Қызғыштың тапсырмасы
Әдебиет (5-сынып)
Сабақ тақырыбы
Ыбырай Алтынсарин — «Өзен» өлеңі (слайдпен)
Сабақ түрі
Танымдық сабақ
Сабақ әдістері
- Сын тұрғысынан ойлау
- Топтастыру, салыстыру
- Кітаппен және сөздікпен жұмыс
- Топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс
Бейнелеу өнері, география, әуез
Көрнекіліктер
- Ақынның суреті
- «Қазақ хрестоматиясы»
- Интерактивті тақта
- Нақыл сөздер
Сабақ мақсаттары
Білімділік
Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мәлімет беру. Өлең мазмұнын меңгерту арқылы өзеннің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын таныту.
Дамытушылық
Өлеңді түсініп, мәнерлеп әрі көркем оқуға баулу. Ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік
Өзеннің адам өміріне пайдалы екенін ұғындыру, оны қорғауға баулу. Тазалыққа және адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру.
- Зейінді сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеру
М. Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңі жатқа айтылады. Одан кейін топпен «Бәйге» ойыны арқылы тапсырмалар орындалады: суреттердің астына жасырылған сұрақтарды ашып, жауап беру.
Дулыға
М. Өтемісұлы қай жерде дүниеге келген?
Қызғыш
Қызғыш дегеніміз не?
Жылқы
Исатай кім?
Лашын
«Қызғыш құс» өлеңі қандай қасиеттерге тәрбиелейді?
Домбыра
Махамбеттің жауы кім?
Қылыш
Туған жер, туған ел туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
3) Қызығушылықты ояту
«Табиғат әзілді сүймейді: ол әрқашан әділдікті қорғайды. Ол қатал; оның айтқаны — ақиқат, оның айтқаны — дұрыс. Қателік пен адасу адамнан шығады».
«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген ойға сүйене отырып, табиғат пен адам — егіз ұғым екені талқыланады. Слайдтан табиғат көрінісі мен өзен суреті көрсетіледі.
Сұрақтар
- Осы көріністен қандай әсер алдыңдар?
- Балалар, бүгінгі қозғайтын тақырыбымыз қандай болмақ?
4) Мағынаны тану
Талқылау сұрақтары
- Ы. Алтынсарин кім?
- Несімен танымал?
- Қандай еңбектер атқарды?
Оқулықпен жұмыс
«Өзен» өлеңін мәнерлеп оқу.
Дәптермен жұмыс
Өлең жолдарынан бейнелі сөздер мен теңеулерді тауып, дәптерге жазу.
Сөздікпен жұмыс
- Өксіген
- — шөлдеген
- Қынарда
- — жағасында, маңында
- Жай
- — орын, қоныс
- Жанабында
- — жанында