Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы

«Жас биолог – 2013» интеллектуалды сайысы

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! 9–10-сыныптар арасында биология пәнінен өтетін «Жас биолог – 2013» танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Тұрмағамбет Ізтілеуовтан

Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын.

Сайыскерлер

  • Мәжен Мөлдір — 10-сынып оқушысы
  • Қабыл Сүйіндік — 10-сынып оқушысы

Әділқазылар алқасы

  • Нұрғожина А. О. — жаратылыстану бірлестігінің жетекшісі
  • Қоспанбетова С. С. — биология пәнінің мұғалімі
  • Айжарыкова К. О. — мектеп психологы

Сайыс құрылымы

Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең қатысушылардың білімін, логикасын және жылдам ойлауын бағалауға бағытталған.

I кезең

Кім білгір?

II кезең

Сенесіз бе, сенбейсіз бе?

III кезең

Терминдер аукционы

IV кезең

Бұл қандай ғылым?

V кезең

Төртінші артық

VI кезең

Ғажайып биология

Қатысушыларға тілек

Тапқыр, білгір, дарынды —
Жарыс бар бүгін арынды.
Пәніңді сүйсең сен шын,
Ортаға сал барынды!

I кезең — «Кім білгір?»

Бұл кезеңде әр оқушыға 10 сұрақ оқылады. Қатысушы сұраққа толық жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.

Зоология

  1. Балықтарды зерттейтін сала: ихтиология.
  2. Балықтың зәр шығару мүшесі: бүйрек.
  3. Денесінің түсін тез өзгерте алатын қабыршақтылар өкілі: құбылғы.
  4. Африка түйеқұсының саусағы: екеу.
  5. 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі: көнеқұс.
  6. Кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын мүше: көкет (диафрагма).
  7. Жұмыртқа салатын сүтқоректі: түрпі.
  8. Еліміздегі кесірткенің ең ірі түрі: келес.
  9. Қосарлы тыныс алатын жануарлар: құстар.
  10. «Құрттар топырақтан, шыбындар шіріген еттен пайда болады» деп есептеген ғалым: Аристотель.

Анатомия

  1. Адам денесіндегі буындар саны: 230.
  2. Қанда темірдің тұрақтылығын сақтауға ықпал ететін без: гипофиз.
  3. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: қант диабеті.
  4. Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы: амнезия.
  5. Қан құрамындағы жасушалардың бірі: лейкоциттер.
  6. Түсті ажырата алмау: дальтонизм.
  7. Оқу кезінде кітаптың көзден қашықтығы: 30–35 см.
  8. Қанайналымның бір айналымына кететін уақыт: 27 секунд.
  9. Гуморальдық реттелудегі негізгі заттар: гормондар.
  10. Арқа омыртқаларының саны: 12.

Ботаника

  1. 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен алғаш көрген: Роберт Гук.
  2. Төменгі сатыдағы өсімдіктер: балдырлар.
  3. Біржасушалы талшықты балдыр: хламидомонада.
  4. Фотосинтездегі хлорофиллдің рөлін алғаш сипаттаған: К. А. Тимирязев.
  5. Жапырақ сағағына ұқсас гүлдің жіңішкерген жері: гүл сағағы.
  6. Пішіні малдың тұяғына ұқсас саңырауқұлақ: діңқұлақ.
  7. Қостанай далалы аймағындағы қорық: Наурызым қорығы.
  8. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның Қызыл кітабы жарық көрген жыл: 1981.
  9. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым: ботаника.
  10. 1920–1930 жж. «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым: Ж. Күдерин.

Цитология

  1. Жасушаға пішін мен беріктік беретін құрылым: қабықша.
  2. Жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, созылмалы тірі зат: цитоплазма.
  3. Жасушаның көбеюіне қатысады: ядро.
  4. Тек өсімдік жасушасына тән денешіктер: пластидтер.
  5. Жасушаны энергиямен қамтамасыз етеді: митохондрия.
  6. Бөгде заттарды ыдыратады: лизосома.
  7. Көпіршік, түтікше тәрізді органоид: Гольджи жиынтығы.
  8. Пластидтер кездеседі: өсімдіктерде.
  9. Жасушадағы органикалық қосылыстар: нәруыздар, майлар.
  10. Нәруызды түзетін аминқышқылдарының саны: 20.

