Компьютерлерді қосу

Сабақтың тақырыбы

MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың типі

Білімді, іскерлікті және дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторын терең меңгерту және берілген тапсырмаларды сауатты орындауға үйрету.

Білімділік

Word бағдарламасының графикалық мүмкіндіктерін көрсету және мәтіндік құжатқа графикалық бейнелерді кірістіруді үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ ресурстары мен әдістері

Пәнаралық байланыс

  • Сурет
  • Ағылшын тілі
  • Орыс тілі
  • Қазақ тілі

Оқыту әдістері

  • Сөздік
  • Көрнекі
  • Практикалық

Көрнекілігі

Интерактивті тақта Компьютер Слайд Деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Сәлемдесу.
  2. 2 Оқушыларды түгелдеу.
  3. 3 Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
  4. 4 Компьютерлерді қосу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Word файлында жасырылған сұрақтарға жауап беріледі. Сұрақтар слайд арқылы көрсетіледі: жауап дұрыс болса, фигура жасыл түске, қате болса қызыл түске боялады.

Қайталау сұрақтары

  1. Құжаттарды құру, өңдеу, өзгерту және басып шығару үшін арналған кеңселік бағдарлама.
  2. MS Word қандай редактор?
  3. Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою қалай аталады?
  4. Мәтін бөлігінің көшірмесін алу (әрекет атауы).
  5. Құжаттың әр бетінің жоғарғы немесе төменгі жағына басылатын мәтін немесе сурет қалай аталады?
  6. Баған мен жолдан және олардың қиылысында орналасқан ұяшықтан тұратын объект.
  7. Кесте ішіндегі қозғалыс қандай пернелер көмегімен орындалады?
  8. Кесте қою тәсілдерін атаңдар.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа тақырыпты жазбас бұрын оқушылар оны сұрақтарға жауап беру арқылы өздері ашады. Бұл тапсырмада қазақ және ағылшын тілдерінен алған біліміміз қолданылады.

Тақырыпты ашу сұрақтары

  • Мәтіндік редактор? — WORD
  • Септік жалғауы? — -тың/-тің
  • Ағылшынша “grapho” сөзінің қазақша, орысша аудармасы? — графика
  • Сын есім тудыратын жұрнақ? — -лық/-лік
  • “Возможности” сөзінің қазақша аудармасы? — мүмкіндіктер

Қорытынды жауап

Word-тың графикалық мүмкіндіктері

Microsoft Word қазіргі мәтіндік процессорларға тән негізгі мүмкіндіктердің көбін қамтиды:

  • Құжаттарды құру және теру;
  • Қаріптер жиынын пайдалану;
  • Кестелер мен графиктерді қолдану.

Шектеулері

  • Математикалық формулаларды енгізу күрделірек болуы мүмкін;
  • Растрлық графикамен кәсіби деңгейде жұмыс істеуге арналмаған.

Құжатқа сурет кірістіру

Дайын сурет қорын кірістіру үшін келесі команданы орындаңыз: Вставка → Рисунок → Картинки…

Кірістіруге болатын объектілер

  • Суреттер (ClipArt жинағынан);
  • Файлдар (файл түрінде сақталған объектілер);
  • Автофигуралар;
  • Сканерленген материалдар;
  • Диаграммалар (Excel арқылы құрылған диаграммалар).

Қадамдар

  1. 1 Microsoft ClipGallery терезесінде Картинки қосымшасын ашыңыз.
  2. 2 Рисунок категориясын таңдаңыз.
  3. 3 Қажетті суретті белгілеңіз де, Вставить батырмасын басыңыз.
  4. 4 Суреттің орналасуын баптау үшін: Формат рисунка → Положение.

Фигуралар және WordArt

Дайын геометриялық фигураларды және түрлі графикалық әрекеттерді орындау үшін: Вид → Панель инструментов → Рисование. Бұл бөлімде Автофигуралар мен WordArt коллекциясын тиімді пайдалануға болады.

Автор туралы

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жаңатаң орта мектебінің информатика пәні мұғалімі — Сыдық Айнұр Тұрарқызы.