Аяқты бүгіп ұзындыққа секіру техникасын үйрету
Мақсаты мен міндеттері
Оқу міндеттері
- 1 Аяқты бүгіп ұзындыққа секіру техникасын үйрету.
- 2 150 г кіші допты лақтыру техникасын жетілдіру.
- 3 60 метрге жүгіруді қайталау және уақытқа жүгіру.
Дамытушылық міндет
Аяқ және қол бұлшықеттерін дамыту.
Тәрбиелік міндет
Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
-
Сапқа тұрғызу, рапорт беру, сәлемдесу 1 мин 30 сек
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушылардың сыртқы келбетіне назар аудару.
2) Саптағы жаттығулар
- Солға, оңға, кері айналу (30 сек)
- Жаттығуларды 1–2 есеппен орындау
3) Қозғалысқа көшу: жүріс және жүгіру
Алға адымдап басу
Ара қашықтық — 1 метр. (30 сек)
Спорттық жүріс
Жеңіл жүріспен қозғалу, қол шынтақтан бүгулі. (30 сек)
Жүгіру
Бір қалыппен, сапты бұзбай жүгіру. (2 мин)
Спорттық жүріске көшу
Қашықтық — 30 м. Қол дене қапталында.
Жай жүріс
Қашықтық — 30 м. Ара қашықтықты сақтап жүру.
4) Тыныс алу жаттығулары
1–2 — қолды екі қапталмен көтеру.
3–4 — қолды түсіру.
Қашықтық — 25 м. Қолды көтергенде — демді ішке тарту, түсіргенде — демді шығару. Соңында тоқтап, 1–2–3 санау.
5) Орнында тұрып қыздыру жаттығулары
1. Бас жаттығулары
Бастапқы тұрыс: аяқ иық деңгейінде, қол белде.
1 — басты алға еңкейту; 2 — бастапқы тұрыс; 3 — басты артқа еңкейту; 4 — бастапқы тұрыс;
5 — солға еңкейту; 6 — бастапқы тұрыс; 7 — оңға еңкейту; 8 — бастапқы тұрыс.
4 рет. Арқаны тік ұстау, иықты көтермеу.
2. Қол буындарын айналдыру
Бастапқы тұрыс: аяқ иық деңгейінде, қол қапталда.
1–4 — білекті айналдыру;
5–8 — шынтақтан айналдыру;
9–12 — иықтан айналдыру.
2 рет алға. Бір қалыпты орындау.
3. Қолды сермеу
Бастапқы тұрыс: аяқ иық деңгейінде, қол кеуде деңгейінде.
Артқа сермегенде жауырын бір-біріне тиюі керек.
1–2 — бүгулі қолды артқа серпу;
3–4 — жазулы қолды артқа серпу.
5–6 рет. Оң және сол қапталға бұрыла орындау.
4. Еңкею жаттығуы
Бастапқы тұрыс: аяқ иық деңгейінде, қол иықта. 1 — оң аяққа еңкею; 2 — ортаға; 3 — сол аяққа еңкею; 4 — бастапқы тұрыс.
7–8 рет. Тереңірек еңкею, аяқ бүгілмейді.
5. Аяқты қайшылап көтеру
Бастапқы тұрыс: аяқ иық деңгейінде, қол алда жоғары.
1 — қайшылап сол аяқты оң қолға көтеру; 2 — бастапқы тұрыс;
3 — қайшылап оң аяқты сол қолға көтеру; 4 — бастапқы тұрыс.
5–6 рет. Тізені бүкпеу, аяқты биігірек көтеру, денені бүкпеу.
6. Жартылай отырып серпілу
Бастапқы тұрыс: сол аяқ алда, тізе бүгулі, қол тізеде, жартылай отыру.
1–2 — серпіле отырып сол аяққа;
3–4 — серпіле отырып оң аяққа.
5–6 рет. Тереңірек отыру.
7. Бір аяқпен секіру
Бастапқы тұрыс: аяқ иық деңгейінде, қол артта.
1–4 — оң аяқпен сол бағытта секіру;
5–8 — сол аяқпен оң бағытта секіру.
4–5 рет. Арқаны тік ұстау.