Дәптерлеріне жазу

Әулиекөл ауданы №2 Аманқарағай орта мектебі ММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Аяпбергенова Алмагүл Бахитжанқызы

Сабақтың тақырыбы

Мезгіл үстеу

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

Жалпы мақсат

  • Сөйлем ішінен мезгіл үстеуді табуға және оған дұрыс сұрақ қоюға бағыттау.
  • Оқушының ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру.
  • Сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Оқу нәтижелері

  1. 1 Үстеу сөздерді ажыратады.
  2. 2 Топтық жұмыс барысында оқушы деңгейі анықталады.
  3. 3 Нақты, шынайы тұжырым жасайды.
  4. 4 Өзін-өзі және топты бағалайды.

Түйінді идеялар

Үстеуді салыстыру, ажырату және теориялық материалды жүйелі түрде баяндау.

Сабақ барысы

Психологиялық дайындық

Армысың, алтын күн!

Армысың, алтын жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың, менің сыныбым!

Армысың, жан досым!

Міне, менің қолым — жылуыма жылу қос.

Қызығушылықты ояту

Сандар арқылы сабақтың тақырыбын анықтау: өсу ретімен орналастыр.

Сандар

15 · 26 · 5 · 71 · 66

Өсу ретімен қойып, жасырылған сөзді тап.

Әріптер

с т ү у е

Оқушылар дұрыс ретке келтіріп, тақырыпты шығарады.

Өткенді қайталау: сәйкестендіру тесті

Сөз табы Мысал
Зат есім Гүлдер, Алпамыс, шеге
Етістік Күлді, барма, секіріп жүр
Сын есім Сары, дәмді, көк ала
Сан есім Бесінші, алпыс, он
Есімдік Біз, мен, сен
Үстеу Тез, жазда, жоғары

Мағынаны тану: «Артық сөзді тап!»

Берілген сөздер қатарынан артық сөзді табыңдар. Ол қай сөз табына жататынын анықтап, сол сөздерді теріп жазыңдар.

1-қатар

Кітап, дәптер, парта, күндіз, өшіргіш.

2-қатар

Ақ, сары, ерте, көкшіл, күрең.

3-қатар

Басады, жүреді, ертең, отырады, жазады.

4-қатар

Жиырма, елу, түнде, бес, бір.

5-қатар

Мен, сен, ол, биыл, олар.

Талқылау сұрақтары

  1. 1 Бұл сөздерге сұрақ қоюға бола ма? Қай сұраққа жауап береді?
  2. 2 Олар қай сөз табына жатады? Мағыналық түрі қандай?

Ереже: мезгіл үстеу

Мезгіл үстеу қимылдың, амал-әрекеттің мезгілін, уақытын және мерзімін білдіреді. Қашан? Қашаннан? Қай уақытта? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі көбіне етістікпен тіркесіп қолданылады.

Мысалдар

  • таңертең тұрады
  • былтыр келді
  • кешке барды
  • күні-түні оқиды
  • ертең барады

Дәптермен жұмыс

Дәптерді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

Көркем жазу

Сәуірдің бесі. Сынып жұмысы.

Бб Б — Бүрсігүні, бұрын, бүгін, биыл.

Топтық тапсырмалар

Тапсырмалар ауызша тексеріліп, жауаптар дәптерге жазылады.

1-топ: сөзжұмбақ (жұмбақ) жауаптары

Жауаптарды тауып, мезгіл үстеулер кездессе, дәптерге көшіріп жазыңдар.

Күндіз-түні жүреді,

Сырғымайды бір елі. (сағат)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)

Қыста сұйықты аузына алмайды,

Жазда қанша ішсе де, суға шөлі қанбайды. (жер)

2-топ: тіркестіріп жазу

Мезгіл үстеуге сәйкес келетін етістікті тауып, бағыттау сызығымен байланыстыр.

Мезгіл үстеулер

  • Ендігәрі
  • Қыстыгүні
  • Таң сәріде
  • Қазір
  • Баяғыдан
  • Әлгінде

Етістіктер

  • үндемеймін
  • сырғанадық
  • ояндым
  • айтам
  • танимын
  • айттым

3-топ: мақалмен жұмыс

Мақалды көшіріп жазыңдар. Мезгіл үстеулерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсетіңдер.

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады.

Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

4-топ: сөздерді тіркестір

Сөздерді етістіктермен тіркестіріп жазыңдар және сұрақ қойыңдар.

Былтыр Күндіз Ерте Жаздай

Сұрақтар: қашан? қай уақытта? қашаннан?

Қорытынды: семантикалық карта

Берілген сөздерді тиісті сөз табына орналастырыңдар.

Сөздер Сан есім Үстеу Зат есім Сын есім Етістік
Оқыды
Жазушы
Қызыл
Жүз бес
Күндіз

Ескерту

Қажет болған жағдайда сабақ материалдарының толық нұсқасын және слайдтарды бөлек жүктеуге болады.