Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту
Сабақ туралы мәлімет
- Өңірі
- Шығыс Қазақстан облысы
- Мектеп
- Шағын жинақталған Октябрь негізгі орта мектебі
- Пән
- Информатика
- Мұғалім
- Тақаш Қазиза
- Сынып
- 5-сынып
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
Сабақ тақырыбы
Компьютер – әмбебап есептеуіш машина
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды «компьютер» ұғымымен таныстыру, компьютердің құрылымы мен қызметі туралы бастапқы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелілік
Оқушыларды тәртіптілікке және жүйелі жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін және логикалық ойлауын дамыту.
Сабақтың барысы
- 1) Оқушыларды ұйымдастыру 1 минут
- 2) Үй тапсырмасын тексеру 5 минут
- 3) Жаңа сабақты түсіндіру 20 минут
- 4) Сабақты бекіту 15 минут
- 5) Үй тапсырмасын беру 1 минут
- 6) Бағалау 1 минут
- 7) Қорытынды 2 минут
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары
- Ақпарат көлемі дегеніміз не?
- Ақпараттың қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?
Жаңа түсініктер
Компьютер деген не?
Компьютер — күрделі құрылғылардың жиынтығы. Оның жұмыс істеуі үшін программалық жабдықтама қажет. Ең маңызды программа — компьютердің жұмыс қабілетін және басқарылуын қамтамасыз ететін операциялық жүйе.
Бастапқыда компьютерлер (ЭЕМ) негізінен есептеулер жүргізу үшін жасалған.
Компьютердің қолданылу бағыттары
-
Есептеулерді өте жылдам орындау арқылы адамдардың жұмысын жеңілдету.
-
Үлкен көлемді ақпаратты электрондық түрде сақтау. Мұндай ақпарат арнайы ақпараттық өнімдерде — дерекқорларда сақталады.
-
Әртүрлі құрылғыларды басқару.
-
Эксперимент жасау мүмкін емес салаларда модельдер құру (заманауи суперкомпьютерлер).
Компьютер түрлері
Қазіргі кезде компьютерлерді өнімділігі мен мөлшеріне қарай бірнеше түрге бөлуге болады.
Суперкомпьютер
Арнайы мақсатқа немесе нақты тапсырысқа сай жасалатын, аса жоғары өнімді компьютер.
Үлкен компьютер (мэйнфрейм)
Үлкен көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу үшін арналған қуатты жүйелер.
Сервер
Компьютерлік желінің орталық торабы қызметін атқаратын компьютер.
Дербес компьютер
Бір адамға жеке қолдануға арналған, басқа компьютерлерден тәуелсіз жұмыс істей алатын компьютер. Түрлері: үстел үсті, алып жүретін, алақан.
Бекіту, үй тапсырмасы, бағалау және қорытынды
Сабақты бекіту
Оқулықтағы бақылау сұрақтары мен тапсырмалар орындалады.
Үй тапсырмасы
Өтілген тақырыпты қайталап оқу және тест тапсырмаларын орындау.
Бағалау
Үй тапсырмасының орындалуы және сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Қорытынды
Бүгінгі сабақта компьютер ұғымымен және компьютер түрлерімен таныстық.