Етістіктің өзге сөз топтарынан ерекшелігін таныту

Сабақ тақырыбы

Көсемше (VI сынып).

Сабақтың түрі

Саяхат сабақ.

Сабақтың типі

Жаңа материалды таныстыру сабағы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Көсемше туралы теориялық білімдерін қалыптастыру.
  • Етістіктің өзге сөз таптарынан ерекшелігін таныту.
  • Етістіктің түрлері және олардың жасалу жолдары туралы біліктерін нығайту.

Тәрбиелік

  • «Атамекен» әнін тыңдату және талдау арқылы ана тілін ардақтауға тәрбиелеу.
  • Елжандылыққа, Отанды сүюге баулу.
  • Өнерді қадірлеуге және дәріптеуге үйрету.

Дамытушылық

  • Теориялық білімді практикамен ұштастыру.
  • Шапшаң жауап беруге төселдіру.
  • Есте сақтау мен ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Шығармашылыққа баулу.

Сабақтың әдістері мен технологиялары

Сабақтың әдістері

  • Диалогтік оқыту
  • Сұрақ–жауап
  • Талдау
  • Шығармашылық жұмыс
  • Ой толғау
  • Өзін-өзі бағалау
  • Ой шақыру
  • Топтастыру
  • Сөзжұмбақ шешу

Педагогикалық технологиялар

  • Деңгейлеп-саралап оқыту
  • Сын тұрғысынан ойлау

Сабақ барысы

Сабақтың мазмұны «саяхат сабақ» форматында ұйымдастырылады: оқушылардың қызығушылығын оятып, жаңа материалды меңгертуге, талдау мен шығармашылық тапсырмалар арқылы білімді бекітуге бағытталады.