Анықталған интеграл
Қазіргі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыдан терең білім мен іскерлікті талап етеді. Сондықтан оқушылардың теориялық білімін практикада қолдана білуі және білім-білік дағдыларын жүйелі қалыптастыруы аса маңызды. Сапалы, тиімді, нәтижелі өткен сабақ — ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.
Төменде оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті сабақта қолдана білуіне бағытталған сабағымның жоспары ұсынылады.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Анықталған интеграл. Ньютон–Лейбниц формуласы
- Сабақтың түрі
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
- Сабақтың көрнекілігі
- Интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары
Мақсаты
-
1
Оқушыларға анықталған интеграл ұғымын кеңінен түсіндіріп, оны есептеуде қолданылатын Ньютон–Лейбниц формуласын пайдалану арқылы деңгейлік тапсырмалар орындатып, жаңа білімді меңгерту.
-
2
Анықталған интегралды есептеу дағдыларын қалыптастырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
-
3
Топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа және іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
-
1-кезең
Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа даярлығын және құрал-жабдықтарының толық болуын қадағалау.
-
2-кезең
Қайталау — білімнің негізі (үй тапсырмасын тексеру)
Өткен сабаққа шолу
а) Сұрақ-жауап
- 1) Алғашқы функцияның анықтамасын айтыңыз.
- 2) Алғашқы функцияның негізгі қасиетін тұжырымдаңыз.
- 3) Алғашқы функцияны табудың үш ережесін тұжырымдаңыз.
- 4) Қисық сызықты трапецияның анықтамасын айтыңыз.
- 5) Қисық сызықты трапецияның ауданын қалай табамыз?
ә) Кестені толтыру
Оқушылар берілген кестені толтырады.
-
3-кезең
Ой қозғау (жаңа тақырыпты түсіндіру)
Анықталған интеграл ұғымы енгізіліп, Ньютон–Лейбниц формуласының мағынасы мен қолданылуы түсіндіріледі.
-
4-кезең
Ой толғаныс (бекіту)
Жаңа тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар орындалып, түсінік нығайтылады.
-
5-кезең
«Білгенге маржан» (қатемен жұмыс)
Жиі жіберілетін қателер талданып, түзету жұмысы жүргізіледі.
-
6-кезең
Ой түйіні (тест тапсырмасы)
Тақырып бойынша қорытындылау мақсатында тест тапсырмалары орындалады.