Тазалық тобына
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – өмір негізі
Бұл кіріктірілген сабақ оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсінігін кеңейтуге, оны күнделікті өмірде бағалай білуге және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған.
Білімділік мақсаты
Денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, денсаулық туралы білімін толықтыру.
Дамытушылық мақсаты
Денсаулықты күту және сақтауға қатысты іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
Көрнекі құралдар
- Үнтаспа
- Маркер, қарындаш
- Альбом парағы
- Оқулық, дәптер
Сабақ форматы
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дене шынықтыру, бейнелеу өнері
Сабақтың құрылымы
- I. Шаттық шеңбері
- II. Оқулықпен жұмыс
- III. Шығармашылық жұмыс
- IV. Жағдаяттарды шешу
- V. Сергіту сәті
- VI. Дәйексөз
- VII. Дәптермен жұмыс
- VIII. Жүректен жүрекке
I. Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірімен сәлемдеседі. Әр оқушы өз есімінің бірінші әрпінен басталатын жақсы қасиетін айтып шығады.
Жұмбақ
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық – осы деседі.
Топқа бөлу
II. Оқулықпен жұмыс
Мәтін: «Аппақ бала»
Автор: Ә. Табылдиев
Оқушылардың әңгімені қаншалықты түсінгенін тексеру үшін әр топқа екі тапсырмадан беріледі. Оқушылар сөйлемдерді логикалық тұрғыда толықтырып, қорытындысын айтады.
Спорт тобы
-
Егер біз ерте тұрмасақ, онда ________________________.
Сондықтан ерте тұру керек. -
Егер орта тазалығын сақтамасақ, онда ________________________.
Сондықтан ортаны таза ұстау керек.
Тазалық тобы
-
Егер Жер-ананы аялаmasақ, онда ________________________.
Сондықтан жерді күтіп-баптау керек. -
Егер денемізді шынықтырмасақ, онда ________________________.
Сондықтан денені шынықтыру керек.
Тамақтану тобы
-
Егер біз тазалық сақтамасақ, онда ________________________.
Сондықтан таза жүру керек. -
Егер біз дұрыс тамақтанбасақ, онда ________________________.
Сондықтан дұрыс тамақтану керек.
III. Шығармашылық жұмыс
Өлең: «Денсаулық»
Автор: Е. Өтетілеуов
Балақай! Болсаң да әлі қаршадай: Ойнау үшін шаршамай, Оқу үшін мектепте, Ашу үшін тәбет те, Құру үшін сен сауық, Керек жақсы денсаулық.
Денсаулық — ол шыныққан Барлық дене мүшесі. Денсаулық — ол тыныққан Жүйке-тамыр жүйесі. Денсаулық — ол күлуің, Көңіл күйің жадырай. Денсаулық — ол жүруің, Ешбір жерің ауырмай.
Басты байлық — денсаулық, Бабаң айтқан даналық. Сақта жолын сен тауып, Осы шақтан балалық. Болар барлық мүшең сау, Жүрсе жылдар бойында, Баяндалған осынау Ережелер ойыңда.
IV. Жағдаяттарды шешу
Оқушылар берілген жағдаяттарды талқылап, өз ойларын дәлелдеп айтады. Мақсат — дұрыс шешім қабылдауға үйрену және денсаулыққа қатысты ұстанымды қалыптастыру.
1-жағдаят
Арман кеше сабақтан кейін Жандоспен денсаулық туралы ой бөлісті. Арман анасының әңгімесіне сүйеніп, денсаулықты сатып алуға болады деді. Жандос бұл пікірмен келіспей, денсаулықты ақшаға сатып ала алмайтынымызды айтты. Сендер не дер едіңдер?
2-жағдаят
Самат таңертең сабаққа асығып, тамақты жүре жеп шықты. Анасы: «Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып, дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» — деді. Самат: «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» — деп мән бермей жауап қатты. Саматтың айтқаны дұрыс па? Сендер қалай тамақтанасыңдар?
3-жағдаят
Асылан енді денсаулығын бақылап, күтім жасауды қолға алғысы келді. Бірақ неден бастарын білмей қиналды. Ойлана келе, күн тәртібін құрудан бастауды жөн көрді: уақытты дұрыс әрі пайдалы өткізу де денсаулыққа тікелей қатысты деп шешті. Асыланның ойы дұрыс па?
V. Сергіту сәті
«Ыстық картоп» ойыны
Доп беріліп, әуенмен айнала қозғалады. Мақал айта алмай, допты ұзақ ұстап қалған ойыншы ойыннан шығады. Ойын соңында ең көп мақал айтқан оқушы жеңімпаз атанады.
VI. Дәйексөз
«Күн тәртібі мен еңбек — денсаулық кепілі».
Халық даналығы
VII. Дәптермен жұмыс
Әр топ бірігіп күн тәртібін құрады. Оқушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, таңертеңгі әдеттен бастап демалысқа дейінгі уақытты пайдалы жоспарлауға тырысады.
VIII. Жүректен жүрекке
Оқушылар шеңберге тұрып, денсаулыққа қатысты тілектерін айтады және бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Қорытынды:
Сабақ соңында оқушылар «Толағай» әнін орындайды.