Балықты қуыру

7-сынып технология пәні: балықтан жасалатын тағамдар

Бұл сабақта оқушылар балық тағамдарын дайындау технологиясын меңгереді, өнімді дұрыс таңдау мен сақтау ережелерін үйренеді, сондай-ақ қауіпсіз әрі ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

Сабақтың мақсаты

Балық тағамдарының дайындалу технологиясын білу және тәжірибеде қолдану.

Сабақ түрі

Аралас сабақ (теория + тәжірибе).

Әдіс-тәсілдер

Баяндау, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.

Пәнаралық байланыс

Биология.

Оқу нәтижелері

Білімділік

Балықтан жасалатын тағам өнімдерін дайындау жолдарын үйрету.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, әдемілікке, жұмысты тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Күнделікті дағдыларды, қабілетті, шеберлік пен іскерлікті шыңдау.

Құрал-жабдықтар

  • Плакаттағы суреттер, слайд материалдары
  • Ет пен көкөністерге арналған бөлек тақтайшалар
  • Кастрөлдер, табалар
  • Асханалық құралдар

Маңызды: балықты өңдеу үшін бөлек тақтайша мен пышақ қолдану — тағам қауіпсіздігінің негізгі талабы.

Өткенді қайталау сұрақтары

  1. Балықтың қандай пайдасы бар?
  2. Сапасыз балықты қалай анықтауға болады?

Балық туралы қысқаша мәлімет

Балықтар — негізінен су ортасына бейімделген жануарлар. Олар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады және жүзуге өте бейім.

Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда) да, тұщы суларда (өзендер, көлдер, су қоймалары) да тіршілік етеді. Кейбір түрлер (мысалы, жыланбалық) тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүре алады.

Жіктелуі

Балықтар (лат. Pisces) — хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Әлемде 22 000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың шамамен үштен бірі тұщы суда тіршілік етеді.

  • Жақсыздар (миксина сияқты)
  • Шеміршектілер (акулалар және тұтасқанаттар)
  • Сүйектілер (ең үлкен топ)

20 мыңнан астам түр белгілі, олардың 97–98%-ы сүйекті балықтарға жатады. Қазақстанда шамамен 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі.

Балықтың тағамдық құндылығы

Балық — өте бағалы өнім. Оның етінде ақуыз, минералдық заттар, майлар және дәрумендер болады. Балық ақуызы ағзаға тез сіңеді. Майы аз жас балық та пайдалы.

Майлылығына қарай жіктеу

  • Арық (майы аз): треска, хек
  • Орташа майлы: теңіз алабұғасы, камбала, скумбрия, ставрида
  • Майлы: майшабақтар

Теңіз балықтары көбіне йодқа бай, сондықтан минералдық құрамы жағынан құнды.

Сақтау және қауіпсіздік

Балық тез бұзылады, сондықтан оны тоңазытқышта сақтау, тұздау немесе мұздату қажет. Мұздатылған балық дұрыс сақталса, бастапқы сапасын ұзақ уақыт жоғалтпайды.

Сақтау кезінде жарамдылық мерзімін міндетті түрде қадағалау керек.

Жылулық өңдеу тәсілдері

Балық тағамдарын жылумен өңдеуіне қарай үш топқа бөледі: қайнату, қуыру, көмбе (көмеш) пісіру.

Қайнату

Қайнатқанда дәмді болатын балықтар: теңіз алабұғасы, ставрида, камбала.

  • Езіліп кетпеуі үшін балық терісін екі жерден теседі.
  • Піскенін шанышқымен тексер: етке еркін кірсе — піскен.
  • Суытып алмау үшін үстелге сорпасымен бірге әкеледі.

Булап пісіру

  • Ыдыстың 1/3 бөлігіне су құйып, қақпағын жауып қыздырады.
  • Балықтың үстіңгі бөлігі бу арқылы піседі.
  • Балықты терісі сылынып алынса, терісі болған жағын төмен қаратып салады.

Қуыру

  • Балықты ұнға аунатады.
  • Немесе ұнтақталған кепкен нанға (панировка) аунатып қуырады.

Сарамандық жұмыс: балықты тұздау

Тәжірибелік бөлімде балықты операциялық карта бойынша тұздау тәсілі орындалады.

Қажетті өнімдер (мөлшері)

  • Жас скумбрия — 500 г
  • Жасыл көк (аскөк)
  • Сарымсақ — 2 бас
  • Тұз — 1 ас қасық
  • Дәмдеуіштер

Талқылау сұрақтары

  1. Балықты алғашқы өңдеу дегеніміз не?
  2. Балықты неге басқа өнімдердің бәрінен кейін өңдейсің?
  3. Балықты тоңазытқышқа қою үшін неге орайсың?
  4. Балық тұздауда қандай дәмдеуіштер қолданылады?

Сабақтың құрылымы

Сабақ барысы

  • Ұйымдастыру: сәлемдесу, оқушыларды журнал бойынша тексеру
  • Жаңа тақырыпты түсіндіру
  • Бекіту
  • Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы

  • Тақырыпты оқу
  • Балық тағамдарын әзірлеу тәсілдерін үйреніп келу