Биологиялық ғалымдар

  1. 1870–1880 жж. ұсақ ағзалардың бар екенін тәжірибемен дәлелдеген: Луи Пастер.
  2. Микробиологияның дамуына жол ашқан: Л. Пастер.
  3. 1892 жылы темекі теңбілін зерттеп, вирусты ашқан: Д. И. Ивановский.
  4. 1899 жылы «вирус» терминін ғылымға енгізген: М. В. Бейерник.
  5. Биосфера ілімінің негізін салған: В. И. Вернадский.
  6. Хромосомалық теорияны негіздеген: Т. Морган.
  7. Ядролық сынақтарға мораторий жариялаған тұлға: Н. Назарбаев.
  8. Эволюциялық ілімнің негізін салған: Ч. Дарвин.
  9. «Зоология философиясы» еңбегінің авторы: Ж. Б. Ламарк.
  10. «Невада–Семей» қозғалысын басқарған: О. Сүлейменов.

Генетика

  1. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым: генетика.
  2. Генетиканың негізін салушы: Г. Мендель.
  3. Хромосомалық теорияны негіздеген: Т. Морган.
  4. «Генотип» және «фенотип» ұғымдарын қалыптастырған: В. Иогансен.
  5. Мендельдің I заңы: біркелкілік.
  6. Мендельдің II заңы: белгінің ажырауы.
  7. Басыңқы гендер: доминантты.
  8. Генетикалық зерттеуге қолайлы жәндік: дрозофила шыбыны.
  9. Мендель заңдарын қайта дәлелдеген ғалымдар: Де Фриз, К. Корренс.
  10. «Ген» терминін ғылымға енгізген: Т. Морган.

II кезең — «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»

Бұл кезеңде әр оқушыға 2 сұрақ оқылады. Қатысушы «сенемін» немесе «сенбеймін» деп жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.

Сұрақтар топтамасы A

  • Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым микология деп аталады.
  • Паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады.
  • Дүниедегі ең биік ағаш — шырша.
  • Жануар жасушасында пластидтер кездеседі.
  • Бақаға арналған ескерткіш Франция мен Жапонияда қойылған.
  • Қазақстанда 12 қорық бар.

Сұрақтар топтамасы B

  • Тағамдарды бүлдіретін саңырауқұлақтарға мукор жатады.
  • Адамда 1 бас, 2 қол, 3 аяқ болады.
  • Адам бүйрегінің салмағы 150 г, жүректің салмағы 250–300 г.
  • Ағаштар 300–500 жыл өмір сүреді.
  • Картоптың отаны — Қазақстан.
  • Ақтөбе облысында Ырғыз–Торғай резерваты бар.

III кезең — «Терминдер аукционы»

Оқушыларға уақыт беріледі. Әрқайсысы таңдаған саласы бойынша мүмкіндігінше көп термин жазып шығады.

Топтама 1

  • Микробиология
  • Ихтиология
  • Микология

Топтама 2

  • Бриология
  • Генетика
  • Диетология

Топтама 3

  • Орнитология
  • Урология
  • Биология

Топтама 4

  • Физиология
  • Экология
  • Гельминтология

IV кезең — «Бұл қандай ғылым?»

Қатысушыларға ғылым атаулары ұсынылады. Әр оқушы сол ғылымға қысқаша әрі нақты анықтама береді.

Бағалау өлшемі

Анықтаманың дәлдігі, терминдерді дұрыс қолдану, сөйлеу мәдениеті.

Маңыздысы

Тақырыпты «не зерттейді?» деген өзек арқылы ашу.

Қысқалық

1–2 сөйлеммен түсінікті тұжырым жасау.

V кезең — «Төртінші артық»

Қатысушыларға суреттер мен қысқаша сипаттамалар ұсынылады. Солардың ішінен біреуі артық екенін тауып, таңдауын дәлелдейді.

Бұл кезең салыстыру, жіктеу және логикалық дәлел жасау дағдысын айқын көрсетеді.

VI кезең — «Ғажайып биология»

Қорытынды кезеңде сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Қорытынды және марапаттау

Сонымен, бүгінгі «Жас биолог – 2013» сайысы өз мәресіне жетті. Енді марапаттау кезеңіне өтеміз. Алда әлі де биік-биік асулардан көріне беріңіздер деген ізгі тілегімізді білдіреміз.

Қоштасу сөзі

Қош сау болыңыздар!