Астана қаласының көркем келбетіне мән бергізу
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Астана
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдістері
- Пікірлесу, сұрақ-жауап, сауалнама
- Көрнекілігі
- Ребус, суреттер, диаграммалар, оқулық
Сабақтың мақсаты
-
1
Өлеңді түсініп оқыту арқылы Астана қаласының көркемдігін айқындау, елорда келбетіне мән бергізу.
-
2
Оқушылардың сөздік қорын байыту, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
-
3
Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Жылы қарым-қатынасОқушылардың көңіл күйін көтеріп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
II. Өтілген материалды пысықтау
Қайталау және тексеру1) Үй жұмысын тексеру
«Кімнің мекені жақсы» мәтіні бойынша үш бөлімнен тұратын мазмұндама айтқызу.
2) Сауалнама (қайталау сұрақтары)
-
1. «Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем...» деп басталатын өлең жолдарының авторы кім?
- А) Ж. Смақов
- Ә) М. Мақатаев
- Б) Ж. Смақов
-
2. Ж. Аймауытовтың шығармасын ата.
- А) Үш сом
- Ә) Зеректік
- Б) Қартқожаның туған жері
-
3. Өмірде болған адамның басынан өткен оқиғаға құрылған шығарма қалай аталады?
- А) Мақал
- Ә) Аңыз
- Б) Ертегі
-
4. «Күн шыққанда» мәтінінде не туралы айтылады?
- А) Туған жерді сүю туралы
- Ә) Кітаптың пайдасы туралы
- Б) Білімнің пайдасы туралы
-
5. Ж. Аймауытовтың шығармасы.
- А) Кітап оқу
- Ә) Зеректік
- Б) Сақина
III. Жаңа сабақ
Танысу және талдауРебус шешу
Ребустың шешуіне сүйене отырып, Астана және Алматы қалалары туралы әңгімелеу.
Күләш Ахметова туралы қысқаша мәлімет
Күләш Ахметова (25.04.1946 жылы туған, Қырғызстан, Талас ауданы, Киров ауылы) — ақын. Жамбыл медициналық училищесін, кейін Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1973). «Қазақстан пионері» газетінде және «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінен жариялана бастады. К. Ахматова, А. Межиров, Н. Ислам, Э. Межелайтис шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ақын поэзиясы азаматтық үнімен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленіп, туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат тақырыптарын арқау етеді.
Өлеңмен жұмыс
- Өлеңді мұғалімнің дауыстап оқып беруі.
- Өлең мазмұнына талдау жүргізу.
IV. Жаттығу жұмысы
Тәжірибе және бекітуОқулықпен жұмыс
- Өлеңді тізбектей оқыту.
- Өлең бойынша тапсырмалар орындау.
Мәтінмен дәлелдеу
Мәтіннен «Астана», «Сарыарқа», «Есіл» сөздеріне қатысты жолдарды тауып, тұтас оқыту.
Ақын ойын сызбаға түсіру (топтастыру)
Негізгі ұғымдар
- Сарыарқа
- Алатау
- Есіл
Қалалар
- Алматы
- Астана
Символ
- Бәйтерек
Сурет бойынша әңгіме
Суретке сүйене отырып, Астананың келбеті мен табиғи-географиялық ерекшеліктері туралы қысқа әңгіме құрастыру.
V. Сабақты бекіту
ҚорытындылауВенн диаграммасы
Астана мен Алматы қалаларын салыстыру.
Астана
Елорда, заманауи сәулет, Есіл жағасы, Бәйтерек және жаңа нысандар.
Ортақ
Қазақстанның ірі қалалары, мәдениет пен білім орталықтары, ел дамуына үлес қосады.
Алматы
Таулы өңір, Алатау етегі, табиғаты көркем, тарихы терең мегаполис.
Қорытынды сұрақтар
- 1. Өлеңде қай қала туралы айтылады?
- 2. Жаңа астана қашан құрылды?
- 3. Астана қай жерде орналасқан?
- 4. Ақын Астананың көркем келбетін қалай жырлаған?
VI. Үй тапсырмасы
Жеке жұмысӨлеңді жаттап келу.
VII. Бағалау
РефлексияОқушылардың өзін-өзі бағалауына мүмкіндік беру және сабақтағы белсенділігін ескере отырып қорытынды баға қою.