Қазақ тілі 6 сынып

Қазақ тілі · 6-сынып Тақырып: Менің сүйікті кейіпкерім Грамматика: Үстеу (мезгіл үстеуі)

Бұл сабақ жоспары 6-сынып оқушыларына арналған. Негізгі бағыт — мәтінмен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысын дамыту және үстеу тақырыбын (әсіресе мезгіл үстеуін) түсіндіру, бекіту.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Тақырып бойынша мәлімет беру.
  • Оқу техникасын жетілдіру, аударма жұмыстарына назар аударту.
  • Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты ретімен баяндауға үйрету.

Дамытушылық

  • Жазбаша тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін қалыптастыру.
  • Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Сөздік қорды байыту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Көрнекілік
Оқулық, суреттер, грамматикалық кесте.
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
  • Оқушылардың назарын сабаққа бағыттау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау

  • Мәтіннің мазмұнын сұрау.
  • Кеспе қағаздарын тарату, қысқа тапсырмалар орындату.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру

  1. Кіріспе сөз.
  2. Сөздікпен жұмыс.
  3. Диалогті досыңмен бірге оқу.
  4. Жазылым тапсырмасы.

Жазылым (толықтыру)

Қыс — жылдың ________.

Мен қыс мезгілін өте жақсы ________.

Қыста менің туған күнім ________.

Қыста әсем қаламыз Астанада ________.

Біз шанамен, конькимен ________.

Қарағай мен қайың ақ кимешек ________.

Қыс — ең тамаша ________.

Жаңа сабақты бекіту: Үстеу

Анықтама

Үстеу — қимылдың, іс-әрекеттің жай-күйін, мекенін, мезгілін, мөлшерін, мақсатын білдіретін сөз табы.

Мысал: Ертең ауылға барамын.

Лексика-грамматикалық белгілері

  • Үстеу қимылдың түрлі белгілерін анықтайды.
  • Үстеу сөздер түрленбейді.
  • Сөйлемде көбіне пысықтауыш қызметін атқарады.

Үстеудің жасалу жолдары

-ша, -ше

бала-ша, ауыз-ша

-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей

жастай, қыстай, жібектей

-дайын, -дейін

түлкідейін

-лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп

жаяулап, темірлеп

Сабақты қорытындылау

А) Үстеуді табу

Төмендегі сөйлемдерден үстеуді тауып, астын сызыңдар:

  • Ол түнде кеш келді.
  • Кеше қар жауды.
  • Бағана бізге қоңырау шалды.
  • Жаздыгүні әжеммен Астанаға барамын.
  • Күзде Асқар 2-сыныпқа барады.
  • Қазір қазақ тілі сабағы.

Ә) Үстеулерді тұлғасына қарай жіктеу

Мына үстеулерді тұлғасына қарай жіктеңдер:

әрең басқаша дәл қытайша ерекше күздей соншама кенет кенеттен төмен аса мұнда зорға

Үй тапсырмасы

106-бет, 2-тапсырма: мәтінді мазмұндап жазу.

Ескерту

Жазылымда үстеулерді орынды қолдануға және сөйлемнің жүйелілігіне мән беріңдер.