Географиялық диктант
Сабақ туралы мәлімет
Астана қаласы, №68 орта мектептің география пәні мұғалімі: Сеил Кәмшат Елтайқызы.
Сабақтың тақырыбы
Африка халқы және саяси картасы.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
- Жеке жұмыс
- Жұптық жұмыс
- Топтық жұмыс
Көрнекіліктер
- Дүние жүзінің саяси картасы
- Африканың саяси картасы
- Флипчарт
- Слайдтар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Африка халқы мен елдері туралы білім қалыптастыру, олардың ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылық
Ой-өрісті, танымдық ойлау қабілетін және іскерлікті дамыту; өз бетімен жұмыс істеуге және шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік
Жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақтың барысы
Үй тапсырмасын тексеру және ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар 6 топқа бөлінеді: «түрлі түсті қағаз алу» әдісі қолданылады.
Бағалау парақтары таратылады.
Географиялық диктант
Төмендегі сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беріңіз.
Нұсқаулық
Әр жауапты жеке жолға жазыңыз. Қажет болса, карта мен атласты пайдаланыңыз.
- 1. Африканың ең ірі көлі
- 2. Африканың суы мол өзені
- 3. Әлемге әйгілі ұлттық саябағы
- 4. Материк аумағының 40%-ын алып жатқан табиғат зонасы
- 5. Материктің ең биік нүктесі
- 6. Материктегі ең ірі арал
- 7. Бұл табиғат зонасы тропиктік құрғақ климатпен сипатталады
- 8. Материктің оңтүстік шеткі нүктесі
- 9. Әлемдегі ең ұзын өзен
- 10. Құрғақ, ыстық жел
Жаңа сабақ
I. Қызығушылықты ояту: «Ой шақыру»
- 1 Жер шары халқы қандай нәсілдерге бөлінеді?
- 2 Әр нәсілдің сыртқы келбетіндегі айырмашылық қандай?
Видеоматериал
«Африка халқы» тақырыбындағы видеоролик көрсетіледі. Роликті көргеннен кейін оқушылар сабақ тақырыбын өздері анықтайды.
II. Мағынаны тану
Оқушыларға тақырыпты өз бетімен оқып шығуға 5–7 минут уақыт беріледі.
Оқып болғаннан кейін «Кубизм» әдісі бойынша әр топқа тапсырма беріледі. Оқушылар өз ойларын флипчартқа түсіреді (5–6 минут).
- 1-топ: Суреттеу
- 2-топ: Салыстыру («Венн диаграммасы»)
- 3-топ: Зерттеу («Мәлімет беру»)
- 4-топ: Байланыстыру («Кесте құру»)
- 5-топ: Саралау («Топтастыру»)
- 6-топ: «Келісіңіз немесе қарсы шығыңыз»
Топтық жұмыс тапсырмалары (үлгі)
1-топ: «Суреттеу»
«Бес жол өлең» форматын қолданып, Сахара тақырыбын сипаттаңыз.
- Материктің географиялық орнына және Сахара шөліне қатысты мәліметтерді анықтау.
- Сахараның географиялық орнын көрсету.
- Берберлер мен бәдуилердің өмір салтын суреттеу.
- Құрма пальмасының шөл тіршілігіндегі маңызын ашу.
- Шөлдегі басты байлық — судың рөлін көрсету.
2-топ: «Салыстыру»
«Венн диаграммасы» арқылы берілген нысандарды салыстырыңыз. (Мұнда салыстыру жұптары мұғалім тарапынан нақтыланады.)
Ескерту
Ортақ белгілерді және айырмашылықтарды бөлек көрсетіңіз: табиғаты, халқы, шаруашылығы, орналасуы.