Көп нүктенің орнына жоғарыдағы сөздердің тиістісін қойып жаздырту

Сөздік және терме диктанттарға арналған тапсырмалар жинағы

Төмендегі тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын арттыруға, дыбыс пен әріп сәйкестігін меңгертуге, сөз құрамын (түбір мен қосымша) ажыратуға және сөз таптарын тануға бағытталған. Мәтіндер редакцияланып, емлесі мен тыныс белгілері біріздендірілді.

1) Сөздік диктант

1.1. Сөздер тізімі

Құлын, күрек, көкек, жүрек, көбелек, жұлдыз, орындық, отын, өрік, жүзім, түлкі, ғарышкер, байғыз.

1.2. Түбір мен қосымшаның жазылуы (I)

Келесі сөздерге ы, і әріптерін қосып жаздырту. Өзгерген дыбыстардың астын сыздыру:

Құлақ, ерін, мұрын, көрік, мойын, ауыз, мүлік, қауіп, орын, халық.

1.3. Түбір мен қосымшаның жазылуы (II)

Келесі сөздерге и әрпін қосып жаздырту:

Оқы, тоқы, шоқы, жылжы, сырғы, қарғы, сүңгі.

1.4. Түбір мен қосымшаның жазылуы (III)

  • у қосымшасын жалғап, қандай өзгеріс болғанын айтқызу:
    Жап, қап, шап, кеп, сеп, теп.
  • Түбір сөздерге -ып, -іп қосымшаларының тиістісін жалғап жаздыру.

1.5. Түбір мен қосымшаның жазылуы (IV)

Келесі сөздерге у қосымшасын жалғап жаздыру:

Бүк, қақ, төк, сөк, жақ, тақ, бақ, сақ.

1.6. Тиісті қосымшаны таңдау (ы / і)

Келесі сөздерге ы не і қосымшасының тиістісін жалғап жаздыру:

Орақ, қонақ, қабақ, жидек, жүк, жүрек, күрек, өрнек, садақ, білік, аяқ, тауық, тірек, тілек, шелек.

1.7. Тасымал (ң, й, у әріптерінен басталатын буын)

Келесі сөздерді сөз бөлігін ң, й, у әріптерінен бастап тасымалдаңдар (мысалы: Же-ңіс):

Жеңіс, тоңазытқыш, тыңайту, жаңашыл, мүйіз, жайылды, шойын, дауысты, бауырсақ, тауықтар, жауынгер.

2) Терме диктант (өлең мәтіндері)

2.1. «Өнерпаз» (С. Қалиев)

Домбырам күмбірлеп

Күй шерте аламын,

Бұрала би билеп

Сурет те саламын.

  • Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жаз.
  • Тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жаз.

2.2. «Уыз той» (Ә. Табылдиев)

Алақай-ау! Алақай!

Егіз туды қойымыз —

Ертең уыз тойымыз.

  • У әрпі бар сөздерді теріп жаз.

2.3. Сұраулы сөйлемдерді іріктеу

  1. Апаң үйге келді (ме)?
  2. Сабаққа дайындықсыз кел (ме)?
  3. Орманға үлкендерсіз бар (ма)?
  4. Дүкенде сүт өнімдері бар (ма)?
  5. Сырыңды ешкімге айт (па)?
  6. Жаттаған өлеңіңді айтып (па)?

Тапсырма: сұраулы сөйлемдерді теріп жаз.

3) Көру диктанты

3.1. Өлең (Н. Айтов)

Саған білім жемісін

Оқулығың береді.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе!

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке!

Тапсырма: өлеңді жатқа жаз.

4) Сөз таптары бойынша тапсырмалар

4.1. Зат есім

а) Ақыл — тозбайтын тон. Білім — таусылмайтын кен.

ә) Шешен сөз бастар, батыр қол бастар.

Тапсырма: зат есімдерді тап.

Бақылау диктанты

Балалар аулаға жиналды. Екі топқа бөлінді. Олар футбол ойнады. Бірінші топ жеңіске жетті.

Тапсырма: зат есімдерді тап.

Терме диктант

Біз екінші сыныпта оқимыз. Гүлжанат әнді жақсы айтады. Орынжан домбыра тартады. Зухра мен Ботагөз шахмат үйірмесіне қатысады.

Тапсырма: заттың атын білдіретін сөздерді теріп жаз.

4.2. Сан есім

Жұмбақ

Бір ұзын ағаш, ағаштың үстінде он екі ұя, әрбір ұяда төрт-төрт тұқым, әр тұқымда жеті балапан.

Шешуі: жыл, ай, төрт мезгіл, апта.

Тапсырма: құрамында сан есімі бар сөйлемдерді теріп жаз.

