Шәмші - Шәмші кім

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

О. Бодықов — «Аққұс туралы аңыз»

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер

  • О. Бодықов пен Ш. Қалдаяқовтың суреттері
  • Слайд материалдары

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Оқушылар Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын оқып-үйренеді.
  • Әңгіменің мазмұнын түсініп, аңыз жанры туралы ұғым қалыптастырады.
  • Жазушы Оразбек Бодықовтың өмірбаянымен танысады.

Дамытушылық

  • Сыни ойлау арқылы шығармашылық қиялы дамиды.
  • Жүйелі ойлау қабілеті күшейіп, сөздік қоры молаяды.
  • Зерттеушілік дағдылары қалыптасады.

Тәрбиелік

  • Ән құдіретін сезініп, өнерді құрметтеуге тәрбиеленеді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер (модульдер)

Сыни тұрғыдан ойлау Диалогтік оқыту АКТ пайдалану Талантты және дарынды балаларды анықтау Оқыту үшін бағалау Оқуды бағалау

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Сабақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні туралы қысқаша өлең жолдарымен басталады. Бұл бөлім оқушылардың көңіл күйін көтеріп, Отанға және өнерге деген сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталған.

Өлең жолдары

Барша халық таныған,

Біздің үміт, тілекті.

Шырқалғанда әнұран,

Жаңғыртады аймақты.

Шәмші атаның сазды үні,

Жігер беріп қайратты.

Бәрімізді мәз қылып,

Жаңғыртады аймақты.

  • Оқушылардың көңіл күйін сұрау.
  • Әнге, Отанға және өмірге деген сүйіспеншілікпен сабақты жалғастыру.

II. Үй жұмысын тексеру

Үй тапсырмасы: Әбілхан Қастеев. Жұмыс сұрақ-жауап арқылы бекітіледі.

Сұрақтар

  1. Әбілхан Қастеев кім? Қайда және қашан дүниеге келген?
  2. Әбілхан Қастеевтің анасы туралы не білесің?
  3. Ол кімдерден сабақ алған?
  4. Суретші Әбілхан Қастеевтің шығармаларын ата.

Сарапшы рөлі

Әр топтың жауаптарын толықтырып, талдап, қорытынды жасайды.

Ұйымдастыру

  • «Өнер» сөзіне топтастыру (слайд арқылы).
  • Топ атауын анықтау, топ басшысын сайлау.
  • Бағалау парағын тарату.

«Өнер» тақырыбындағы топтастыру

Оқушылар өңір өнерпаздарын атап, ұғымдарды нақтылайды. Бұл бөлім жергілікті мәдениетке қызығушылықты арттыруға көмектеседі.

Жыр

Маңғыстау облысындағы жыршылар: Амандық Көмеков.

Би

Маңғыстаулық бишілер: Серік Сариев. Ақтауда «Жорға» би ансамблі бар.

Күй

Жерлес күйшілер: Сержан Шакрат, Роза Айдарбаева.

Ән

Маңғыстаудың танымал әншілері: Тамара Асар, Ақылбек Жеменей, Ұлықпан Жолдасов, Мұрат Қожа, Ғалымжан Жолдасбаев.

Сазгер

Әнді жазатын адам — сазгер (композитор).

Қазақстанның белгілі сазгерлері: Ескендір Хасанғалиев, Әсет Бейсеуов, Сыдық Мұхаметжанов, Арман Дүйсенов; Маңғыстаулық: Ұлықпан Жолдасов.

Жалпы (өңірлік сазгерлер)

Маңғыстау облысының сазгерлері: Марат Ордабаев, Мұхамедьяр Нысанов, Көмек Ыбраев, Қуантқан Ванов.

Мұнайлы ауданында Есенбай Құлиев есімді сазгер бар. Ол «Каспий – достық теңізі» әнінің әуенін жазған.

III. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ (мақал-мәтелдерді толықтыру)

  1. ... қолы көпке ортақ.
  2. Ұстаздан ... озар.
  3. Өнерлі бала ... .
  4. Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон ... .
  5. Жігіт адамға ... өнер де аз.

Ерекшеленген торкөздерден шығатын сөз: «Шәмші».

Талқылау сұрақтары

  • Шәмші кім?
  • Оның өнердегі орны қандай?

Автормен таныстыру

Жазушы Оразбек Бодықов — Шәмші Қалдаяқовтың сенімді, сырлас досы. Сабақта Шәмшімен байланысты қызықты естеліктер негізіндегі «Аққұс туралы аңыз» әңгімесімен танысамыз.

Негізгі жұмыс бағыттары

1) Автор туралы мәлімет

Оразбек Бодықовтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат беріледі.

2) «Аңыз» ұғымын түсіндіру

«Аңыз» түсінігі сызба арқылы талданып, жанрлық ерекшелігі айқындалады.

3) Мәтінмен жұмыс

  • Оқушылар мәтінді 2 минут іштей оқып шығады.
  • Түсініксіз сөздерді түртіп алады.
  • Дәптерге күнін, айын және жаңа тақырыпты жазады.