Диалогтық оқыту
Коучинг жоспары
Диалогтық оқыту: әңгімелесудің түрлері
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка №2 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсембекова Анар Сериковна ұсынған коучинг материалы.
Коучингтің тақырыбы
Диалогтық оқыту. Әңгімелесудің түрлері.
Мақсаты
- Сабақ үдерісіндегі диалогтық оқытудың маңызын айқындау.
- Оқушыны дамытатын дағдылар мен қабілеттерді анықтау.
- Әңгімелесу факторы бойынша мәлімет беру (БЖӘ).
- Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер туралы қысқаша жадынама тарату.
Күтілетін нәтижелер
- Оқу үдерісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді.
- Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады және тәжірибеде қолданады.
- Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
Іс-шараның құрылымы
Уақыт мөлшері көрсетілген
Шаттық шеңбері
Коучингке қатысушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру.
Топтық жұмыс
Топқа бөліну (кәмпиттер арқылы).
Теориямен жұмыс
Диалогтық оқыту туралы таныстырылым көрсетіледі.
Ұжымдық жұмыс
«Диалогтық оқыту дегеніміз не?» тақырыбында талқылау.
Сергіту сәті
Қатысушылардың шаршауын басуға арналған қысқа белсенділік.
«Ертегілер әлемі»
Экранда көрсетілетін мультфильмдер бойынша сөйлету, диалогқа түсіру жұмысы.
Ой-толғау және қорытынды
«Рюкзак» әдісі
Қатысушылар қағазға рюкзактың суретін салып, бүгінгі коучингтен өзіне маңызды деп тапқан білімді «алып кететінін» қысқаша жазады.
Кері байланыс
Қатысушыларға кері байланыс парағы таратылады. Бағалау сұрақтары:
-
Сіз үшін өткізілген коучингтің маңыздылығы қандай болды?
A) Өте маңызды B) Орташа
-
Өткізілген коучинг сіздің кәсіби дамуыңыздың сұраныстарына сәйкес келе ме?
A) Иә B) Жоқ
-
Қатысушы ретінде коучинг сізге жаңа серпін бере алды ма?
A) Иә B) Жоқ
-
Сіздің ойыңызша, осы коучинг сізге пайдалы болды ма?
A) Иә B) Жоқ
-
Өз тәжірибеңізде осы модульді пайдаланасыз ба?
A) Иә B) Жоқ
Құжат соңында толық нұсқасын жүктеу бөлімі көрсетілген.
Толық нұсқасын жүктеу