Шахмат әліппесі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / сынып
Қазақ тілі, 7-сынып
Сабақ тақырыбы
Шахмат әліппесі. Реттік сан есім
Сабақ түрі
Дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелесу
- Тіл дамыту
Көрнекілігі
Кітап, суреттер, грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Шахмат әліппесі туралы мәлімет беру.
- Оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына назар аударту.
- Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты ретімен баяндауға үйрету.
Дамытушылық
- Тапсырма орындау арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін қалыптастыру.
- Ой-өрісті және есте сақтау қабілетін жетілдіру.
- Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорды байыту.
Тәрбиелік
- Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу.
- 2 Оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
- 3 Сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру.
II. Өткен сабақты қайталау және пысықтау
A) Мәтіннің мазмұнын сұрау.
Ә) Берілген сан есімдерді сөзбен жазып, реттік сан есім жұрнағын жалғап жазу:
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру
1) Кіріспе сөз
Бүгін жаңа тақырыпты бастаймыз: «Шахмат әліппесі». Мәтінді оқып, аударып көреміз. Жазба тапсырмалар арқылы ойлау қабілетімізді дамытып, сөйлеуді жүйелейміз.
2) Оқылым: мәтінді оқу және ат қою
Шахмат ойынын көпшілігің жақсы көресіңдер. Ал шахматты кім және қашан ойлап тапқанын білесіңдер ме? Бұл ойын әуелі Ежелгі Шығыста пайда болды. Деректерге сүйенсек, Үндістанда VI ғасырдың өзінде-ақ шахмат ойналған. Шахматты үнді елінің бір ақылгөйі өз қожасы үшін ойлап тауыпты деген аңыз бар. Алайда шахмат тек бір адамның ақыл-ойының жемісі емес: бұл ойынның қалыптасуына көптеген халықтың үлес қосқаны даусыз.
Негізгі ой
Шахматтың пайда болуы мен тарихына қысқаша шолу.
Оқылымнан кейін
Мәтінге лайық атау ұсыну және дәлелдеу.
3) Жазылым: сөйлемдерді аяқтау
3-тапсырма: берілген сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтырыңдар.
1-сөйлем
Орыс жерінде шахмат ойнау XV ғасырдың басында патша мен ақсүйектердің балаларын тәрбиелеп, …
2-сөйлем
Мәскеу мемлекеті үстем таптарының арасында шахматтың кең таралғанын, шахмат фигуралары мен тақтасын нағыз бағалы материалдардан …
Керекті сөздер
- баулу жүйесіне енгізілген.
- піл сүйегінен, хрустальдан, янтарьдан, алтын жалатқан металдан жасауға маманданған қолөнершілерден көруге болады.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Диалог бойынша өзара сөйлесу: 165-бет, 2-тапсырма.
V. Сабақты қорыту
Пысықтау сұрақтары:
-
Шахмат ойыны қай елдерге тараған?
-
«Шахмат» атауы қайдан шыққан?
-
Ойынның мәні неде?
-
Бұл ойын әуелі қай өңірде пайда болған?
-
Қандай әлем чемпиондарын білесіңдер?
Үй тапсырмасы және бағалау
VI. Үй тапсырмасы
166-бет: деңгейлік тапсырмаларды орындау.
VII. Бағалау
Оқушылардың жұмысы сабақ мақсаттарына сай бағаланады. Сабақ жоспарының толық нұсқасы қосымша қарастырылады.