Жұмбақ

Бір ағаштың 12 бұтағы бар, әр бұтағында 30 жапырағы бар. Жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара.

Шешуі: ай, тәулік, күн мен түн.

Тапсырма: құрамында сан есімі бар сөйлемдерді теріп жаз.

Егер адам күніне 10 л су пайдаланса, 100 000 л су 1000 адамға қанша күнге жетеді?

Шешуі: 10 күн.

Тапсырма: сан есімдерді теріп жаз.

4.3. Сын есім

«Түрлі түстер» (Е. Өтетілеуов)

Аппақ түсім — сүт,

Бозғылт түсім — бұлт.

Қара түсім — қас,

Сұрғылт түсім — тас.

Тапсырма: сын есімдерді тап.

Жұмбақ

Аппақ қардай тоны,

Күжірейген жоны,

Көзі қызыл моншақ —

Білесің бе оны?

Шешуі: қоян.

Тапсырма: сын есімді тап.

Шығармашылық диктант

Мейірімді, ………; Әдемі, ………; Инабатты, ………; Кәрі, ………; Жуас, ………

Тапсырма: мағынасы жуық сын есімдерді тауып жаз.

«Балапан» мәтіні

Біздің тауықтың он екі балапаны бар. Солардың ішінен біреуін өте жақсы көремін. Ол доп-домалақ. Жүні үлпілдек, сары. Тұмсығы қысқа, көзі мөп-мөлдір. Балапан өте сүйкімді.

Тапсырма: сын есімдерді тап.

4.4. Етістік

Өздік диктант

  • Медет қарды күрекпен (не істеді?).
  • Ұста қашаумен (не істеді?).
  • Сылақшы қалақпен (не істеді?).
  • Жүк көтергішпен жүкті (не істеді?)?
  • Оқушылар гүлді аулаға (не істеді?)?

Бақылау диктанты: «Қарлығаш»

Қарлығаштың балапаны ұясынан құлап түсті. Қарлығаш шырылдап ұшып жүр. Даусы өте аянышты. Адамдардан көмек сұрағандай. Шынар балапанды көріп қалды. Балапанды жоғары көтеріп, ұясына салды. Қарлығаш риза болғандай қалықтап, еркін самғады.

5) Өздік диктант және тіл дамыту тапсырмалары

5.1. Ай атаулары

Күз айлары: …………; Қыс айлары: …………; Көктем айлары: …………; Жаз айлары: …………

Тапсырма: қазақша ай атауларын жаз.

5.2. Жақшадағы сөздерді түрлендіру

Анасы (жұмыс) кетті. Нұрлы (тауықтар) жем шашты, (гүлдер) су құйды. Содан соң тамақ (пісір). Анасы (жұмыс) оралды. Ол (қызы) ісіне (қуан).

Тапсырма: жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жаз.

5.3. Жаңылтпаш (жатқа жазу)

1) Ақ матадан ақ мақта ақ па? Ақ мақтадан ақ мата ақ па?

2) Тарғыл итім талға оралды, талға тағы барып оралды.

Тапсырма: жатқа жаз.

5.4. Тақырып бойынша топтастыру

Шырша, қарағай, қасқыр, қайың, арша, аю, арыстан, жолбарыс

Ағаштар

…………

Аңдар

…………

Тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

5.5. Жемістер мен құстар

Өрік, үйрек, жүзім, көкек, шие, үкі, бүркіт, жиде, көгершін, бөдене.

Жемістер

…………

Құстар

…………

Тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

5.6. Буынға бөлу

Құрылысшылар, барабаншылар, кітаптарымыз, дәптерлеріміз, оқушылар, мұғалімдер.

Тапсырма: сөздерді буынға бөліп жаз.

5.7. Көп нүктенің орнына етістік жазу

Қыс. Қар …………

Үлкендер көшелердегі қарды …………

Балалар қар лақтырысып …………

Кішкентай балалар шанамен …………

Олардың күлкілері жиі …………

Тапсырма: қимылды білдіретін сөздерді жаз.

5.8. Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыру

Құралай терезе ашты. Үйге салқын ауа кірді. Үйдің ауасы тазарды. Құралай сабақ оқыды.

Тапсырма: ма/ме сұраулық шылауларын қойып, хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдыр.

6) Шығармашылық диктант

6.1. Әріптерді дұрыс қою (я, э, ю)

Са…хат, қо…н, қи…р, пи…з, дари…, тақи…, …лектер, …леватор, а…, о…

Тапсырма: көп нүктенің орнына я, э, ю әріптерінің тиістісін жаз.

6.2. Алфавит ретімен жазу

Марат, Қайрат, Сәуле, Айгүл, Ботагөз, Әлия, Есен, Ғалия, Гүлнар, Дәулет, Омар, Жамал, Шара, Зейнеп.

Тапсырма: кісі аттарын алфавит ретімен көшіріп жаз.

6.3. Сұрақтарға жауап жазу

  1. Қойды кім бағады? — …
  2. Жылқыны кім бағады? — …
  3. Сиырды кім бағады? — …
  4. Машинаны кім жүргізеді? — …
  5. Көмірді кім қазады? — …
  6. Электрді кім жөндейді? — …

6.4. Сөйлем құрастыру (орны ауысқан сөздер)

  1. Екінші сыныпта оқимыз біз.
  2. Сыныптың оқушылары біздің ұйымшыл.
  3. Гүлдерді суарды Гүлназ бен Іңкәр.
  4. Тақтаны сүртті Назерке.
  5. Қойды орындықтарды Медет пен Әлия.
  6. Ашты терезені Сағындық.
  7. Роза мұғалім болды.

Тапсырма: сөздердің орнын дұрыс қойып, сөйлем құрастыр.

6.5. Жіңішкелік (ь) және айыру (ъ) белгісі

Под…езд, пал…то, кон…ки, лагер…, раз…езд, ал…бом.

Тапсырма: көп нүктенің орнына ь немесе ъ белгісін жаз.

6.6. Тыныс белгісін қою

Жасасын бейбітшілік

Қазақстанның даңқы арта берсін

Көктем қандай тамаша

Алақай атам келе жатыр

Тапсырма: тиісті тыныс белгілерін қой.

6.7. Тасымалдау (екі буынды сөздер)

аю, ою …………; ата, әже …………; ыза, ине …………; ақын, әсем …………; ұран …………; қою, боя …………

Тапсырма: тасымалданатын екі буынды сөздерді жалғастырып жаз.

6.8. Сөйлем құрастыру (саяхат тақырыбы)

  1. Барды шипажайға демалуға балалар.
  2. Теңіздің жағасында орналасқан шипажай.
  3. Түстік теңізге суға.
  4. Кішкене қайықтар теңіздің жағасында тұр.
  5. Балалар серуендеді қайыққа мініп.

Тапсырма: сөздердің орнын ауыстырып, дұрыс сөйлем құрастыр.

6.9. Тыныс белгілерін қой

Марат пен Айгүл кімге көмектесіп жатыр. Қыс қандай көңілді. Абайша құлап қалма. Оқушылар ертең жиналыс болады. Қатарыңның алды бол. Балалар қайда ойнап жүр. Өркенің өссін, қарағым.

Тапсырма: тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.

6.10. «Қоңыр күз» (Т. Жароков) — әріпті толықтыру

Қоңыр күз

М…уе пісіп балбырап,

Маужыраған қоңыр күз.

Алма п…сіп албырап,

К…үзді тартқан қоңыр к…з.

Тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.

7) Ескерту диктанты

7.1. Мәтіндер бойынша жұмыс

Баяғы заманда Асок пен Қасен деген екі дос болыпты. (Ертегі)

Бұл кезде Көксерек басқа жақтағы елді ториды. (М. Әуезов)

Амангелді Иманов Үдербай деген кедей бақташының баласы, ауылдасымның баласы, ауылдасым болатын. (Ә. Жангелдин)

Шоқан мен Шыңғысты Қызылжарға өзі апарып салды. (С. Мұқанов)

7.2. Жалқы есімдер және бас әріп

Қазақстанда үлкенді-кішілі өзендер көп. Олардың бастылары: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу, Торғай. Олардың ішінде теңіз деп аталатын үлкендері де бар. Каспий — көлдердің ең үлкені. Дүние жүзіндегі ең терең көл — Байкал.

Тапсырма: қарамен жазылған сөздердің неге бас әріптен басталатынын түсіндір.

8) Графикалық диктант

8.1. Сөйлем құрастыру және сөз байланысын көрсету

  • Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыр.
  • Нұржан тақтайды кесті. Наурызбек ағашты сүргіледі. Мирас шеге қақты.
  • Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

9) Бақылау диктанттары (мәтіндер)

9.1. «Нұршат апай»

Нұршат апай — сынып жетекшісі. Ол оқушыларды екі топқа бөлді. Нұршат апай қыздарға матадан қуыршақ жасауды үйретті. Арасына мақта салдық. Ер балалардың тобы жаңғақ пен шырпыдан ойыншықтар жасады. Асхат жасаған күшік бәріне ұнады. Балалар оған Құтжол деп ат қойды. (37)

9.2. «Тиін»

Тиін ағаштан-ағашқа, бұтақтан-бұтаққа секіріп жүреді. Ол тоғайда болады. Біз саяхатқа шыққанда тиінді көрдік. Қызыға тамашаладық. Тиін жыртқыш аңдардан да бұтаққа секіріп жүріп қорғанады. Тиін жаңғақпен қоректенеді. (27)

9.3. «Сынып тазалығы»

Біздің сынып кең әрі жарық. Сыныбымызда 22 оқушы бар. Озаттар мен екпінділер саны көп. Олар тәртіпті әрі үлгілі. Орынжан мен Гүлмаржан еден жуды. Гүлжанат гүлге су құйды. Айшат пен Мирас парталарды сүртті. Біз сыныбымызды таза ұстаймыз. (36)

9.4. «Қажымұқан»

Қазақстанның тұңғыш кәсіпқой палуаны — Қажымұқан Мұңайтпасов (1881–1948). Ол Ресейдің халықаралық жарыстарында және әлемнің француз (классикалық), кейін грек-рим күресі бойынша бірнеше дүркін чемпионы болған. Қазақ халқы оны батырға лайық құрметтеген: бойы — 198 см, күрес салмағы — 139 кг, аяқ киімі — 54 өлшем. Спорт журналистері оны «ғасыр спортшысы» деп атады. (45)

«ГИНЭС: Қазақстан рекордтар» кітабынан.

9.5. «Инелік»

Дүниедегі ең мешкей жәндіктің бірі — инелік. Ол екі сағаттың ішінде 40 шақты шыбын-шіркей жейді. Мұндай мешкейлердің тамағы оңайлықпен тоя қоймайды. Тамағын тойдыру үшін инеліктің күні бойы шыбын-шіркей аулауына тура келеді. Алаңқай үстінде ұшып жүрген инеліктің қаншама зиянды жәндікті құртатынын осыдан-ақ байқауға болады. (42)

«Ол кім? Бұл не?» кітабынан.

9.6. «Шоқан Шыңғысұлы»

Шоқан ақылды да парасатты Айғаным әжесінің бауырында өсті. Жастайынан аңыз-ертегі, өлең-жырға қанық болды. Шоқан он екі жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. Әуелде бір ауыз орысша білмей келген Шоқан екі-үш жылдың ішінде озық оқушылардың қатарына қосылды. (39)

«Ол кім? Бұл не?» кітабынан.

9.7. «Жоғалған балапан»

Үйрек бірнеше балапан басып шығарады. Ол балапандарын жем іздеуге алып шықты. Сол кезде бір балапан адасып қалды. Алдынан мысық шықты. Балапанның зәресі ұшып, қаша жөнелді. Балапанның жанұшырған даусын естіген анасы жүгіріп жетті. Қанатын жазып, балапанын ыстық құшағына басты. (39)

«Айгөлек» журналынан.

10) Маусымдық мәтіндер (көру/бақылау диктанты)

10.1. «Тамыз»

Тамыз — жаздың соңғы айы. Алтын астық жинаған егіншілерге тыным жоқ. Егіс алқаптарынан дән иісі бұрқырайды. Тамылжыған тамыз — жеміс-жидекке қарық қылатын, табысқа кенелетін ай. Құстардың топталып ұшып, ән салуы балаларға жаңа оқу жылының жақындап қалғанынан хабар бергендей. (37)

10.2. «Қоңыр күз»

Күз болды. Құстар жылы жаққа қайта бастады. Құстардың қайтуын оқушылар бақылады. Ойын баласын қимай кетіп бара жатқандай. Күз — молшылық, береке айы. Қоңыр күзді адамдар «Сары алтын» деп бекер айтпаса керек. (31)

10.3. «Қыркүйек»

Қыркүйек айы. Күн салқындады. Жапырақтар сарғайды. Мектептің ауласы теңіздей толқиды. Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер мектепке асыға басып келеді.

10.4. «Қыс»

Қыс айы. Күн суытты. Түнде су қатады. Көлде мұз боп қатты. Мұз қалыңдады. Балалар көлге келді. Гүлжаһан мен Алтынбек коньки тепті. Гүлмаржан шанамен сырғанады. Аяз бетті шымырлатады. Балалар ойынның қызығына түсіп, кештің болғанын аңғармай қалыпты. Бұл қыстың сықырлаған аязды күні еді. (41)

10.5. «Шуақты көктем»

Көктем. Көктемде өсімдіктер дүниесінде көп өзгеріс болады. Қар ериді, сай-сала суға толады. Бәйшешек гүл жарады. Ағаш бүршіктенеді. Алғашқы гүлдер — жауқазын, қызғалдақ, сарғалдақтар өсіп шығады. Көктем хабаршысы құстар келеді. Балалар құстарды қамқорлыққа алады. Аңдар да, жәндіктер де, жан-жануарлар да қыстан аман-сау шыққандарына қуанғандай. (42)

Автор туралы мәлімет

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Сымбат жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Макуова Нұршат Аманқосовна.