттық мерекесі.
Қазақ халқында Наурыз жыл басы болып есептеледі. Бұл айда күн мен түн теңелетін қасиетті күн бар. Яғни, бұл — қазақша Жаңа жыл.
3) Гүлім
Қош келдің, Наурызым ардақты, Халқым саған бар үмітін артады. Жылда осылай келе бергін жасарып, Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Көктемнің келуі
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
Қонаққа Көктем келеді.
Көктем:
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сәлеметсіздер ме, балалар! Мені көптен күткен шығарсыңдар? Мен де орталарыңа келдім — Наурыз мерекесін алып келдім.
Табиғатқа жан бітіріп, айналаны көкке боядым. Наурызбен бірге көктемнің көкек құсын да ала келдім. Маған дайындаған қандай сыйларың бар?
Көріністер мен өнер бөлімі
Әжелердің келуі
Жүргізуші: Наурыз тойы — елдің тойы, көктем тойы — төлдің тойы. «Әжеме еріп ауылымды араладым күні бойы», — демекші, қонаққа әжелер келеді.
(Тақпақтар: 3 бала.)
Ұлттық би
Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп жер бетінде, бишілер билеп кетті тербетіліп. Аққудай қалықтаған теңіздегі — бишілер өнерлерін көрсетуде.
Ендігі кезекте қазақтың ұлттық биі: «Қамажай».
Қорытынды
Жүргізуші: Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін, алмас өнерпаздар ән мен жырын. Тойлайық халық тойы — Наурызымды, шуағын жерге төккен бақыт күнін!