Сөздердің байланысу тәсілдері

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сынып
7-сынып
Сабақтың түрі
Дәстүрлі
Сабақтың типі
Жаңа оқу материалын меңгерту
Әдістер
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Сызба, интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланыс
Әдебиет

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды сөздердің байланысу тәсілдерімен таныстыру; тақырып бойынша алған білімдерін ауызша және жазбаша түрде жетілдіру.

Дамытушылық

Өз бетінше ізденуге үйрету; ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық жұмыс арқылы дағдыландыру.

Тәрбиелік

Адамгершілікке баулу; ұқыптылықты, тыңдау әдебін және сөйлеу шеберлігін арттыру; патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқушы зейінін сабаққа аудару.
  • Кабинет тазалығына көңіл бөлу.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырып: Сөздердің грамматикалық байланысы. Оқушылар мысалдар келтіреді.

III. Үй тапсырмасын қорытындылау (сұрақ-жауап)

1) Сөздер не үшін және қалай сөйлем құрайды?

2) Сөйлемдегі сөздердің бір-бірінен қандай айырмашылығы болуы мүмкін?

3) Сөздер бір-бірімен белгілі бір не арқылы байланысады?

IV. Жаңа сабаққа кіріспе

Адастырмайықшы сөздерді,
Шығайықшы байланыстырып әдемі бір сөйлемді.

Берілген сөз тіркестері

Шахтаға жіберуге, жаңа жұмысшыларға, техника қауіпсіздігін, тыйым салынсын, ұғындырмайынша.

V. Жаңа сабақ: Сөздердің байланысу тәсілдері

1) Жалғаулар арқылы

Сөздер септік, тәуелдік, жіктік сияқты жалғаулар арқылы грамматикалық байланысқа түседі.

2) Сөздердің орын тәртібі арқылы

Сөйлемдегі орын тәртібі өзгерсе, мағына мен байланыс та өзгеруі мүмкін.

3) Шылаулар арқылы

Шылаулар сөздер мен сөз тіркестерін байланыстырып, мағыналық реңк береді.

4) Интонация арқылы

Дауыс ырғағы мен кідіріс арқылы сөздердің арақатынасы айқындалады.

235-жаттығу

Мәтінді оқып, ойынның мәнін түсініңдер. Сөздердің байланысу тәсіліне қарай сөздерді тіркескен сөзімен бірге жазыңдар.

Үлгі

Ел арасына (елдің арасына) — ілік септік (түсіп қалған) және тәуелдік жалғауы -сы арқылы байланысқан, III жақ.

«Кімнің ойы ұшқыр?» ойыны

Шарты: «Айгөлек» ойынының жалғасын ойлап, жазу.

«Төрттік одақ» ойыны

Шарты: топпен жұмыс. Сөздердің байланысу тәсілдеріне мысал келтіріп, түсіндіру.

Жалғаулар Шылаулар Орын тәртібі Интонация

VI. Жаңа сабақты қорытындылау

Төмендегі мысалдардан сөздердің байланысу тәсілдерін анықтап, тиісті бағанға бөліп жазыңдар.

Мысал Жалғаулар Шылаулар Орын тәртібі Интонация
1 Жігіт..., ойын арзан, күлкі қымбат.
2 ... адам жатына да жақындай, ... адам жақынға да жатындай.
3 Мал ... таласпа, ар ... талас!
4 Әуелі — көкірегі байлаулы, берік болмақ керек.
5 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі.
6 Адам неғұрлым ақылды, мейірімді болған ... , соғұрлым өзінің жақсылығын бағалағыш келеді.
7 Ақындар айтысы болып өтті.
8 Залымдық — адам баласының дұшпаны.

VII. Үй тапсырмасы

Тақырыпты қайталау: Сөздердің байланысу тәсілдері.
236-жаттығу.

VIII. Бағалау

Оқушылардың білімін бағалау: сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының дәлдігі ескеріледі.