Одағайға байланысты қойылатын үтір

Қазақ тілі (9-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Одағайға байланысты қойылатын үтір.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Одағай сөздің мағынасын және қолданылу себептерін түсіндіру.
  • Одағайдың басты белгілерін таныту.
  • Сөйлемдегі орналасу ретіне қарай одағайдың үтір арқылы қалай ажыратылатынын меңгерту.

Дамытушылық

  • Үтірдің қай орындарда және не үшін қойылатынын түсіндіру.
  • Үтір қою үшін қандай тілдік белгілерді білу қажеттігін нақтылау.
  • Проблемалық жағдайларда және күрделілігі артқан тапсырмаларды шешуде дербес ойлану қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

  • Арнайы тапсырмалар арқылы тілге деген сүйіспеншілікті арттыру.
  • Тыныс белгілерін орынды қолдануға дағдыландыру.
  • Тиянақтылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

Баяндау, сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.

Көрнекіліктер

  • Электрондық оқулық
  • Кестелер
  • Слайдтар
  • Семантикалық кесте
  • «Инсерт» кестесі

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындықтарын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген 178-жаттығу тексеріледі.

Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар

  • Пунктуация дегеніміз не?
  • Тыныс белгілері болмаса немесе дұрыс қойылмаса, мәтіндегі ойды дұрыс оқу және түсіну мүмкін бе?
  • Ой жеткізудегі бет-әлпет құбылыстарын, қол қимылдарын және дауыс ырғағын қағаз бетіне түсіре аламыз ба?
  • Оларды қандай белгілер алмастыра алады?
  • Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін ата.
  • Үтір қайда қойылады?

Практикалық жұмыс

Семантикалық кестені толтыру.