Көгілдір аспан әлемінің барша халықтарына ортақ
Тәрбиелік іс-шараның сипаттамасы
Тақырыбы
«Қанатты тұлпар — болашаққа үміт артатын жас ұрпақтың арманы» Қазақстан Республикасы Рәміздер күніне орай ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шара.
Мақсаты
- Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту.
- Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Еліміздің рәміздері туралы білімдерін тереңдету.
- Болашақта ел азаматына лайықты болуға тәрбиелеу.
Іс-шараның басталуы
Тәрбиеші: Бүгін «Айгөлек» тобының «Қанатты тұлпар — болашаққа үміт артатын жас ұрпақтың арманы» атты тәрбиелік іс-шарасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен бастаймыз.
Хор
«Менің Қазақстаным»
- Сөзін жазғандар
- Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев
- Әнін жазған
- Ш. Қалдаяқов
Жүргізуші: Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан тәуелсіздігін алып, бүгінде әлемге танылды. Қазақстан Республикасы қазір бай да бақытты, болашағы зор тәуелсіз, егемен ел. Тәуелсіздік дегеніміз — өз жеріміз, өз еліміз және өз рәміздеріміз: Туымыз, Елтаңбамыз, Гимніміз бар деген сөз.
Маңызды дерек: 2006 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Гимні қабылданды.
- Сөзін жазғандар
- Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев
- Әнін жазған
- Ш. Қалдаяқов
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Бұл — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Тудың түсі аспан түсіне ұқсайды: көк аспандай көгілдір. Ортасында күн шуағы, астында қыран бүркіт самғап ұшып келеді. Бұл — Қазақстанда тұратын барша халықтың өмірі гүлдей жайнап, қыран бүркіттей биікке самғасын деген тілек. Тудағы ою-өрнек ұлттық ерекшелікті айқындау үшін берілген.
Тақпақтар
Туымызға көгілдір Бір қарамай өтпейміз. Сол көк тудың астында Көгереміз, көктейміз.
Көк аспандай көкпеңбек — Қазақстан жалауы. Көк ол емес тектен-тек — Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, тұлпардың алтын қанаттары және бидайдың алтын масақтары бейнеленген. Көгілдір түс — барша халықтарға ортақ ашық аспанның белгісі, ал алтын түс — халқымыздың жарқын болашағын білдіреді.
Шаңырақтың шаттығы, Асқақтатып тұр мұны. Елтаңбасы елімнің — Елдің тыныш тірлігі.
Елтаңбасы елімнің, Неткен айбат, әдемі! Тұнығындай көңілдің, Ортада аспан әлемі.
Хор
«Елтаңбасы елімнің»
Көк байрақ — көк аспан, Алтын күн нұр шашқан. Әлемге танытқан — Тәуелсіз Қазақстан!
Құт-береке — шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ Екі жақтан көмкерген.
Жүргізуші: Бейбіт таңдар арайланып атады, Туған жерді аймалайды шапағы. Байтақ елім — Ұлы Қазақстаным, Ең бақытты балалардың Отаны!
Хор
«Біз бақытты балдырған»
Қорытынды ой
Жүргізуші: Тәуелсіздік — біздің басты ұранымыз. Көгілдір туымыз — болашаққа бастар бағымыз, нұрлы таңымыз. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын.