Өлеңнің екінші шумағын көшіріп жазу

Сабақ туралы мәлімет

Пән / Сынып

Қазақ тілі, 2-сынып

Тақырып

Сөйлем. Лепті сөйлем туралы түсінік

Сабақтың түрі

Дамыта оқыту технологиясы

Әдістер

Жинақтау, топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, дүниетану, әдеп әліппесі

Көрнекіліктер

Сызба, слайд, ойындар

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

Оқушыларға лепті сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлемнің не екенін және оның түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) мысалдар арқылы түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушыларды үш топқа бөліп, топ ережесін айтқызу және сөйлем құрату арқылы ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік

Бірлесіп, топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру, өзара қамқорлық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа назар аударту, құралдарын дайындау.

2) Психологиялық дайындық

Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адамдық.
Әрбір ісің — тілек, тірлік, адалдық.

3) Үй тапсырмасын тексеру

Үй жұмысын сұрау, орындалуын талқылау және қысқаша кері байланыс беру.

4) Өткен сабақты қайталау: топқа бөлу

Оқушылар үш топқа бөлінеді: Лепті, Сұраулы, Хабарлы. Әр топ өз атауын қорғап, ережесін айтып шығады.

Орындықтарға бөлу

  • 1-қатар: Лепті
  • 2-қатар: Сұраулы
  • 3-қатар: Хабарлы

Жұмбақтар арқылы бекіту

Төмендегі жұмбақтарды шешу арқылы сөйлем түрлерін еске түсіреміз.

Ойды аяқтап қорытады,
Соңында нүкте тұрады.

Жауабы: Сөйлем

Сөзді құрап, ой тізем,
Нүкте қойсаң — хабар берем.
Жаңалықты жеткіземін.

Жауабы: Хабарлы сөйлем

Ойды аяқтап сұрақ қояды,
Жауап сөзін күтеді.

Жауабы: Сұраулы сөйлем

Ұранды, шаттықты,
Өкінішті, аптықты
Білдіріп, ойын талайдың,
Нүктенің орнына леп қоямын.

Жауабы: Лепті сөйлем

Жаңа сабақ

Сөйлемнің түрлері үшке бөлінеді: хабарлы, сұраулы, лепті. Бүгін біз лепті сөйлемнің ерекшеліктеріне назар аударамыз.

Дәптермен жұмыс

Бүгінгі күннің жадын жазу.

Көркем жазу

«Қатарыңның алды бол!»

Ереже айту

Әр топ өз сөйлем түрінің белгісін, тыныс белгісін және мысалын айтады.

Жаттығулар

1-жаттығу

  • Өлеңді рөлге бөліп оқу.
  • Өлеңдегі сөйлемдердің түрлерін анықтау.
  • «Кім жомарт?», «Не жомарт?» сұрақтарына жауап беру.

Автор туралы

Мұзафар Әлімбай — қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі. Оқушыларды ақынның шығармашылығымен таныстыру.

2-жаттығу

  • Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу.
  • Көшіріп жазу.
  • Лепті сөйлемдерді тауып, бөлек жазу.

Автор туралы

Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қазанда Орал облысы, Жымпиты ауылында дүниеге келген.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын жаңғырту.

3-жаттығу

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Оқушыларға өздері білетін бесік жырын айтқызу.
  • Өлеңнің екінші шумағын көшіріп жазу.

«Бесік жыры» (халық ауыз әдебиеті)

Әлди, бөпем, әлди-ай!
Айналайын шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым.

Ойын арқылы бекіту

Жұмбақ: «Үш көзді батыр»

Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр.

Жауабы: Бағдаршам

«Бағдаршам» ойыны

Әр қатарға сөздері араласқан тіркестер беріледі. Оқушылар сөздердің орнын дұрыстап, толық сөйлем құрайды.

1-топ

Сыныпта, оқисың, нешінші

2-топ

Жанды, қызыл, әттеген-ай

3-топ

Бардым, мектепке, мен

Қосымша тапсырмалар

  • Көшеде жүру ережелері бойынша сұрақ-жауап жүргізу.
  • Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Қорытынды және бағалау

Сабақты қорытындылау

Әр топ өз жұмысын қорғайды: сөйлем түрінің ережесін айтып, мысал келтіреді. Мұғалім кері байланыс беріп, белсенді оқушыларды атап өтеді.

Үй тапсырмасы

4-жаттығу: лепті сөйлем құрастыру және тыныс белгісін дұрыс қою.