Оқшау сөздермен сөйлем құрастыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өңірі
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Шаховское селосы
Пәні
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Рияпова Толқын Алпысбайқызы
Сынып
8-сынып
Сабақтың тақырыбы
Оқшау сөздерді қайталау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Бағдарламалық материалды меңгеру деңгейін бақылау.
  • Оқушының өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.
  • Негізгі ұғымдарды іріктеп, жүйелі түрде ұсыну.
  • Тілдік және мәнерлік қырларын, көркемдік бейнелеу құралдарын меңгерту.

Дамытушылық

  • Берілген материал негізінде нақты дерек пен мысалды іріктей білуге бағыттау.
  • Танымдық белсенділікті арттыру.
  • Пәнге қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік

  • Ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
  • Білімнің қажеттілігін терең түсінуге баулу.

Сабақ форматы мен ресурстар

Сабақтың типі
Қайталау, пысықтау
Сабақтың түрі
Топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс
Информатика, әдебиет, 9-сынып қазақ тілі
Көрнекіліктер
Эпиграф, кеспе қағаздар, компьютерлер, оқулық, тақта

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Бүгінгі сабақ — ашық сабақ. Сабаққа әріптес мұғалімдер қатысады. Тақырып: «Оқшау сөздерді қайталау».

  2. 2

    Үй тапсырмасын пысықтау

    Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен ережелерді қайталау.

  3. 3

    Нені біліп, нені меңгеру керек?

    • Оқшау сөздер деген не? Олар сөйлем мүшесі бола ала ма? Сөйлемге қатысы қандай?
    • Қаратпа сөз деген не? Оны бастауыштан қалай ажыратамыз?
    • Қаратпа сөздердің жасалуы, құрамы, орын тәртібі және тыныс белгілері.
    • Қыстырма сөз деген не? Қыстырма сөздің қаратпа сөзден айырмашылығы неде?
    • Қыстырма сөздердің жасалуы, құрамы, орын тәртібі және тыныс белгілері.
    • Одағай сөздер қандай жағдайда қолданылады? Тұтас сөйлемге қандай мағына үстейді?
    • Одағайдың сөйлемдегі орын тәртібі мен тыныс белгілері.
  4. 4

    «Сен қалай ойлайсың?» — деңгейлік тапсырмалар

    1-деңгей · 1-топ

    Қаратпа сөз

    Сөйлемдерді көшіріп, қаратпа сөздердің астын сызыңдар:

    • «Әже, ана кісілер не істеп жүр?»
    • «Ей, Бұқар, Шалқұйрық атым астымда, Сарыарқаның сары белін қақ жарып, жалғыз өзім жортып келеді екенмін.»

    1-деңгей · 2-топ

    Қыстырма сөз

    Сөйлемдерді көшіріп, қыстырма сөздердің астын сызыңдар:

    • «Байқауымша, Абай ақыныңыз да көзі ашық, көкірегі тұнық кісі болған-ау, сірә.»
    • «Үшіншіден, сырғаның қай түрі де бауырға, өт қабынуына әсер етеді деген пікір бар екенін ескертеміз.»

    1-деңгей · 3-топ

    Одағай сөз

    Сөйлемдерді көшіріп, одағай сөздердің астын сызыңдар:

    • «Уа, би інім, жүрісің суыт көрінеді, қайдан келесің?» — деп сұрады Досбол амандықтан соң.
    • «Ей, не істер ең сен өкімет болсаң?»

    2-деңгей · Тыныс белгілерін қою

    Сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгілерін қойыңдар

    1-топ · Қаратпа сөздер

    • Ал құрметті Темір аға сезіп отырмын сырыңды
    • Жүріп барам ақан аға хатыңыз ба
    • Өзім барып әкеле қояйын, қайда жүр екен өзі, жануар... — деп мияулап сөйлеген сығырайған шал айнала қарады.

    2-топ · Қыстырма сөздер

    • Алайдар түрлі жыртқыш аңдарды будандастыру арқылы жаңа тұқым алу тәжірибесі көптен бері жүргізіліп келеді
    • Ә мүмкін жауын жауып егін жаппай шығар
    • Сөз ұшқыны әрине Нұрқаттың өзінен тараған

    3-топ · Одағай сөздер

    • Ойбай бізде не қауқар бар
    • Қап мынаның баласы
    • Апыр-ау бұл кімнің қызы болды екен
  5. 5

    Ғылыми ізденіс

    Оқушылар компьютер арқылы берілген тақырып бойынша жұмыс жасайды. Жоба тақырыптары:

    • 1-топ: Қаратпа сөздерді бастауыштан қалай ажыратамыз?
    • 2-топ: Қыстырма сөздерді сөйлем ішінен ажырата алуды үйрену.
    • 3-топ: Одағай сөздер сөйлемге қандай мағына үстейді?
  6. 6

    Ойларын жинақтау: сұрақ-жауап кестелері

    1-кесте: Қаратпа сөз

    Сұрақ
    1 Қаратпа деген не? Ол сөз бе, әлде сөйлем бе?
    2 Қаратпаның сөйлемде тұрақты орны бола ма?
    3 Қай тұлғалы, қай сөздер қаратпа болып келеді? Мысалмен сипаттаңдар.
    4 Қаратпа қандай тыныс белгісін қажет етеді?
    5 Сөйлемді талдағанда қаратпа қайда енгізіледі?
    6 Сөз құрамына талдаңдар: қаратпада қанша жұрнақ бар, түбірі қандай, мағынасы қалай түрленеді?

    2-кесте: Қыстырма сөз

    Сұрақ
    1 Қыстырма деген не? Ол сөз бе, әлде сөйлем бе?
    2 Қыстырманың сөйлемде тұрақты орны бола ма?
    3 Қай тұлғалы, қай сөздер қыстырма болып келеді? Мысалмен сипаттаңдар.
    4 Қыстырма қандай тыныс белгісін қажет етеді?
    5 Сөйлемді талдағанда қыстырма қайда енгізіледі?
    6 Сөз құрамына талдаңдар: қыстырмада қанша жұрнақ бар, түбірі қандай, мағынасы қалай түрленеді?

    3-кесте: Одағай сөз

    Сұрақ
    1 Одағай деген не? Ол сөз бе, әлде сөйлем бе?
    2 Одағайдың сөйлемде тұрақты орны бола ма?
    3 Қай тұлғалы, қай сөздер одағай болып келеді? Мысалмен сипаттаңдар.
    4 Одағай қандай тыныс белгісін қажет етеді?
    5 Сөйлемді талдағанда одағай қайда енгізіледі?
    6 Сөз құрамына талдаңдар: одағайда қанша жұрнақ бар, түбірі қандай, мағынасы қалай түрленеді?
  7. 7

    Қорытындылау

    Оқшау сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру.

  8. 8

    Бағалау

    Топтық және жеке жұмыс нәтижесі бойынша бағалау.

  9. 9

    Үй тапсырмасы

    Оқшау сөздерді пайдаланып, шағын шығарма жазыңдар.

    Келесі сабаққа тақырып:

    1 желтоқсан — адамзат үшін жаһандық мәселеге айналған АИТВ/ЖИТС (адамның иммун тапшылығы вирусы және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы) дертіне қарсы күрес күні. Осыған орай «Біз бұл дертке қарсымыз» атты шағын шығарма жазып келіңдер.