Пысықтау сұрақтарын қою

Қазақ тілі · 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тейквондомен шұғылдану. Күрделі сөздер туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Тақырып бойынша мәлімет беру.
  • Оқу техникасын жетілдіру, аударма жұмысына назар аударту.
  • Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты ретімен баяндауға үйрету.

Дамытушылық

  • Жазба тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін қалыптастыру.
  • Ой-өріс пен есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Сөздік қорды байыту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Көрнекілігі
Оқулық, суреттер, грамматикалық кесте.

Пәнаралық байланыс

  • Орыс тілі
  • Дене шынықтыру

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін анықтау.
  3. Сыныптың назарын сабаққа бағыттау.

II. Өткен сабақты қайталау және пысықтау

Пысықтау сұрақтары:

  • Термин сөздер дегеніміз не?
  • Олар қалай жасалады?
  • Етістің неше түрі бар?
  • Ырықсыз етіс дегеніміз не?
  • Ырықсыз етіс қалай жасалады?

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру

1) Грамматикалық тақырып

Күрделі сөз — кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөз. Күрделі сөздің 4 түрі бар: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз.

ата-ана бала-шаға Ақмарал ақбөкен ҚазҰУ

2) Лексикалық тақырып бойынша жұмыс

Тақырыпқа қатысты сөздерді түсіндіру, сөйлеу дағдыларын дамыту және мәтін мазмұнын талқылау.

3) Сөздікпен жұмыс

Қазақша Орысша
Жау враг
Жаттықтырушы тренер
Шабуыл нападение
Нұсқаушы инструктор
Ұстамдылық выносливость
Ресми официально

4) Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді түсініп оқу.
  • Аудару және мазмұнын талдау.

5) Деңгейлік тапсырмалар

III деңгей

  1. Сұрақтарға жауап беріңдер:
    • Тейквондоның адамға қандай пайдасы бар?
    • Қазіргі таңда осы спорт түрімен қанша адам шұғылданады?
    • Тейквондоның Дүниежүзілік федерациясының штаб-пәтері қай қалада, қай елде орналасқан?
  2. Мәтіннен реттік сан есімдерді теріп жазып, сөзбен жазыңдар.

II деңгей

  1. Тейквондо спорты туралы әңгімелеңдер, пікір алмасыңдар.
  2. Спортқа қатысты термин сөздерді теріп жазып, сол сөздермен сөйлемдер құраңдар.

I деңгей

Тейквондо спорты туралы қосымша мәлімет жинаңдар.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, орыс тіліндегі аудармасын табыңдар.

1-тапсырма

  1. Түсіңе сенбе, күшіңе сен.
  2. Күшенген жеңбейді, күші көп жеңеді.
  3. Әр нәрсе сынарда өзінен мықтыға жолығады.

V. Сабақты қорыту

Пысықтау сұрақтары:

  • Тейквондо неге қызмет етеді?
  • Тейквондомен шұғылданудың пайдасы неде?
  • Қазір тейквондомен әлемде қанша адам шұғылданады?
  • Тейквондоның Дүниежүзілік федерациясының штаб-пәтері қай қалада, қай елде орналасқан?

VI. Үй тапсырмасы

Тапсырма: мәтінді әңгімелеу.

Оқулық: 157-бет, 2-тапсырма.

VII. Бағалау

Оқушылардың жұмысы сабақ барысында орындалған тапсырмалар мен жауаптардың сапасына қарай бағаланады. Қажет болған жағдайда сабақ жоспарының толық нұсқасы қарастырылады.