Орталық Қазақстанның аумағы қанша
Сабақтың мақсаты
- Шығыс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы туралы білім қалыптастыру; табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстардың алуан түрлілігін көрсету; оларды бағалау дағдыларын дамыту және бекіту.
- Туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілікті арттыру.
- Экологиялық проблемаларды анықтау және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың ресурстары мен ұйымдастырылуы
Көрнекіліктер
Тірек-сызбалар, кестелер, интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық-әкімшілік картасы.
Әдістер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденіс, проблемалық оқыту және басқа да тәсілдер.
Сабақтың түрі
Түрлендірілген сабақ.
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру
Армысың, аты әйгілі Қарағандым!
Жылуым, қара алтыным, қара наным.
Кімдердің пальмасынан артық маған,
Бозарған көде, жусан, қарағаның.
М. Мақатаев
Логикалық тест (қайталайық)
- Қазақстанда қанша облыс бар?
- Қазақстан қанша экономикалық ауданға бөлінеді?
- Орталық Қазақстанның аумағы қанша?
- Орталық Қазақстанда жақсы дамыған өнеркәсіп салаларын атаңдар.
- Қарағандының басты маманданған саласы қандай?
- Орталық Қазақстанда дамыған көлік жолдарын атаңдар.
- Болат өндіретін толық циклді металлургия комбинаты орналасқан қала қайсы?
- Осы ауданда біршама дамыған мал шаруашылығының саласы қандай?
- Негізгі мамандануы түсті металлургия болатын өнеркәсіп орталықтарын атаңдар.
- Орталық Қазақстандағы халық саны қанша?
Ой қозғау
М. Мақатаевтың «Алтай — Атырау» өлеңінен үзінді
Армысың, ардақ мекен, асыл мекен!
Айрықша топырағың, тасың бөтен.
Бабалар бақыт іздеп кезуші еді,
Білмепті бақыттары қасында екен,
Ғасырлар сілемімен басулы екен.
Уа, Шығыс! Жеріңде емес, көгіңде мен,
Үңіліп Бұқтырмаңа көңілденем.
Аспаныңа жыр сызып өтіп барам,
Құс болып сенен ұшқан темірменен.
Керемет, керемет қой өмір деген!
Жаңа сабақтың жоспары
Негізгі бағыттар
- Шығыс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы (ЭГЖ)
- Халқы
- Табиғи ресурстары
Картамен жұмыс
Компьютер арқылы Шығыс Қазақстан картасы көрсетіліп, Алтай мен Тарбағатай таулары белгіленеді.
Мағынаны тану
Тақырыпты өз бетімен игеру (деңгейлік тапсырмалар)
Оқушылар берілген сұрақтар арқылы тақырып мазмұнын талдап, қорытынды жасайды.
1-топ: ЭГЖ және халқы
- Шығыс Қазақстанның экономикалық-географиялық орнының ерекшелігі қандай?
- Ауданның жер бедері мен табиғаты қандай?
- Осы ауданда жауын-шашынның таралу ерекшелігі туралы не білесіңдер?
- Аудан халқының орналасу ерекшелігі қандай?
- Ауданда қала халқының басым болуы неліктен?
2-топ: Табиғи ресурстары
- Шығыс Қазақстан қандай табиғи ресурстарға бай? Кен орындарын картадан көрсетіңдер.
- Ауданда қандай жанатын пайдалы қазбалар бар?
- Ірі өзендер мен көлдерді картадан көрсетіңдер.
- Орман шаруашылығы туралы не білесіңдер?
- Шығыс Қазақстандағы негізгі минералды шикізат қорының пайыздық үлесіне талдау жасаңыздар.
Автор туралы мәлімет
ШҚО, Үржар ауданы, Жанай ауылы, «Жанай орта мектеп» КММ-нің география-биология пәндері мұғалімі — Агимбекова Базаргүл Алтынбекқызы.
Ескерту
Қажет болса, материалдың толық нұсқасын бөлек сілтеме ретінде орналастыруға болады.