Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім
Каирова Гульмира Мейрамбековна
Мекеме
Астана қаласы №64 мектеп-лицейі
Пән
Математика
Сабақтың тақырыбы
Шамалар
Сілтеме
Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдықтары
Сызбалар, деңгейлік тапсырмалар, карточкалар

Жалпы мақсаттар

Білімділік

Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару дағдыларын қалыптастыру және үш таңбалы сандармен орындалатын жазбаша есептер бойынша білімдерін бекіту.

Дамытушылық

Есептеу жылдамдығын, есте сақтау қабілетін және логикалық ойлау өрісін дамыту.

Тәрбиелік

Шапшаң ойлап, дәл есептеуге үйрету; өз ойын еркін айтуға баулу; пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа және жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Топқа бөлу

Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!

Қызығушылықты ояту

Мәселе

Қоян 45 қоянды 9 торға орналастырды. Әр тордағы қояндар саны бір-бірінен өзгеше болатындай етіп орналастыру керек.

Сергіту сәті

Еркін ұста денеңді,
Тарсылдатпай еденді.
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақ.
Бір, екі, үш — бір, екі, үш.

Аяқты алға созайық,
Тік көтеріп қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық,
Алға қарай озбайық.
Бір, екі, үш — бір, екі, үш.