Мәтінді тізбекпен оқушыларға оқыту

Әдебиеттік оқу (3-сынып)

Тақырыбы

Сәбит Мұқанов — «Көкшенің көрінісі»

Мақсаты

  • Мәтін мазмұнын түсіне отырып, Көкше табиғаты туралы түсінік қалыптастыру.
  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
  • Табиғатты сүюге, оны аялауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

АКТ, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекілік және құрал-жабдық

Презентация, карточкалар.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

Оқушылар ұнатқан гүлін таңдау арқылы топқа бөлінеді: Раушан, Бәйшешек, Қалампыр, Қызғалдақ. Әр оқушы өз тобына орналасады.

Раушан Бәйшешек Қалампыр Қызғалдақ

2) Үй тапсырмасын тексеру

Әуелбек Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» мәтінін бөлімдер бойынша мазмұндату:

  • Аңдар мен жануарлардың жауларынан қорғану тәсілдері.
  • Киіктердің суатқа келуі.
  • Қасқырлардың шабуылы.
  • Текенің айласы.
  • Дала еркесі — Ақбөкен.

Бағалау: жауап берген топтарды смайликтер арқылы ынталандыру және бағалау.

3) Жаңа тақырып

Сұрақтар

  • Сендер қандай ақын-жазушыларды білесіңдер?
  • Олардың қандай шығармаларын білесіңдер?
  • Бүгін аса көрнекті жазушы Сәбит Мұқановпен танысып, «Көкшенің көрінісі» мәтінін оқимыз.

Сәбит Мұқанов туралы қысқаша мәлімет

Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900–1973) — қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.

Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда дүниеге келген.

Көкшетау туралы түсінік

Көкшетау — Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан жақпартасты, орманды-көлді тау.

Ең биік нүктесі — Көкше шоқысы (947 м).

Сөздік жұмысы

Гауһар
асыл тас
Селеу
шөптің атауы
Құз
биік жартас
Сағым
алыстағы бұлдыр көрініс, елес

4) Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқушылар тізбекпен оқиды. Одан кейін топтық тапсырмалар орындалады:

1-топ

Табиғат туралы мақал-мәтел немесе көркем сөз айту.

2-топ

Туған жер туралы мақал-мәтел немесе көркем сөз айту.

3-топ

Отан туралы мақал-мәтел немесе көркем сөз айту.

4-топ

Сурет салып, жұмысты қорғау.

Сергіту сәті

Музыкалық жаттығу орындау.

5) Ойды қорытындылау

Тірек сызба арқылы сабақты жинақтау:

Көкшетау

табиғаты сұлу, орманды, тоғайлы; ауасы таза; көлдері шипалы.

Жеке батыр

Көкшетаудың көрікті нысандарының бірі.

Жұмбақтас

Табиғи тастан түзілген ерекше бейне.

Оқжетпес

Көкше өңіріндегі әйгілі шың.

6) Мадақтау және бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарына қарай бағалау жүргізіледі, үздік жұмыс жасаған оқушылар мадақталады.

7) Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Мазмұнын айту (мазмұндау).
  • Өз өңіріңдегі көрікті жерлер туралы шағын реферат жазу.